Гесс заңы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3

Мектеп:Өскемен қаласы, ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рысбекова А.М

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гесс заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мағынасын түсіну және оны химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеп шығаруда қолдануға үйрену

 Сабақ мақсаттары

1. Гесс заңының салдарларын түсіну және қолдана білу;

2. Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеп үйрену;

 Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

- Гесс заңының салдарларын түсініп және қолдана алса;

- Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін есептеп үйренсе

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Гесс заңы- Hess’ Law; реакцияның ішкі энергиясының өзгерісі- enthalpy changes in reactions; энергетикалық цикл - energy cycles.

Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:

  • Жылу энергиясы …салдарынан жоғала алады

Барынша дәл нәтиже… болды

 Пәнаралық байланыстар

Физика

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында презентациялар арқылы оқу мақсаттары, сол мақсаттарға жету үшін қойылатын міндеттер, жұмыстың жоспары көрсетіліп барылады. Осы арқылы білу, түсіну дағдылары жетілдіріледі.

Бастапқы білім

Ішкі энергия, термохимиялық реакциялар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй тапсырмасы есептерін тексеру, термохимия тақырыбына қатысты негізгі түсініктерді естеріне түсіріп, қайталау.

Сабақтың ортасы

Гесс заңына сандық есеп шығару.Гесс заңын түсіндіру және оның салдарларын есептеулер жүргізгенде қолдануға үйрету.

Тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыс

Презентация

Видео-көрініс 1,2,3

Қосымша 1,2

Сабақтың соңы

33-38 минут

38-40 минут

Сабақ соңында оқушылардың сабақты қандай деңгейде меңгергенің, оқу мақсаттарына қаншалықты жеткенің анықтау мақсатында кері байланыс жүргізеді. Ол мынай түрлерде болуы мүмкін:

Нені білдім, нені үйрендім

Нені толық түсінбедім

Немен жұмысты жалғастыру қажет

Не болмаса «БББ» түрінде де өткізілуі мүмкін. Ол үшін мұны сабақтың басталу сәтінен бастап қолға алу ұсынылады. Бірақ, бүгінгі сабақтың «тың» тақырып екенің де, оқушылар үшін жаңалықтардың көп екенің де ескерген жөн.

Бүгінгі сабақ зертханалық жұмыс болғандықтан оқушыларды бағалауда олардың практикалық жұмыстарды орындау дағдыларына, дәлдігіне, ұқыптылығына да мән беріледі. Зертханалық жұмыстың орындау барысында жазған жетістік критерийі оқушыларды бағалауға негіз болады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға тапсырмаларды бергенде, олардан оқу мақсаттарына жету талап етілгенде әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері, білу, түсіну, қолдану деңгейлері басты назарда болады.

Оқушыларды бағалауда олардың зертханалық жұмысты орындау барысы, жұмысты сапалы, дәлдікпен, уақытылы орындауы, техника қауіпсіздік ережелеріне мән беруі, өздерінің бақылауларын қағазға сауатты түрде түсіре білулерін бақылау арқылы бағаланады.

Бұл сабақта жоспарланған зертханалық жұмыста да техника қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтау басты назарда болады. Ол мұғалімнің қадағалауымен іске асады.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Қосымша 1

Есеп1.

C3H4 + 4O2 = 3CO2 + 2H2O

Н(C3H4) = +44 кДж/моль, Н(CO2) = -94 кДж/моль, Н(H2O) = -68 кДж/моль,

Пропиннің жану жылуы нешеге тең?

Шешуі: Н(х.р.) = Нөнім. - Нбаст.

Н(C3H4) = [3(-94)+2(-68)] – (-44) = - 462кДж

Жауабы: Пропиннің жану жылуы - 462кДж/молге тең

Есеп 2.

C3H8 + 5O2 = 3CO2 + 4H2O + 448.4кДж

Н(CO2) = -94 кДж/моль, Н(H2O) = -57.8 кДж/моль,

C3H8 – ның түзілу энталпиясы нешеге тең?

Шешуі: Н(х.р.) = Нөнім. - Нбаст.

-448.4 = [3(-94)+(-57.8)] – Н(C3H8)

Жауабы: Н(C3H8)= -24.8 кДж/моль

Есеп 3.

C3H8 + 5O2 = 3CO2 + 4H2O

Н(C3H8)= -24,8 кДж/моль ,Н(CO2) = -94 кДж/моль, Н(H2O) = -57,8 кДж/моль,

Пропанның жану жылуы нешеге тең?

Шешуі: Н(х.р.) = Нөнім. - Нбаст.

Н(C3H8) = [3(-94) + 4(-57,8)] – (-24,8)= -448,4 кДж

Жауабы: Н(C3H8)= -448,4 кДж/моль

Есеп 4

Көлемі 1,792 л (қ.ж.) метан, көміртек (ІІ) оксиді және оттектен тұратын қоспаны жаққанда калориметрде 13,663 кДж жылу бөлінеді. Егер жану өніміндегі түзілген заттарға бірнеше бөлікте сутек қосып сонан соң, тағы да жағатын болсақ, онда қосымша 9,672 кДж жылу бөлінеді. Жай заттардан 1 моль метан, көміртек (ІІ) оксиді, көміртек (IV) оксиді және су түзілген кезде сәйкесінше 74,8; 110,5; 393,5; 241,8 кДж жылу бөлінетіні белгілі. Бастапқы қоспадағы әрбір газдың көлемін есепте.

Шешуі:

  • Газдардың жалпы моль саны: 1,792 : 22,4 = 0,08 (моль) тең болады.
  • Q1 анықтау үшін жай заттардан COжәне CO2 түзілу теңдеуіне, алгебралық қосулар жүргізіп, толық теңдеу аламыз: CO + ½ O2а = CO2 + Q1.

3. Q1: Q1 = 395,5 – 100,5 = 283 (кДж/моль) табамыз.

  • Реакция теңдеуіне байланысты:

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O + Q2

аламыз: Q2 = 393,5 + 241,82 – 74,8 = 802,3 (кДж/моль).

  • Егер метан молін «х» арқылы өрнектесек, онда көміртек (ІІ) оксидін «у» деп өрнектейміз, онда жанған кезде сәйкесінше 802,3х және 283,0у кДж жылу бөлінеді. Онда жалпы бөлінетін жылу мөлшері: 802,3х + 283,0у = 13,683 тең болады.
  • Сутекті қосқан сайын жылудың мөлшері ұлғайып отырады, онда бастапқы қоспаның ішінде артық мөлшерде оттек болғанын білдіреді. Реакция теңдеуі бойынша:

2H2 + O2 = 2H2O + 483?6 кДж

осыдан, бастапқы қоспадағы оттектің артық мөлшері мынаны құрайды:

9,672 : 483,6 = 0,02 (моль).

  • Онда 0,06 моль (0,08 – 0,02) стехиометриялық қоспаға 13,683 кДж сәйкес келеді, метан газын жаққан кезде: (CH4 + 2O2) – 3х моль, ал көміртек (ІІ) оксидін жаққан кезде: (CO + 1/2O2) – 1,5у моль болады.
  • Осыдан теңдеулер жүйесін аламыз:

3x +1,5y = 0,06

802,3x + 283y = 13,683

Осы жүйені шеше отырып, х = 0,01; у = 0,02 табамыз.

Осыған байланысты, қоспада: 0,01 моль CH4немесе 0,224 л; 0,02 моль COнемесе 0,448 л және 1,12 л O2 бар екенін анықтаймыз

Қосымша 2 (Тест)

  • Кейбір қосылыстардың түзілу энтальпиялары төмендегідей:

CH3OH(с) = - 48,1 кДж/моль

2(г) = - 94 кДж/моль

H2O(г) = - 57,8 кДж/моль болса, CH3OH(с) жану энергиясы неше кДж болады?

А) -257,6

В) -161,5

С) -26,5

D) 151,5

E) 161,5

  • Кейбір қосылыстардың түзілу энтальпиялары төмендегідей:

Н(C3H8(г))= -24.8 кДж/моль ,Н(CO2(г)) = -94 кДж/моль, Н(H2O(г)) = -57.8 кДж/моль болса, C3H8 (г) жану энергиясы неше кДж болады?

А) –176,6

В) -231,2

С) -282,0

D) – 488.4

E) – 538,0

  • С (графит) + О2 (г) = СО2 (г) Н = -94,05 кДж

С (алмаз) + О2 (г) = СО2 (г) Н = -94,50 кДж

С (алмаз) → С (графит) Н = ? кДж

А) 0,94

В) 94,5

С) 94,05

D) -0,45

E) 0,45

4. Ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеуі:

2C2H2 + 5O2 = 4CO2 + 2H2O + 2600 кДж

Егер 20% қоспасы бар, көлемі бойынша 25 л ацетиленді жақса қанша жылу бөлінеді?

А) 116,0 кДж

В) 1160,0 кДж

С) 290 кДж

D) 13,0 кДж

E) 58 кДж

5. Ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеуі:

2C2H2 + 5O2 = 4CO2 + 2H2O + 2600 кДж

Ацетиленнің жану жылуын есептеңіз.

А) 880 кДж

В) 1300 кДж

С) 1760 кДж

D) 220 кДж

E) 88 кДж

6. 1,6г метан оттекте жанғанда 88кДж жылу бөлінеді. Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрып, жауапта теңдеуге қойылған коэффициенттердің жалпы санын және жылу эффектісін көрсетіңіз.

А) 5 және 440 кДж

В) 6 және 880 кДж

С) 3 және 800 кДж

D) 4 және 440 кДж

E) 6 және 660 кДж

7. СО(г) + ½ О2 (г) → СО2 (г) + 67,6 кДж

Теңдеуінде 56 г СО қолданылғанда варианттардан қайсысы дұрыс болады?

А) 1 моль СО2 түзіледі.

В) 67,6 кДж энергия түзіледі.

С) 0,5 моль оттегі қолданылады.

D) 0,5 моль СО2 газы түзіледі.

E) 1 моль оттегі қолданылады.

8. Байланыс Байланыс энергиясы

Н –Н 104 кДж/моль

О=О 118 кДж/моль

О-Н 110 кДж/моль

2(г) + О2(г) → 2Н2О(г)

Реакцияның энталпиясы (Н) неше кДж болады?

А) -109 кДж В) 68,3 кДж С) 57 кДж D) -63 кДж E) -114кДж

ЖАУАПТАРЫ: 1) В 2)D 3)D 4)B 5)B 6)B 7)Е 8)Е



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?