Гесс заңы, реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оразабй А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гесс заңы, реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіреді, және химиялық реакция энтальпия өзгерісін есептеуде қолдана біледі;

Сабақ мақсаттары

  • Гесс заңымен және оның негізінде энергетикалық циклдермен танысу;
  • Реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу үшін Гесс заңын қолдану
  • Гесс заңының салдарын және ішкі энергияның айналуын есептеуде осы заңды қалай қолданғанын түсіндіре алу.
  • *Гесс заңын қолданып, энергетикалық диаграмма салу.

Бағалау критерийлері

  • Реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу үшін Гесс заңын қолдана алады;
  • Берілген реакцияның энергетикалық циклін салады.
  • Гесс заңының салдарын және ішкі энергияның айналуын есептеуде осы заңды қалай қолданғанын түсіндіре алады.
  • Берілген реакция теңдеуінің жылу эффектісін көрсететін диаграмма салады.

Тілдік мақсаттар

 

Ауызша/жазбаша түрде кілтті сөздерді (тақырыпқа қатысты терминологияны) қолданып, қорытынды жасай алады; есептің шығарылуын түсіндіре алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Гесс заңы; энергетикалық цикл; стандартты энтальпия өзгерісі, реакция энтальпиясының өзгеруі, өнімдердің/реагенттердің стандартты энтальпиясының қосындысы; байланыс энергиясы, үзілген/пайда болған байланыстар саны; орташа байланыс энтальпиясы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Реакция энтальпиясының өзгеруін есептеу үшін ... формула қолданылады; Х затының стандартты түзілу энтальпиясының мәні ... тең;

Орташа байланыс энтальпиясы ... факторларға тәуелді, байланыс ұзындығы артқан/кеміген сайын, орташа байланыс энтальпиясы ...

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық; өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Физика: жылу, ішкі энергия; математика:

Математика: әртүрлі таңбалы сандарды қосу, алу амалдары

АКТ қолдану дағдылары

HESS'S LAW AND ENTHALPY CHANGE CALCULATIONS

http://chemguide.co.uk/physical/energetics/sums.html#top

Білімлэнд сайтымен жұмыс

https://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D1%8D%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BF%D0%B8%D1%8F&lesson=11335

Бастапқы білім

8.3B Химиялық реакция энергетикасына кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу, оқушыларды белгілеу

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау

Барлық реакциялардың энтальпиясының өзгеруін тікелей анықтау мүмкін емес.

Қандай заңның көмегімен көптеген реакциялардың энтальпиясының өзгеруін салыстырмалы түрде анықтауға болады? (видео көру, видео ұзақтығы 1.45 минут)

http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D1%8D%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BF%D0%B8%D1%8F&lesson=11335 5-ші бет

Білімлэнд

https://bilimland.kz/

Сабақтың ортасы

Жалпы мағынаны тануға 65 минут

1. Гесс заңымен танысу (алдымен әр оқушы өзі оқиды, кейін жұп болып талқылайды кері байланыс жасау:

Гесс заңы қалай тұжырымдалады, заңнан қандай салдар шығады?

Бізге не таныс?)

Гесс заңы.

«Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелді емес, тек реагенттер мен өнімдердің күйіне тәуелді».

Егер химиялық реакция бірнеше реакциялардың қосындысы болса, реакцияның жалпы энтальпия өзгерісі құраушы реакциялардың энтальпия өзгерістерінің қосындысына тең болады.

ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2+ΔH3...

А дан В өтудегі энтальпия өзгерісін

А дан Х-ке , Х-тен Y - ке және

Y тен В-ға өту энтальпияларын

қосу арқылы табуға болады.

Герман Генри Гесс (1802-1850 жж.)

Орыс химигі 1802 жылы 8 тамызда Женева қаласында дүниеге келен. Гесс термохимия негіздерін ойлап тапқан.

1840 жылы оның тұрақты жылу қосындысы туралы атақты заңы жарық көріп, ғалымның құрметіне Гесс заңы деген атқа ие болды.

Гесс заңынан бірнеше салдар шығады, олар кейбір іс жүзінде калориметрлік әдіспен де анықталмайтын химиялық реакциялардың энтальпиясын есептеуінде де қолданыс тапқан.

Бірінші салдар. Кейбір химиялық қосылыстың айрылуының жылу эффектісі оның түзілу жылу эффектісіне тең, тек таңбасы қарама-қарсы.

Екінші салдар. Егер әр түрлі бастапқы күйлерден бірдей соңғы күйге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы бастапқы күйлердің бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.

Үшінші салдар. Бірдей бастапқы күй-жағдайда әр түрлі соңғы күйлерге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы соңғы күй-жағдайлардың бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең. (оқушылар талдап болған соң дәптерге тек заңның тұжырымдамасын жазады).

Мысал: Сутегі асқын тотығының түзілу реакция жылуын есептеңдер:

H(г) + O(г) = H2O2 (с)

Сутегі переоксиді су және оттегіге ыдырау нәтижесінде түзілген жылу, судың түзілу жылу болып табылады.

Барлық қажетті ақпараттар төмендегі сызба нұсқада көрсетілген:

1-ші әдісі "Энергетикалық цикл әдісі"

ΔНх = -286-(-98) = -188 (кДж)

2-ші әдісі: Алгебралық әдіс

H + 1/2O(г.) = H2O ΔН3=-286 кДж

*(-1) H2O2 = H2O + 1/2OΔН2=-98 кДж

_______________________________________

H + O= H2O2 ΔНх = -188 кДж

2. Энтальпия циклдері (=Энергетикалық циклдер=Гесс циклі).

Оқушылар дәптерге жазады.

Оқушылрдан энергетикалық циклді салудың алгоритмін ұсынуды сұрау.

Алгебралық әдіс бойынша шешу жолдары:

Мысал№1

Берілгені:

1)2H2O → 2H2+O2 ΔН1=-572 кДж

2) *(-1)2HF → H2+F2ΔН2=-542 кДж

__________________________________

2F2+2H2O = 4HF +O2 ΔHхр=?

Шешуі:

2H2O → 2H2+O2 ΔН1=-572 кДж

2H2+2 F2→4HF ΔН2=1084 кДж

__________________________________

2H2O +2F2→4HF + O2

ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2 ΔHхр= -512кДж

Мысал№2

Берілгені:

С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж

СО(г) + 1/2 О2 (г) = СО2(г)  ΔН2=-283,0 кДж

__________________________________

С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр=?

Шешуі:

С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж

СО2(г)  →СО(г) + 1/2 О2 (г) ΔН2= 283,0 кДж

_________________________________

С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр= -393+283,0=-110,5кДж

Мысал№3

Берілгені:

NO(г)  +O3(г)  →NO2(г)  +O2(г) ΔН1=-198.9 кДж

O3(г)  →3/2 O2(г)  *(-1)ΔН2=-142.3 кДж

O2(г)  →2O(г)  / (-2)ΔН3= 495 кДж

__________________________________

3/2 O2(г) → O3(г) ΔН2= 142.3 кДж

O(г) 1/2 O2(г) ΔН3= -247.5 кДж

__________________________________

NO(г)  +O(г)  →NO2(гΔHхр=?

Шешуі:

ΔHжалпы= ΔH1 + ΔH2 + ΔH3

ΔHхр= (-247.5) + (-198.9) +142.3 = -304.1кДж НЕМЕСЕ

ΔHхр= 142.3-247.5-198.9 = -304.1кДж

Тапсырма: Coursebook p.101 Conserving energy. Enthalpy cycles.

Figure 6.7 – 6.8 схемаларын талдау (алдымен әр оқушы жеке, кейін жұпта талдау→кері байланыс жасау: гесс заңы қалай қолданылған? Бұл циклдер нені білдіреді?)

  •  Тапсырма: 102-беттегі «Worked example 1 (figure 6.9)» мысалды талдау (алдымен әр оқушы жеке, кейін жұпта талдау→кері байланыс жасау: реакцияның энтальпиясының өзгеруін көрсететін энергетикалық циклді қалай саламыз? Не түсініксіз?).
  •  Check-up 8 a,b (жаттығу орындау: алдымен әр оқушы жеке, кейін жұпта талдау→бағалау, жауапты 506-беттен тексеру). Тақтада орындатуға болады.
  •  102-103-беттердегі жану энтальпиясы қолданылған энергетикалық циклді көрсететін суретті figure 6.10 талдату. Кері байланыс жасау.
  •   «Worked example 2 (figure 6.11)» - мысалын талдау (алдымен әр оқушы жеке, кейін жұпта талдау→кері байланыс жасау: бұл циклдің бірінші мысалдан айырмашылығы неде?).
  •  Check-up 9 a,b (жаттығу орындау: алдымен әр оқушы жеке, кейін жұпта талдау→бағалау, жауапты 506-беттен тексеру). Тақтада орындатуға болады.
  •  Жаттығу орындау. End-of-chapter-questions p.109 5 a,b,c. Тексеру.
  •  Оқушылрдан энергетикалық циклді салудың алгоритмін ұсынуды сұрау.

*ерте аяқтаған оқушыларға Coursebook 110-беттегі №8 a,b тапсырмалары+Білімлэндтен тапсырмалар орындату (кері байланыс жасау) http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D1%8D%D0%BD%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BF%D0%B8%D1%8F&lesson=11335

Ақпарат парағы

Coursebook Chemistry Cambridge pp 101-110

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау:

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Қандай түсініктер мен кілтті сөздер тақырыптың мазмұнын ашады?
  • Гесс заңының тұжырымдамасы қандай?
  • Не қиын болды? Нені орындау оңай болды?
  • Есептер шығару мен энтальпия циклін салу кезінде қандай маңызды нәрселерге назар аудару керек?

Үй жұмысы: ИОС

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу үшін Гесс заңын қолдана алады;
  • Берілген реакцияның энергетикалық циклін салады.
  • Гесс заңының салдарын және ішкі энергияның айналуын есептеуде осы заңды қалай қолданғанын түсіндіре алады.
  • Берілген реакция теңдеуінің жылу эффектісін көрсететін диаграмма салады.

бірін-бірі тексеру арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралыда, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?