Хром және оның қосылыстары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3С d-элементтері және олардың қосылыстары

Мектеп: "Көкшетау ФМБ НЗМ"

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Хром және оның қосылыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.27 Хром және оның қосылыстарының қасиеттері мен қолданылуын білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Хромның физикалық қасиеттерін сипаттай алады
  • Хромның қосылыстарындағы тотығу дәрежелерін анықтай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Хромның әр түрлі тотығу дәрежесіне сәйкес химиялық қосылыстарының қасиеттерін сипаттай алады
  • Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, өнімдерді атай алады
  • Хромның және оның қосылыстарының қолданылуын түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

  • Хром қосылыстарының тотығу-тотықсыздану реакциясына түсу қабілетіне баға береді
  • Түстеріне сәйкес қосылысты анықтай алады

Жетістік критерийлері

  • Хромның физикалық қасиеттерін айыра алса, оған сәйкес қолданысын ұсына алса
  • Хромның қосылыстарының түстерінің әр алуандылығымен ерешеленетін сипаттай алса
  • Периодттық кестені қолданып, хромның химиялық қасиеттерін болжай алса
  • Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, өнімдерді атай алса
  • Хромның оксидтерінін, гидроксидтерінін қасиеттерін тотығу дәрежелеріне сәйкес жіктей алса.

 Тілдік мақсаттар

 

Терминология: хром, бихромат, дихромат, екідайлы, хромит, крокоит

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Хромның тотығу дәрежесі ... сайын, .... қасиеті ....

Хромның (ІІ) оксиді .... оксид

(ІІІ) оксиді .... оксид

(VІ) оксиді .... оксид

Құндылықтарды дарыту

Бірін-бірі сыйлау, көзқарасын қорғай білу, басқалардың көзқарасын сыйлау, ұқыптылық,

Пәнаралық байланыстар

Физика – хромның физикалық қасиеттері

Математика – тотығу дәрежелерін анықтау

Орыс тілі – орыс тіліндегі бейнебаяннан ақпаратты өндей алу

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта, бейнебаяндар

Бастапқы білім

10.2.1.24 d-элементтерінің периодты кестеде орналасуы

10.2.1.7 Қазақстандағы көздері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

Стартер: Хромның әр түрлі қосылыстары беріліп, оқушылар ондағы хромның тотығу дәрежелерін анықтайды: CrCl2, CrCl3, K2CrO4, (NH4)2Cr2O7

Химиялық “жанартау” экспериментін көрсетіп, түзілген өнімдерді болжауларын сұрау. Оқушылар реакция теңдеуін жазып, хромның тотығу дәрежесінін өзгерісін анықтайды (бейнебаяды көрсетуге болады)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге анықтау

https://www.youtube.com/watch?v=SugELKNxBQc

5 минут

Хромның физикалық қасиеттері. Хромның табиғаттағы таралуы, көп кездесетін қосылыстарының формуласы мен суреттері

Өткен сабақта өткен мырыш пен мыстың физикалық қасиеттерімен салыстыру. Негізгі өзгерістерін ортаға салып, талдау

Мұғалім оқушылардың назарын аудары қажет:

  • Балқу және қайнау температуралары, жылуөткізгіштігі, электрөткізгіштігі

Бұл мәліметтерді мыспен және мырышпен салыстырып, қажетті қорытынды жасайды

Презентация

слайдтар № 1-4

3 минут

Хромның металлургияда болат жасағанда қолданылуы. Құрамында хромы бар әр түрлі құймалар көрсетіледі.

Мұғалім оқушылардың назарын аудары қажет:

  • Хром бар құймалардың жоғарғы температураға төзімділігі, болаттың беріктігін арттыруы

Презентация

слайдтар № 5-8

5 минут

Оқушылар шағын (3) топтарда берілген тапсырмаларды талқылайды:

  • Хром атомының электрондық құрылысын көрсету. Мүмкін болатын тотығу дәрежелерін болжау
  • Хромның кернеулік қатарында орналасуына қарап, металдық белсенділігін болжау.

Хромның электрондық құрылысындағы ерекшеліктеріне назар аударту.

Металлдардың кернеулік қатары: дидактикалық материалдар,

Презентация

слайдтар №9-10

9 минут

«Мозаика» оқыту стратегиясы бойынша топтық жұмысты ұйымдастыру.

Топтардың құрамын өзгертіп, жұмысты жалғастыру: 1 топқа - Хром (II) қосылыстары, 2 топқа - Хром (III) қосылыстары, 3 топқа - Хром (VI) қосылыстары туралы ақпарат ұсынылады. Оқушылар топтың ішінде талқылайды.

Содан соң топтардың құрамы өзгеріп, топтардың мүшелері бір-біріне хромның әр түрлі тотығу дәрежесіндегі қосылыстары туралы ақпаратпен бөліседі.

Оқушылардың көңілін хром оксидтерінің негіздік, қышқылдық, амфотерлік қасиеттеріне аудару қажет.

Бірін-бірі оқыту және бағалау жүзеге асырылады.

Дидактикалық материалдар тапсырма №2

6 минут

3 топпен жұмысты жалғастыру:

Хром элементінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын бейнебаян ұсынылады.

Бейнебаянды қарағанда, оқушылар, келесі сұрақтардың жауабына көңіле аударсын:

  • Мосс межелігі бойынша, хром басқа металдармен салыстырғанда қандай қасиетке ие?
  • Оны қалай дәлелдеуге болады?
  • “Хром” деген сөздің мағынасы қандай?
  • Лабораторияда хромның қай қосылысын көп қолданады?
  • Дихроматтағы хромның тотығу дәрежесі қандай? Түсі қандай?
  • Оған сілті қосқанда қандай реакция өтеді? Түсі қалай өзгереді?
  • Хром (ІІІ) оксидінін қандай ерекше қасиеті бар? Қандай реакциялармен дәлелдеуге болады?
  • Хром (ІІ) қосылыстарының түсі қандай?

Сұрақтардың жауаптарын топтарда талқылап, қорытындылау

https://www.youtube.com/watch?v=ODFNQIn39JI

3 минут

Топтарда, келесі түрлендірулерді жүзеге асырып, түзілген өнімдердің атын атау қажет:

1 топ: (б) реакциясын, Хром (III) оксиді мен негіз және қышқылмен реакциясын

2 топ: (в) реакциясын, Хром (VI) оксиді мен сілтімен арасындағы реакция

3 топ: (а) реакциясын, Хром (II) оксиді мен қышқылмен реакциясын

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруіне негізделген.

Кейбір оқушыларға жеке қолдау көрсетіледі, ал санаулы оқушылар өз шешімдерін ұсынады

Құйма және олардың қолданылуы туралы білімдерінің деңгейлері бағаланады.

Металдардың химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жазу біліктері бағаланады

Бірі-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері қолданылады

Сергіту белсенді оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады

Қауіпсіздік техникасы ережелері: эксперимент кезінде оқушылар қорғаныш көзілдірігін киюлері қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?