Галоген қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Химия, 10 сынып, қосымша материал 3.


17-топ элементтерін галогендер (грек. «тұз түзушілер») деп атайды. Бұл галогендердің көптеген қосылыстары көптеген металдармен қосылып типтік тұздар түзуіне байланысты.

Өкілдері: фтор (F), хлор (Cl), бром (Br), йод (I), астат (At).

Электрондық конфигурациясы... ns2np5 тең, яғни сыртқы энергетикалық қабатында жеті валенттік электроны болады.

F – ... 2s22p5; Cl – ... 3s23p5; Br – ... 4s24p5; I – ... 5s25p5; At – ... 6s26p5

Сәйкесінше:

  • атом радиусы ұлғаяды;
  • иондану энергиясы кемиді;
  • электронға тартылу энергиясы кемиді (бірақ F < Cl);
  • электртерістілігі кемиді;
  • бейметалдық қасиеті әлсірейді;
  • металдық қасиеті күшейеді;
  • қаттылығы, қайнау және балқу температурасы жоғарылайды;
  • тотықтыру қасиеті кемиді.
  • Табиғатта галогендер химиялық белсенді болғандықтан қосылыс түрінде кездеседі.
  • Галогендер тұрақсыз ковалентті полюсті екі атомды молекуладан тұрады, олар атомдарға оңай ыдырайды, химиялық белсенділікті қамтамасыз етеді. Кристалдық торы молекулалық болады.
  • Галогендер күшті тотықтырғыш болғандықтан барлық металдармен және бейметалдармен әрекеттеседі, бірақ оттек, көміртек, азот және инертті газдармен әрекеттеспейді. Сілтілік және сілтілікжер металдармен иондық галогенидті тұздар түзеді, қалғандарымен коваленттік байланыс түзеді. Фтор жоғары тотықтырғыш қасиет көрсеткендіктен, алтын және платинамен қыздырғанда реакцияға түседі.
  • Фтормен инертті газдар, азот, оттек, алмаз, көмірқышқыл газымен және тұншықтырғыш газбен әрекеттеспейді.
  • Металдық қасиет көрсететін, астат, молекулалық формада сулы ерітінділерден бірден буланатын ерекше қасиетке ие, ондай қасиет ешқандай танымал элементтерде жоқ.
  • Барлық галогендер түрлі түсті газдар түзеді.
  • Барлық галогендер улы, улылығы фтордан йодқа кемиді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру