"Химиялық реакцияның жылу эффектісі және оның мәні. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
Химиялық реакцияның жылу эффектісі және оның мәні.
Сабақ мақсаттары
10.3.1.1 Химиялық реакцияның жылу эффектісіне сай экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату
10.3.1.2 Химиялық реакцияның жылу эффектісінің мәнін түсіндіру
10.3.1.3 Химиялық реакцияның жылу эффектісінін есептеу
Жетістік критерийлері
- заттар жанған кезде энергия бөлінентінін білсе,
-экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырата алса,
-химиялық реакциядағы энергияның сақталуын және айналуын түсінсе,
-химиялық реакцияның жылу эффектісінін есептей алса.
Миға шабуыл
1.Сусыз мыс сульфатына су тамызғанда не байқалады?
Егер осы мыс сульфатын қыздырсақ қандай құбылысты байқауға болады?
Тапсырма:
Осы екі жағдайдағы( заттың еруі және затты қыздыру кезіндегі)энергия өзгерісін затты құраушы бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер
Жылу айналадағы обьектілердің температурасын өзгертеді .
Егер жылу обьектіден қоршаған ортаға өтетін болса , онда обьектінің маңайы жылынады да обьектінің өзі салқындайды. Ал егер керісінше қоршаған ортадан обьектіге (дененге) өтетін болса онда обьекті жылынып , ал маңайы салқындайды.
Жылу , энергия сіңірілген кезде обьектінің жалпы ішкі энергиясына әсер етеді. Олай болса ішкі энергия дегеніміз не?
Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген
Ішкі энергия - денені құрайтын бөлшектердің өзара әсері және қозғалыс энергиясы
немесе
дененің ішкі энергиясы – бұл денедегі молекулалардың қозғалысының кинетикалық энергиясы мен олардың өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы
Температураны арттырған кезде бөлшектер тез қозғала бастайды, яғни кинетикалық энергияның (ішкі энергияның ) ұлғаюына әкеледі. Бөлшектердің жылдам қозғалуы температураның артуы ретінде көрінеді.
Энергия , жылу ретінде бөлініп шыққан кезде обьектінің жалпы ішкі энергиясының төмендеуіне әкеледі.
Кинетикалық энергия ішкі энергияның бір түрі болып саналатындықтан обьектіден жылудың бөлінуі оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының төмендеуіне әкеледі.
№ 1 Зертханалық жұмыс «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»
Жұппен зерттеу жұмысын жүргізеді
Жұмыс барысы:
1. Сынауыққа қалақшаның ұшымен магнийді салыңдар да үстіне 1-2 мл тұз қышқылын құйыңдар Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар.
2. Сынауыққа аммоний нитратының 1 грамын салып оған 5 мл су құйыңдар. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
3. Сынауыққа 1 г натрий карбонатын салып оған 1-2 мл сұйылтылған сірке қышқылын құйыңдар. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
4. Сынауыққа қатты натрий гидроксидінің 1 грамын салып оны суда ерітіңдер. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
5. Сынауыққа қатты калий хлоридін 1 грамын салып оны суда ерітіңдер. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
Жасалған тәжірибе негізінде мақсатқа сай қорытынды жазыңдар:
Қандай тәжірибеде тек қана физикалық өзгеріс болды?
Қандай тәжірибеде физикалық -химиялық өзгеріс болды?
Жұпта және топта талқылау реакцияның жүру белгілері (Газ, тұнба, жылу, жарық)
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар https://www.twig-bilim.kz/film/energy-change-of-reactions-5725/
Температураның артуы жүйенің процесс барысында энергияны «бөлгендігін » , яғни сыртқы ортаға шығарғандығын білдіреді.
Температураның төмендеуі жүйенің процесс барысында энергияны «қабылдағанын» , яғни сіңіргендігін білдіреді
Жылу бөле жүретін реакция экзотермиялық (экзо - сыртқа) реакция деп аталады
2H2 + O2 = 2H2O + 570кДж
Жылу cіңіре жүретін реакция эндотермиялық (эндо - ішке) реакция деп аталады
2H2O = 2H2 + O2 - 570кДж
Химиялық диктант
1.Химиялық реакция кезінде энергия бөлінсе температураның ............. білдірелі
2.Химиялық реакция кезінде энергия сіңірілсе температураның ............. білдірелі
3.Экзотермиялық реакциялар......................
4.Эндотермиялық реакциялар......................
Кей кездері экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар бір –біріне қарама –қарсы жүруі мүмкін (яғни қайтымды)
Ендеше бөлшектердің қозғалысы заттың агрегаттық күйіне қалай тәуелді болады?
Заттың агрегаттық күйі затты құраушы бөлшектердің ара қашықтығына тәуелді.
Температураны көтергенде қатты зат → сұйыққа → газға айналады. Жылуды сіңіргенде бөлшектер арасындағы байланыстар үзіледі . Қатты заттың бөлшектерін үзуге көп мөлшерде энергия жұмсалады ал, сұйық және газ күйіндегі заттардың бөлшектерін үзуге энергия аз жұмсалады , сондықтан сұйық , газды құраушы бөлшектердің ішкі энергиясы артады.
Температураны арттырған кезде заттың қатты күйінің ішкі энергиясы аз, сұйықтық күйдегі орташа, газ күйінде жоғары болады.
Ал температураны төмендеткенде кезде керісінше үрдіс жүреді .
1.Жылу энергиясы заттар бөлшектерінің қозғалысын өзгертеді. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемді аяқтаңдар.
а) Заттың қатты күйінен сұйық күйіне аусқан кезінде энергия -----------------, сол кезде ------------------------ үрдісі жүреді
б) Заттың газ күйінен сұйық күйіне аусқан кезінде энергия ---------------------,сол кезде ---------------- үрдісі жүреді
в) Заттың сұйық күйінен газ күйіне аусқан кезінде энергия ---------------------,сол кезде ---------------- үрдісі жүреді
Г) Заттың сұйық күйінен қатты күйіне аусқан кезінде энергия ---------------------,сол кезде ---------------- үрдісі жүреді
Есіңе сақта
Сонымен химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері жылу эффекті деп аталады.
Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль (КДж) белгіленеді; калориметрмен өлшенеді; жылуды – Q деп белгілейді.
Жылу бөлінсе - ________________________ +Q
Жылу сіңірілсе - _______________________ -Q
Есіңе сақта
Реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеу деп аталады.
Төменде термохимиялық теңдеулері келтірілген реакциялардың қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсет:
N2 + 3H2 = 2NH3 + 92кДж
Ca(OH)2 = CaO +H2O – 67 кДж
H2 + CI2 - 185 кДж = 2HCI
2HgO + 180 кДж = 2Hg + O2
S + O2 = SO2 + 297 кДж
N2 + O2 + 180 кДж = 2NO
С + O2 = CO2 + 393кДж
2H2S + 3O2 = 2H2O + 2SO2 + 1060 кДж
Химиялық реакцияның жылу эффектісі тақырыбына есептер
1.Графиттің көміртек (ІV) оксидіне дейін жануы мынандай термохимиялық теңдеумен сипатталады.
C + O2 = CO2 + 393 кДж
Массасы 24 г графит (көмір) жанғанда қанша жылу бөлінеді?
2. Күкірт жанғанда 32 г күкірт (І\/) оксиді түзіледі және 146,3 кДж жылу бөлінеді.Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңыз.
Есептер Еліне!!!
1. Массасы 0,5кг құрамында 12,5% қоспасы бар көмір жанғанда қанша жылу шығады?
С + O2 = CO2 + 393,5 кДж
Жауабы: 14346,4кДж
2. Реакция нәтижесінде 1064,4кДж жылу сіңірілсе, қанша кальций карбонаты айырылған және қанша калций оксиді түзіледі?
CaCO3 = CaO + CO2 -177,4 кДж
Жауабы: 600г CaCO3 , 336г CaO
3. Массасы 16г күкірт жанғанда 148,5 кДж бөлінсе, реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
Жауабы: 297кДж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?