алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А Химиялық тепе-теңдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау.

Сабақ мақсаттары

- химиялық тепе-теңдік ұғымын түсіну;

- Ле Шателье принципін ескере отырып тепе-теңдік ығысуын болжау;

- жағдайларды өзгерту арқылы тепе-теңдікке әсер еткендігін анықтау.

Бағалау критерийлері

- Ле Шателье принципін қолдана отырып тепе-теңдік ығысуын болжайды;

- химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторларды анықтайды;

- жағдайларды өзгерту арқылы тепе-теңдікке әсер еткендігін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алуы керек:

химиялық тепе-теңдіктің ығысу себептерін түсіндіру және берілген факторлардың әсерін сипатттау

Пәнге тән лексика мен терминология:

тепе-теңдік, статикалық, динамикалық, тепе-теңдік константасы, қайтымды, катализатор, Габер үдерісі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Температураны жоғарлатқанда/ төмендеткенде тепе-теңдік ............. реакция бағытына қарай ығысады.

Тақырыпқа сәйкес үш тілдік терминдердер тізімі:

Тепе-теңдік

Равновесие

Equilibrium

Динамикалық процесс

Динамический процесс

Dynamic process

Концентрация

Концентрация

Concentration

Реагенттер

Реагенты

Reactants

Өнімдер

Продукты

Products

Температура

Температура

Temperature

Қысым

Давление

Pressure

Қайтымды

Обратимый

Reversible

Қайтымсыз

Необратимый

Nonreversible

Тура реакция

Прямая реакция

Forwards reaction

Кері реакция

Обратная реакция

Reverse reaction

Ле Шателье принципі

Принцип Ле Шателье

Le Chatelier’s Principle

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында білім құндылықтары:

- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;- Құрметтеу;

- Сыйластық;- Ынтымақтастық;- Ашықтық;- Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Бейнересурстар, цифрлі білім беру ресурстары (BilimLand.kz), презентация

Бастапқы білім

9.1А Электролиттік диссоциация

10.1B Стехиометрия

10.2B Термодинамикаға кіріспе

10.2C Кинетика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен амандасу.

2) Оқушыларды түгелдеу.

3) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

(P) Оқушылардың алдыңғы білімдері бойынша кері байланыс ретінде жұптарда интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындайды.

Орындалу уақыты: 4 минут

Тапсырма. Берілген химиялық реакция теңдеулерін қайтымды/қайтымсмыз реакцияларға жіктеңіздер:

  • NaOH(с.е.) + HCl(с.е.) → NaCl(с.е.) + H2O(с.)
  • N2(г) + 3H2(г) → 2NH3(г) (қайтымды)
  • AgNO3(с.е.) + NaCl(с.е.) → AgCl(қ.) + NaNO3(с.е.)
  • SO3) + H2O(с.) → H2SO4(с.е.)
  • CH4) + 2O2) → CO2) + 2H2O(с.)
  • BaO(қ.) + H2SO4(с.е.) →BaSO4(қ.) + H2O(с.)
  • 2HCl(с.е.) + Na2CO3(с.е.) → 2NaCl(с.е.) + CO2(г) + H2O(с.)
  • 2SO2) + O2) → 2SO3) (қайтымды)
  • 2C2H6) + 7O2) → 4CO2) + 6H2O(с.)

(W) Жаңа тақырыпқа шығу:

Берілген сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтаңыз.

*Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерін және жаңа терминдермен таныстыру.

Презентация «Химиялық тепе-теңдік. Ле Шателье-Браун принципі»

1-6 слайдтар

Сабақтың ортасы

8-12 мин

13-36 мин

(W) Проблемалық сұрақ: Химиялық реакцияларды тепе-теңдік бағытын өзгертуге болады ма?

*Ле Шателье-Браун принципін слайдтағы ақпарат бойынша талдап өтіңіз.

**Оқушыларға ақпараттық парақтарды үлестіру.

(G) Топтық жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөлу қажет. Оқушылар теориялық ақпаратты пайдалана отырып, ұсынылыған тапсырмаларды орындайды.

Орындалу уақыты: 15 минут

*Уақыт аяқталуымен топтар түрлі түсті қаламдардың (мысалы, 1-топ қызыл, 2-топ қара, 3-топ көк сиялы қаламдар) көмегімен басқа топтың жұмыстарын өзара тексеруі қажет.

Тексеру уақыты: 7 минут

**Оқушыларға топтық жұмыс нәтижесі бойынша ауызша кері байланыс беріп өту қажет.

***Презентацияның 12-17 слайдтарындағы ақпартты топтарда қиындықтар туындаған жағдайда қарастырып өтуге немесе бейнебаяндарды қолдануға болады.

Пайдалы сілтеме (ағылшын тілінде):

https://www.youtube.com/watch?v=7zuUV455zFs

Бейнересурстар 1,2,3

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс. Сабақ мақсаттары және бағалау критерийлеріне қайта оралу.

Үй жұмысын түсіндіру өту:

*Ле Шателье принципі біздің өмірімізге қалай әсер етеді?

**Өз жауабыңызды мысал арқылы дәлелдеңіз (мысал химияға байланыссыз болуы қажет)

Слайд 18

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

-химиялық тепе-теңдік ұғымын түсіндіре алады;

-химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторларды атайды.

Көбісі:

-Ле Шателье-Браун принципіне сәйкес химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын болжау және түсіндіре алады.

Кейбіреулері:

-тепе-теңдік константасының өрнегін 2-3 химиялық реакция үшін анықтай алады.

Сабақ барысында оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеру деңгейі: ауызша жауаптарын тыңдау, жазбаша тапсырмаларды орындауы арқылы бағалады.

Сабақ барысында оқушылардың денсаулығына кері әсер келтіретін іс-әрекеттер жүргізілмейді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы