Элементтер мен олардың қосылыстары қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеру заңдылықтары. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОД ЖӘНЕ ТОПТАР БОЙЫНША ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА БЕРІЛГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Сынып: 8, 3тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Оқушыларға «Ой қозғау» мақсатында келесі сұрақ қойылады: Қоршаған ортада периодты өзгеретін құбылыстардан мысалдар келтіріңіз. Олар ауа-райын, жапырақтардың түсуін т.б. мысалдарды атай алады. Осы периодты өзгеретін құбылыстар химиямен де байланысты бола алатынын түсіндіріңіз. Бүгінгі жаңа тақырып топтар мен периолтар бойынша элементтердің периодты өзгеретін қасиеттерін сипаттайтын болады. Сонымен қатар, осы тақырыпқа қажетті терминологиялық сөздіктерді ұсынуға болады.
Сыныппен бірге орындауға «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуын ұсыныңыз және тексеруге дұрыс жауап беріңіз.
Келесі кезекте әр оқушыға жеке орындауға өзіндік жұмыс ұсынылады. Онда элементтердің топ және период нөмірін көрсету, сонымен қатар алғашқы 20 элементтің электрондарын деңгей бойынша орналастыру сымалында тапсырмалар ұсынылады. Осы элементтердің электрондарын орналастыруда оқушылар атомның ядро заряды өсуімен қатар, олардың электрон санының да артатынына назар аударады.
Тапсырмалар «Сәйкестендіру тестін» орындатумен жалғасады. Мұнда оқушылар элементтің периодтық кестедегі орнымен олардың атом құрылысын сәйкестендіре алулары қажет. Барлық тапсырмалар келесі қорытындыны шығаруы тиіс:
- Реттік нөмері бойынша элемент атомының протон, электрон санын анықтаймыз.
- Период нөмері бойынша атомдағы энергетикалық деңгей санын анықтаймыз
- Топ нөмері бойынша атомның сыртқы энергетикалық қабатындағы электрон санын анықтаймыз.
Химиялық элементтердің металдық қасиеттерінің артуы бойынша тапсырмалар ұсынуға болады. Мысалы, берілген элементтерді осы қасиеттердің өсуі бойынша орналастырыңыз: Li, B, O, Ne, Be, F, N, C т.б.
Осы негізде элементтерді жіктеудің тағы бір жолын атап өтуге болады. Мысалы, элементтердің электронды беріп жіберуі нәтижесінде металл болып табылатынын, керісінше электронды қосып алып бейметалдық қасиет көрсететінін атап өткен жөн. Пысықтау мақсатында жалпы сыныпқа тсет тапсырмасы ұсынылады.
Сабақтың соңы оқушылардың жұптық тапсырмаларды орындауымен жалғасады. Бұл тапсырма топ және период бойынша кейбір қасиеттердің өзгеруін сипаттайды. Сабақ оқушылардың кері байланысын алуымен аяқталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?