file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

«Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісінің АЖТ _____________________ (қолы) _______

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән:химия

Мұғалімнің аты-жөні: Альжанов Б.С.

Дата:

Класс:10

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1B Стехиометрия

Сабақтың тақырыбы

«Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу».

Бастапқы білім

Қарапайым химиялық реакциялар

Химияның бастапқы түсініктері

Зат мөлшері

Оқыту мақсаттары

10.2.2.3 Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу

 Сабақтың мақсаттары

-оқушыарды өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеуді үйрету.

Жетістік критерийлері

-оқушылар өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеуді біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Масса, көлем, қалыпты жағдай, теориялық мүмкіндік, бөлшектер саны.

Реагенттер/сол жақтағы коэффициенттер/моль саны...............тең

Өнім/оң жақтағы коэффициенттер/моль саны...............тең

Х массасының сақталу заңына бағынатын теңдеу

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Физика

Кезең

1-4 тапсырмаларын орындау барысында.

 Дифференциация

Барлық оқушылар: реакцияға түскен бір заттың біреуінің массасы белгілі болса, қалған заттардың массасын, көлемін және бөлшек санын есептей алады.

Оқушылардың көбісі: теориялық мүмкіндіктің практикадағы заттың массасынан айырмашылығын себептерін түсіндіре алады.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPoint және де оның мүмкіндіктерін көре алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1.Бөлмені желдету.

2.ҚЕ сақтау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу.

Сыныпта ынтымақтастық орнату.

Сабақтың тақырыбын анықтау.

Кейін оқушылармен сабақ мақсатын талқылаңыз.

10.2.2.3 Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу

1.Сыныпты белсенденділігін арттыру:

Тапсырма №1

Жұппен жұмыс:

Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.

Фотосинтездің реакциясы:

2О+6СО26Н12О6+6О2

Реакция нәтижесінде 9 моль оттек түзілген болса, жұмсалған көмірқышқыл газының массасын есептеңіз.

Слайд 1-3

Слайд 4

Сабақтың ортасы

5-12 минут

12-19 минут

19-26 минут

26-33 минут

33-37 минут

Тапсырма №2 Жеке жұмыс.

Өндірісте аммиакты келесі реакция бойынша алады.

3H2+N2=2NH3

Осы реакцияға (қ.ж.) 56л сутек жұмсалған болса, пайда болған аммиактың массасын есептеңіз.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма №3 Өндірісте өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу керектігі туындайды.

(Топтық жұмыс)

(керек болған жағдайда видео)

https://www.youtube.com/watch?v=wcadxu_iXZU

1-аялдама. Алюминий зауыты.

Алюминийді өндірісте алюминий оксидін электролиздеу арқылы алады.

Сіз алюминий заводының басшысысыз. Алюминийдің теориялық мүмкіндігінен 80 пайыз шығымы болатынын біле тұрып, 2 тонна ішінде 90 % алюминий оксидінен тұратын бокситтен қандай масса алюминий алуға болатынын есептеңіз.

2-аялдама. Аммиак зауыты.

Жоғарыда аммиак алу реакциясы көрсетілген. Теориялық мүмкіндігінен 75 % шығымы болатын болса, 3 тонна аммиак алу үшін қандай көлем сутегі жұмсалады.

3-аялдама. Темір зауыты.

Темірді өндірісте темір (ІІІ) оксидін кокспен тотықсыздандыру арқылы алады.

1 тонна темір алу үшін, теориялық мүмкіндігінен 90 % шығымы болса, құрамында 10% қоспасы бар темір (ІІІ) оксидінің қандай массасы қажет.

Тапсырма 4

Оқушыларға өздеріне есеп шартын құрастыру ұсыну. Оқуылар тапсырманы орындап болған соң http://www.textfixer.com/tools/random-choice.php сайты көмегімен 3 оқушының есебін класқа ұсыну.

(уақыт жетпей қалған жағдайда үй тапсырмасы)

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия

1. Есептер шығаруда қандай қиындықтар туындады, дәлірек орындалуы қиынтапсырма?

2. Қандай тапсырмалар қиындық туғызбады?

3. Бұдан басқа жұмыс істеу үшін не қажет?

Слайд 9

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?