Галоген қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4.А | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Галоген қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.5 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын біледі; -период бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| галоген, галогенидтер, ығысу, диспропорциялану, уытты, өңдеу Галогендер – Галогены – Halogens Фтор – Фтор – Fluorine Хлор – Хлор – Chlorine Бром – Бром – Bromine Йод – Йод – Iodine Астат – Астат – Astatine | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту қоршаған ортаны қорғауға оқушының көзқарасы арқылы/көмегімен жүзеге асады | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика - сабақ барысы | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға көрсетілімдер, атап айтқанда кремний және оның қосылыстарының қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамалары, олар туралы статистикалық деректер көрсетіледі. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин | Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру. Суретте не көрсетілген? Бүгінгі сабақ тақырыбын анықтап көрейік? Периодтық кестедегі элементтердің топ және период бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығы бейнеленген. Сабақ тақырыбы мен мақсаты айқындалады. | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3-6 мин 6-10 мин 10-12 мин 12-15 мин 15-20 мин 20-24 мин 24-37 мин | Активити 1 (С) Кестеде берілген мәндерге қарай отырып галогендердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіріңіз. Дескриптор: Галогендердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын кестедегі мәндерге қарай отырып сипаттайды. Активити 2 (Жж)Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай) галогендердің қасиеттерінің заңды өзгеру тенденциясын жазыңыз: А) атом құрылысындағы электрон саны В) атомдарының радиусы С) химиялық белсенділігі (реакцияға түсу қабілеті) D) электртерістілік F) бейметалдық, металдық қасиеттер G) тотықтырғыш қасиеті, тотықсыздандырғыш қасиет H) электрондық қабат саны Дескриптор: -галогендердің қасиеттерінің өзгерісін сипаттайды. (С) сұрақ: Галогендер қасиеттерінің заңды түрде өзгеруінен астаттың физикалық, химиялық қасиеттеріне болжам жасауға бола ма?. Активити 3. Периодтық кестемен жұмыс (Жж) Оқушыларға ↑ және ↓ белгілері беріледі.Оқушылар төмендегідей сұрақтарға осы белгілер арқылы жауап береді. 1.Топ бойынша металдық қасиеті .. .артады? (жоғарыдан төмен қарай) 2.Топ бойынша металдық қасиеті ... кемиді? (төменнен жоғары қарай) 3.Топ бойынша атом радиусы ... артады? (жоғарыдан төмен қарай) 4.Топ бойынша атом радиусы ... кемиді? (төменнен жоғары қарай) 5.Период бойынша атом радиусы ...кемиді? (солдан оңға қарай) 6.Период бойынша металдық қасиет кемиді? (солдан оңға қарай) 7. Период бойынша бейметалдық біртіндеп артады? (солдан оңға қарай) Дескриптор: -↑ және ↓ (артады, кемиді) белгілері арқылы жауап береді (Т) Тапсырма: Атом радиусы, иондану энергиясы, электртерістілік, электронтартқыштық және галогендердің реттік нөмірі шамалары арасындағы тәуелділіктің графигін құрыңыз. (С) Оқушыларға тапсырманың осындай түрін ұсыныңыз: Дифференциация: А. Топтағы галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері қалай және не себептен өзгереді; В.Фтордың байланыс энергиясы хлорға қарағанда не себептен аз түсіндіріңіз; (немесе не себептен сутек және галогендер молекулаларында байланыс энергиясы төмендегі мәндермен сипатталады ):
С. сутек молекуласында галогендерге қарағанда байланыс энергиясы мәні неліктен үлкен және реттік нөмірінің өсуімен байланыс энергиясы галогендер молекуласында алдымен артып, содан кейін кемуінің себебін түсіндіріңіз. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары. | Теориялық материал: Байланыс энергиясы және оның ұзындығы галогендер молекуласында қалай өзгереді. http://science-konspect.org/?content=396 Теориялық материал : галогендер және олардың қосылыстары: http://school-sector.relarn.ru/nsm/chemistry/Rus/Data/Text/Ch2_4.html Галогендер химиясы: http://chemistry-chemists.com/N1_2010/92-107.pdf | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия Сабақ мақсатына қайта оралу, бағалау критерийлерінің орындалуы.
| |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Кремнийдің маңызды қосылыстарымен танысады және олар туралы оқу мақсатына сай ақпараттар біледі. Көптеген оқушылар: Кремнийдің оксиді және карбиді туралы жан-жақты ақпараттарға ие болады және оларды салыстырмалы түрде талдай алады. Кейбір оқушылар: Оқу мақсатын толыққанды түсінеді және өздерінің түсінгендерін өзге құрбыларына түсіндіріп бере алады. | Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?