алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Гесс заңы, реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Термохимияның негізгі заңын 1840 жылы Г.И.Гесс ашқан

Гесс заңы: «Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелді емес, тек реагенттер мен өнімдердің күйіне тәуелді».Егер химиялық реакция бірнеше реакциялардың қосындысы болса, реакцияның жалпы энтальпия өзгерісі құраушы реакциялардың энтальпия өзгерістерінің қосындысына тең болады.

ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2+ΔH3...

Герман Генри Гесс (1802-1850 жж.)

Орыс химигі 1802 жылы 8 тамызда Женева қаласында дүниеге келен. Гесс термохимия негіздерін ойлап тапқан.

1840 жылы оның тұрақты жылу қосындысы туралы атақты заңы жарық көріп, ғалымның құрметіне Гесс заңы деген атқа ие болды.

Гесс заңынан шығатын қорытынды қолданылады:

Химиялық процесс тікелей жүрсе де, бірнеше сатымен өтсе де оған керекті жылу (тұрақты қысымда не тұрақты көлемде жүрген реакциялар үшін) әрқашан бір мөлшерде болады.

Гесс заңы былай айтылады:

РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ - РЕАКЦИЯНЫҢ ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН ЖҮРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ТЕК РЕАКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН БАСТАПҚЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ РЕАКЦИЯ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮЗІЛЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ТҮРІНЕ ЖӘНЕ КҮЙІНЕ ҒАНА БАЙЛАНЫСТЫ.

 Мысалы: Сграфит + О2 (г) = СО2(г) ΔН1 1-әдіс

 Сграфит +1/2 О2(г) = СО(г) СО(г) +1/2 О2(г) = СО2(г) 2-әдіс

 ΔН2ΔН3

Екі әдісте де графит және газ күйіндегі оттегі қосылады, нәтижесінде көміртегі (СО2) оксиді түзіледі, сондықтан:ΔН1 = ΔН2 + ΔН3

С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж

СО(г) + 1/2 О2 (г) = СО2(г)  ΔН2=-283,0 кДж

__________________________________

С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр=?

С (қ) + О2 (г) = СО2(г)  ΔН1=-393,5 кДж

СО2(г)  →СО(г) + 1/2 О2 (г) ΔН2= 283,0 кДж

__________________________________

С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г)  ΔHхр= -393+283,0=-110,5кДж

 

 

 Г.И.Гесс заңынан біршене салдар шығады:

1.ТУРА РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ КЕРІ ТАҢБАМЕН АЛЫНҒАН КЕРІ РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІНЕ ТЕҢ.

2.РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ ОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮЗІЛГЕН ЗАТТАРДЫҢ ТҮЗІЛУ ЖЫЛУЛАРЫНЫҢ (энтальпияларының) ҚОСЫНДЫСЫНАН РЕАКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН ЗАТТАРДЫҢ ТҮЗІЛУ ЖЫЛУЛАРЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫН АЛЫП ТАСТАҒАНҒА ТЕҢ:

ΔНх.р. = ΣΔН0түз. + ΣΔН0түск.

Гесс заңынан бірнеше салдар шығады, олар кейбір іс жүзінде калориметрлік әдіспен де анықталмайтын химиялық реакциялардың энтальпиясын есептеуінде де қолданыс тапқан.

Бірінші салдар. Кейбір химиялық қосылыстың айрылуының жылу эффектісі оның түзілу жылу эффектісіне тең, тек таңбасы қарама-қарсы.

Екінші салдар. Егер әр түрлі бастапқы күйлерден бірдей соңғы күйге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы бастапқы күйлердің бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.

Үшінші салдар. Бірдей бастапқы күй-жағдайда әр түрлі соңғы күйлерге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы соңғы күй-жағдайлардың бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.

Қолданылған әдебиеттері:

1. Стандартты энтальпия өзгерісі. Гесс заңы https://bilimland.kz/kk#lesson=11335

2. HESS'S LAW AND ENTHALPY CHANGE CALCULATIONS http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/sums.html#top

3. http://www.chemguide.co.uk/physical/questions/a-energeticshess.pdf

4. https://teachercavalcade.files.wordpress.com/2015/03/hesss-law-worksheet-pdf-format.pdf

5. http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/sums.html#top HESS'S LAW AND ENTHALPY CHANGE CALCULATIONS

6. https://bilimland.kz/kk#lesson=11335 Стандартты энтальпия өзгерісі. Гесс заңы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы