алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жану өнімдері бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, қосымша материал 2.


Жану реакциясы бойынша көмірсутектің формуласын анықтауға есептеулер

  • 40 cм 3 газтәрізді көмірсутек 400 cм 3оттектің артық мөлшерімен қоспасы қопарылды. Суығаннан кейін 80 cм 3 оттек пен 200 cм 3 көміртек диоксиді қалды. Белгісіз көмірсутектің формуласын анықтап, жану реакциясы теңдеуін жазыңыз. Барлық көлемдер бөлме жағдайында өлшенген.(С5Н12)
  • 20 cм 3 газтәрізді көмірсутек 240 cм 3оттектің артық мөлшерімен қоспасы қопарылды. Суығаннан кейін 50 cм 3 оттек пен 120 cм 3 көміртек диоксиді қалды. Белгісіз көмірсутектің формуласын анықтап, жану реакциясы теңдеуін жазыңыз. Барлық көлемдер бөлме жағдайында өлшенген.(С6Н14)
  • Массасы  4,25 г  көмірсутекті жаққанда  13,2 г  көміртек(ІV) оксиді және  5,85г  су  түзілді. Көмірсутектің ауа бойынша тығыздығы  5,862- ге тең. Көмірсутектің қарапайым формуласын табыңыздар.                      Жауабы: C12Н26.
  • Органикалық заттың азот бойынша тығыздығы 2-ге тең. Осы қосылыстың 9,8 грамын жаққанда 15,68 л көмірқышқыл газы (қ. ж) және 12,6 г су түзілді. Органикалық қосылыстың молкекулалық формуласын табыңыз. Жауабы: (С2Н4)

Алгоритм -1 (1-мысал)

1.Белгісіз көмірсутектің жану реакциясы теңдеуін жазу

СхНy + О2=xCO2 + y H2O

2. Сәйкесінше көлемдерін реакциядағы заттардың үстіне жазу

3. Берілген көлемдерді ең кіші сандарға дейін қысқарту, жоғарыдағы мысалда 40-қа қысқарту

4. Бұл сандар көлем болғандықтан, оларды зат мөлшері ретінде қабылдауға болады. Сондықтан реакциядағы зат мөлшерлері ретінде жазып аламыз.

СхНy + 8О2=5CO2 + y/2 H2O

5. x=5 y- ті табу үшін реакциядағы оттек саны бойынша есептеу жүргіземіз.

Алгоритм -2 (3-мысал)

  • Заттың молярлық массасы мен зат мөлшерін есептейміз:

M(зат)  = D*Mауа = 5,862· 29 = 170 г/моль

υ(зат ) = m / = 4,25 г / 170 г/моль = 0,025 моль

  • CH зат мөлшерлерін формулаларды қолданып табамыз

υ =  V/Vm    немесе        υ = m/M

 

υ(C) = υ(CO2)V/Vm =13,2г / 44=0,3 моль

υ(H) = 2 · υ(H2O) = 2 · m/M = (2 · 5,85 г) / 18 г/моль = 0,65 моль

  • Зат формуласында оттектің бар жоғын тексереміз

 

m(C) = υ(C) · M(C) = 0,3 моль · 12 г/моль = 3,6 г

m(H) = υ(H) · M(H) = 0,65 моль · 1 г/моль = 0,65 г

m(O) = m(зат) – (m(C) + m(H)) = 4,25 г – (3,6 г + 0,65 г) = 0 г, 

4. Формуланы анықтаймыз

υ(CxHy) : υ(С) : υ(Н) 0,025 : 0,3 : 0,65 = 1 : 12 : 26(бүтін санға келтіру арасындағы ең кіші сан 0,025-ке барлығын бөліп шықтық)    Демек, 1 моль зат құрамында 12 моль көміртек және 26 моль сутек бар, анықталған формула С12Н26.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы