«Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу». Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
10 сынып 1 тоқсан Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №
Пән: химия | Сынып:_____ | Оқушының аты-жөні:________________ Күні_____________ | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Оқу мақсаты |
| |
| 10.2.2.3 Өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеу | ||
Дағды Қолдану | Бағалау критерийлері |
1-Тапсырма.
Жұппен жұмыс:
Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.
Фотосинтездің реакциясы:
6Н2О+6СО2=С6Н12О6+6О2
Реакция нәтижесінде 9 моль оттек түзілген болса, жұмсалған көмірқышқыл газының массасын есептеңіз.
2-Тапсырма.
Өндірісте аммиакты келесі реакция бойынша алады.
3H2+N2=2NH3
Осы реакцияға (қ.ж.) 56л сутек жұмсалған болса, пайда болған аммиактың массасын есептеңіз.
1-аялдама.
Алюминийдің теориялық мүмкіндігінен 80 пайыз шығымы болатынын біле тұрып, 2 тонна ішінде 90 % алюминий оксидінен тұратын бокситтен қандай масса алюминий алуға болатынын есептеңіз.
2-аялдама. Аммиак заводы.
Жоғарыда аммиак алу реакциясы көрсетілген. Теориялық мүмкіндігінен 75 % шығымы болатын болса, 3 тонна аммиак алу үшін қандай көлем сутегі жұмсалады.
Аялдама -3. Темір заводы.
Темірді өндірісте темір (ІІІ) оксидін кокспен тотықсыздандыру арқылы алады.
1 тонна темір алу үшін, теориялық мүмкіндігінен 90 % шығымы болса, құрамында 10% қоспасы бар темір (ІІІ) оксидінің қандай массасы қажет.
Жетістік критерийлері | Дескриптор |
-оқушыар өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеуді біледі. | -оқушылар өнімнің теориялық мүмкіндігін пайыздық көрсеткішпен есептеуді білсе. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?