Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім атауы: 10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1 жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу;

10.3.1.2 химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін түсіндіру;

10.3.1.3 химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу.

 Сабақтың

 Мақсаттары

- жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу;

- химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін түсіндіру;

- химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептей алу.

 Жетістік

 критерийлері

- жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктейді;

- химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін түсіндіреді;

- химиялық реакциялардың жылу эффектісін есептейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады, сабақ кезінде қойылған сұрақтарға жауап береді, пәнге қатысты терминологияны қолданып, сұрақтарға жауап береді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылу эффектісі

Тепловой эффект

Thermal effect

Экзотермиялық реакция

Экзотермическая реакция

Exothermic reaction

Эндотермиялық реакция

Эндотермическая реакция

Endothermic reaction

Жылу бөлінеді

Тепло выделяется

Heat is released

Жылу сіңіріледі

Тепло поглощается

Heat is absorbed

Термохимиялық теңдеу

Термохимическое уравнение

Thermochemical equation

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл химиялық реакция экзотермиялық / эндотермиялық , себебі реакция нәтижесінде жылу / энергия бөлінеді / сіңіріледі.

 Құндылықтар

Өмір бойы білім алу – кезкелген реакция экзо - / эндотермиялық бола алады;

Құрметтеу – бір – бірлерінің пікірлерін тындай алу;

Ынтымақтастық – топта, жұпта жұмыс істеу білу.

 Пәнаралық байланыс

Физика – бір энергия түрінің екінші энергия түріне айналу;

Биология – табиғаттағы процестер жылудың бөлінуімен немесе сіңірілуімен жүреді;

Математика – химиялық реакция нәтижесінде бөлінетін / сіңірілетін жылу мөлшерін есептеу .

 Осыған дейін меңгерілген білім

7.3А Химиялық реакциялар

8.2В Стехиометриялық есептеулер

8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

9.1A Электролиттік диссоциация

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері

Дерек көздер

Сабақтың басы

5минут

Амандасу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

(Оқушылар берілген сөздерді қолданып, бір-біріне жақсы тілек айтады. Мысалы: химия, қалам, оттек, қызыл, сағат, дос, аяз, гүл т.б.)

Тақырып пен мақсаттарды анықтау. 5минут

  • Жылу бөлінуімен және сіңірілуімен жүретін реакцияларды білесіңдер ме? Мысал келтіріңдер.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау

Презентация

Сабақтың ортасы

30минут

Ақпаратпен жұмыс. 10минут (оқушылар «Инсерт» стратегиясын қолданып, ақпаратты оқып, талқылайды.)

«V» - таныс ақпарат

«+» - жаңа ақпарат

«-» - қарамайшылық тудыратын ақпарат

«?» - қызықты / көбірек білгісі келетін ақпарат

Тапсырма орындау. 10 минут

№1 тапсырма

Берілген реакцияларды экзо - / эндотермиялық деп жіктеңдер. Сәйкес типіне «+» таңбасын қойындар.

Химиялық реакция

Экзотермиялық

Эндотермиялық

2 H2+ O2= 2 H2О

+

С + 2H2 = CH4

+

СаCO3 = СаO + CO2

+

С + СО= 2СО

+

№2 тапсырма

Сөйлемдерді аяқтаңдар.

................................ - энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуын зерттейді. Сырттан жылуды қажет ететің реакция - ............................ реакция деп аталады. Керісінше, жылу бөле жүретін реакция - .......................................... реакция деп аталады. Термохимиялық теңдеу бұл реакцияға түскен бір моль заттын ........... ................. көрсетілген теңдеу.

Бағалау:

  • Оқушылармен бірге дескрипторларды құрастыру:
  • Экзотермиялық және эндотермиялық реакция теңдеулерді дұрыс анықтады;
  • Сөйлемдерді дұрыс аяқтады;
  • Өзін –өзі бағалау (тапсырманың дұрыс жауабын презентацияда көрсету)
  • Кері байланыс орнату (Қате жіберілген тапсырмаларды талқылау, дұрыс жауап берген үшін мадақтау)
  • Тиімді сұрақтар қою:
  • Неге бұл реакция экзотермиялық / эндотермиялық болып келеді?
  • Реакция теңдеуі бойынша реакцияның типін (экзотермиялық / эндотермиялық) анықтауға болама?

Саралау тапсырмалар орындау.10минут (кім жылдам?)

  • Н2 + I2 → 2HI – 50кДж термохимиялық теңдеу бойынша 3моль сутек реакцияға қатысса, қанша энергия бөлінетінің есептеңдер. (Жауабы: 150кДж)
  • СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О+ 892кДж термохимиялық теңдеу бойынша 4кг метан жанса, қанша жылу бөлінеді? (Жауабы: 223000кДж)
  • Мыс оттекпен әрекеттескенде, 69кДж энергия бөлінді. Егер реакцияның термохимиялық теңдеуі мынадай болса: 2Сu +O2 → 2CuO + 276 кДж қанша грамм мыс реакцияға түсті. (Жауабы: 16г)
  • Көлемі 67,2л (қ.ж.) азот оттекпен әрекеттескенде 542,4кДж энергия сіңірілді. Термохимиялық реакция теңдеуін құрастырыңдар. (Жауабы:

N2 + O2 → 2NO – 180.8кДж)

  • Массасы 64г күкірт оттекпен әрекеттескенде, 592 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық реакция теңдеуін құрастырыңдар. (Жауабы:

S + O2 → SO2 + 296кДж)

Бекіту сұрақтары:

1. Қандай реакция экзотермиялық деп аталады?

2. Қандай реакция эндотермиялық деп аталады?

3. Жылу эффектісі деген не?

4. Термохимиялық теңдеудің ерекшелігі неде?

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

- не білдім, нені үйрендім

- не түсініксіз болды

- не бойынша жұмыс жасау керек

Үй жұмысы: Термохимиялық теңдеу бойынша есептер шығару.

  • C + O2 → CO2 +412 кДж, термохимиялық теңдеуін ескере отырып, 206кДж жылу бөлінсе, көмірдің қандай массасы жанғанын анықтаңдар.
  • Массасы 1,2г магнийді оттекте жаққанда, 30,1кДж жылу бөлінді. Магнийдің жану реакциясының термохимиялық теңдеуін құрастырыңдар.

Презентация

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Оқушыларға көмек көрсету үшін, есеп шығару алгоритмін көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар қысқа уақытта көбірек есептер шығарады.

Бірін-бірі дескрипторлар бойынша бағалау

- интербелсенді тақтамен 15-20минут жұмыс істеу

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?