Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 10.1D Периодтылық | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі; | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуі керек - атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі түсініктерінің анықтамаларын білу; - период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау; Көптеген оқушылар мынаны жасай алуы керек: - период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру және салыстыру; Кейбір оқушылар мынаны жасай алулары керек: - қарастырылмаған элементтер атомдарының қасиеттерін болжау және түсіндіру, себеп-салдарлық қатынастарды орнату, қорытынды жасау, жалпыға ортақ түсінікті ажырату. | ||
Бағалау критерийлері | - атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі түсініктеріне анықтамаларын береді; - период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды - период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді және салыстырады; | ||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын жазбаша немесе ауызша сипаттай, түсіндіре және салыстыра алады; Лексика және терминология: Атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі, топ, период, заңдылық Периодта/топта…………….артады/кемиді …………………. …......... қарағанда ..........электртерістілігі жоғары/төмен …......... қарағанда ..........жоғары/төмен себебі,............................ | ||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыс - ынтымақтастық, ұжымдастыру, ортақ істің нәтижесі үшін жауапкершілік; Жеке жұмыс - өмір бойы оқу; Қалыптастырушы бағалау жұмысын жүргізу кезінде - академиялық адалдық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Физика – атом құрылысы | ||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация құру, интернеттен қажетті ақпаратты табу | ||
Бастапқы білім | 10.1A Атом құрылысы |
Сабақ барысы | ||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық көңіл-күй: «Сәлеметсіз бе!» атты ерекше сәлемдесу. Оқушылар жұпта қолдарының аттас саусақтарын бас бармақтарынан бастап келесі тілектерді айта отырып, кезекпен түйістіреді: әрқашанда (бас бармақтарын түйістіреді) барлығына (сұқ саусақ) үлкен (ортаңғы саусақ) жетістіктерге жетуіңді (шылдыр шүмек) тілеймін (шынашақ); Сәлеметсің бе! (алақандарын түйістіреді) | |||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы (3 мин) | Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді анықтау. Сыныпты 5 топқа бөлу (1,2,3,4,5 саналу) | Презентация | ||||||
Середина урока (15 мин +5 мин) (7 мин) |
|
| ||||||
Сабақтың соңы (7 мин) | Білімді бекіту үшін оқушылар тестік тапсырма орындайды. Оқушылар жауаптарын ақ тақтайшаларға жазады. Бағалау критерийі: - период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды Дескрипторлар: -бірінші иондану энергиясы ең жоғары элементті анықтайды; -азот және оттек атомдарының радиусын салыстырады; -қосылыстарында +4 тотығу дәрежесін көрсететін бейметалдарды анықтайды; -электртерістілігі неғұрлым жоғары элементті анықтайды; -электронтартқыштығы кемуі бойынша орналасқан элементтердің қатарын жазады; -күкірттікімен салыстырғанда атом радиустары кіші элементтерді теріп жазады. Мұғалім тестің нәтижесі бойынша ауызша кері байланыс береді. Сабақты қорытындылау. | Қосымша 3. Ақ тақташалар, маркерлер. | ||||||
Рефлексия (1 мин) | Шығу билеті. Әрбір оқушы стикерге жазып, есікке жапсырады. Мен түсіндім................. Мен орындай аламын ................ Мен түсінбедім ................. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін қабілетті оқушылардың потенциалын қолдану. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс бағытқа бағыттайды және оның мотивациясын ұсыныстар беру арқылы қолдайды. | Сабақ барысында сыныппен жаппай әңгімелесу, сондай-ақ тапсырмаларды орындау және топтық жұмысты қорғау кезінде оқушылардың бөлім материалдарын қаншалықты меңгергендігі анықталады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптары ауызша бағаланады. | Сабақтың өң бойында оқушылар мен мұғалім арасында, өзара оқушылардың арасында пікірталастар орын алады, бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзге пікірді құрметтеуді үйренуге мүмкіндік береді. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? | ||||||||
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | ||||||||
Жеткізбесе, неліктен? | ||||||||
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | ||||||||
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? | ||||||||
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||
Жалпы баға | ||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 1.
1 топ
«Атомдардың радиусы, олардың химиялық элементтер жүйесінде периодты өзгеруі»
Тапсырма.
1. Атом радиусы деген не?
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының радиусы қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының радиусы қалай өзгереді? Неліктен?
Атомның радиусы 10-10 м өрнектелген
Электронның толқындық сипатына байланысты атомның қатаң анықталған шекараcы жоқ. Атомдардың радиусы шартты мән болып табылады. Оларды әдетте атомдардың табиғатына ғана емес, олардың арасындағы химиялық байланыстың түріне тәуелді болып табылатын атомаралық қашықтықтан есептеледі. Атомның шамасын дәл анықтау мүмкін емес. Есептеулерде шартәрізді атомдар радиустарының жуықталған мәндері қолданылады. Оларды рентгенқұрылымдық әдіспен бір элементтің екі көрші атомдарының орталықтарын (центрлерін) бөлетін қашықтықтың шамасын пайдаланып анықтайды.Атомның радиусы - бұл атом ядросы мен осы атомның электрондық қабатындағы ең алыс электрондардың тұрақты орбиталдары арасындағы қашықтық. Атомдық радиус – ядро центрі мен сыртқы (валенттік) электрондар арасындағы қашықтық.
Атом радиусы элементтің қасиетіне әсер етеді. Радиус неғұрлым үлкен болса, сыртқы деңгейдің электрондары соғұрлым әлсіз тартылады. Керісінше атом радиусы кемігенде электрондар ядроға күшті тартылады.
Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды.
Сонымен ядро заряды артқанда атом радиусының өзгеруі анық периодтық сипатта болады.
2 топ.
«Иондану энергиясы және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
Тапсырма.
1. Иондану энергиясы деген не?
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының иондану энергиясы қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының иондану энергиясы қалай өзгереді? Неліктен?
Химиялық элементтер атомдарының бірінші иондану энергиясы, эВ
Иондану энергиясы (I) - бұл газ күйдегі атомнан немесе ионнан электронды жұлып алу үшін қажет етілетін энергия мөлшері. Бірінші иондану энергиясы (I1) деп бір моль газ күйдегі атомнан бір моль электронды жұлып алу үшін қажет энергия мөлшерін атайды.
X(g) – e → X+(g)
Атомның иондану энергиясы килоджоульдің мольге (кДж/моль) немесе электровольттің мольге (эВ/моль) қатынасы арқылы өлшенеді. Екінші электронды жұлуға жұмсалатын иондану энергиясы бірінші иондану энергияға қарағанда жоғары болады, себебі екінші электрон бейтарап атомнан емес, оң ионнан жұлынады:
X+(g) – e → X2+(g)
Демек, I2 екінші ионданы энергиясы бірінші иондану энергиясына (I2> I1) қарағанда үлкен. Әрбір келесі электронды жұлуға жұмсалатын иондану энергиясы алдынғы энергияға қарағанда жоғары болады.
Электронның ядроға тартылу дәрежесі сияқты иондану энергиясы бірқатар факторларға, бірінші кезекте ядро зарядына, электрон мен ядроның арасындағы қашықтыққа (атом радиусына) және басқа электрондардың экрандау (ядроны сыртқы қабаттағы электроннан көлегейлейтін ішкі қабаттағы электрондардың) әсеріне байланысты.
Осылайша, бірінші период элементтерінен басқа, барлық атомдар үшін, ядро сыртқы қабаттағы электрондардан ішкі қабаттағы электрондармен қорғалған. Ядро зарядын экрандау эффектісі осы электрон мен ядроның арасындағы басқа электрондардың болуына байланысты, яғни олар ядроның оң зарядының осы электронға әсерін төмендетеді және осылайша ядромен байланысын әлсіретеді.
3 топ.
«Электронтартқыштық және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
Тапсырма.
1. Электронтартқыштық деген не?
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының электронтартқыштығы қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының электронтартқыштығы қалай өзгереді? Неліктен?
Бейтарап газ тәріздес оқшауланған атомға бір электрон қосылғанда шығатын немесе сіңірілетін энергияны электронтартқыштық деп атайды. Мысалы, газ фазасындағы фтор атомы электронды қосып алып, фторид ионын түзгенде энергия бөлінеді.
F(g) + e- F- (g) | H o = -328,0 кДж / моль |
Электронтартқыштық килоджоульдің мольге (кДж/моль) немесе электровольттің атомға (эВ/атом) қатынасы арқылы өлшенеді.
Әрқашан эндоэнергетикалық мәнді атомның иондану энергиясынан айырмашылығы, атомның электронтартқыштығы экзоэнергетикалық және эндоэнергетикалық мәндермен сипатталады, яғни оң және теріс мәнді болып келеді.
Оттек атомына бір электронды қосқанда энергия бөлінсе:
O0 + е → O- +
екінші электронды қосу үшін энергия жұмсалады.
O-1 + е → O-2 –
Бұл атомның келесі бір электронды тартуынан тебу күшінің артық екендігін көрсетеді.
Электрон тартқыштықтың мәні ns2(Be, Mg, Zn) және ns2np6(Ne, Ar, Kr) және жартылай толған р-деңгейшелері бар элементтер (N,P,As) үшін төмен мәнді, ол осы элемент атомдарының электрондық конфигурациясының тұрақты екендігін көрсетеді.
Электронтартқыштыққа әсер ететін факторлар:
1. Атом радиусы
Атом радиусы неғұрлым аз болса, соғұрлым сыртқы электрон қабаты ядроға жақынырақ; демек, ядро мен қосылатын электрон арасындағы тартылыс күшті. Бұл атом радиусы кемейген сайын, атомның электронтартқыштығы артатынын көрсетеді.
2. Ядра заряды
Ядроның заряды неғұрлым көп болса, электрондардың ядроға тартылуы күштірек болады. Бұл ядро заряды артқан сайын, атомның электронтартқыштығы артатынын көрсетеді.
4 топ.
«Электртерістілік және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
Тапсырма.
1. Электртерістілік деген не?
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының электртерістілігі қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының электртерістілігі қалай өзгереді? Неліктен?
Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі.
Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік – бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.
Электртерістіктің алғашқы шкаласын құрған да Л. Полинг.
Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса, ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады.
Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған.Сілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты.
Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады .
Кестедегі элементтердің электртерістік мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқауға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта — кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді.
Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі аз. Химиялық реакцияларда электрондар әдетте электртерістігі аз атомнан салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Химиялық әрекеттесулерге металдар тотықсыздандырғыштар ретінде кіріседі. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Периодта жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері азаяды,ал тотықтырғыштығы өседі. Заттың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру сипаты реакциядағы серіктесінің табиғатына және реакцияның жүру жағдайына тәуелді. Негізгі топшаларда элементтің реттік нөмірі артқан сайын бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері әлсірейді ал металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді.
5 топ.
«Топтар мен периодтарда атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтары»
Тапсырма.
1. Тотығу дәрежесі деген не?
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының тотығу дәрежесі қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының тотығу дәрежесі қалай өзгереді? Неліктен?
Қосылыс түзуші элемент атомдарының арасындағы байланыстырушы электрондар электртерістілігі басым элемент атомына ығысуына байланысты, қосылысты шартты түрде иондардан тұрады деп есептегенде пайда болатын шартты зарядты элементтердің тотығу дәрежесі деп атайды. Тотығу дәрежесі араб цифрларымен элемент таңбасы үстіне белгіленеді, ол оң және теріс сандармен бірге нольдік және бөлшек мәнді де болады.
Фтордан басқа барлық элементтер оң тотығу дәрежесін көрсетеді. Тотығу дәрежесінің мәндері ядро заряды артқан сайын артады және соңғы энергетикалық деңгейдегі электрондардың санымен сәйкес келеді( оттектен басқасы) Бұл тотығу дәрежелері жоғарғы тотығу дәрежесі деп аталады.
Теріс тотығу дәрежелерін көрсететін элементтер көміртектен C, кремнийден Si және германийден Ge басталады. Олардың мәні 8-ге дейін жетпейтін электрондардың санына тең. Бұл тотығу дәрежесі төменгі тотығу дәрежесі деп аталады.
Мысалы, фосфор атомының сыртқы энергетикалық деңгейінде бес электрон, 8-ге дейін үш электрон жетіспейді. Фосфордың ең төменгі тотығу дәрежесі -3-ке тең.
Жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелерінің мәндері периодты түрде қайталанып, топтарға сәйкес келеді; мысалы, IVA тобында C, Si және Ge элементтері жоғары +4 тотығу дәрежесіне және төменгі -4 тотығу тотығу дәрежесіне ие. Тотығу дәрежесінің өзгеруінің бұл периодтылығы элементтің химиялық қосылыстарының құрамы мен қасиеттерінің периодты өзгеруінен көрінеді.
Қосымша 2.
Кесте 1: «Химиялық элементтер атомдары қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары».
Химиялық элементтер атомдарының қасиеттері | Периодта солдан оңға қарай өзгеруі | Топта жоғарыдан төмен қарай өзгеруі |
Атом радиусы | ||
Электртерістілік | ||
Иондану энергиясы | ||
Электронтартқыштық | ||
Тотығу дәрежесі |
Қосымша 3.
1. Иондану энергиясының периодты өзгеру заңдылығына сүйене отырып, бірінші иондану энергиясы ең жоғары элементті анықтаңыз:
- Фтор (F)
- Азот (N)
- Гелий (He)
2. Азоттың атом радиусы оттектің атом радиусынан үлкен.
- Дұрыс
- Бұрыс
3. Қосылыстарында +4 тотығу дәрежесін көрсете алатын бейметалдар:
- хлор және бор
- көміртек және кремний
- фтор және оттек
- кремний және бериллий
4. Қай элементтің электртерістілігі жоғары: күкірттің (S) әлде селеннің (Sе)?
5. Келесі элементтерді электронтартқыштығы кемуі бойынша орналастырыңыз: фтор (F), фосфор (P), күкірт(S), бор (B)___________________________________________________.
6. Атом радиусы күкірттің атом радиусынан кіші атомдарды теріп жазыңыз __________.
A. Оттек (O)
B. Хлор (Cl)
C. Кальций (Ca)
D. Литий (Li)
E. Ешқайсысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?