Карбон қышқылдары. № 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу". Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Практикалық жұмыс «Карбон қышқылдарын алу және оның қасиеттерін зерттеу»

Карбон қышқылдарын алу

  • Спирттерді қатаң жағдайда тотықтыру – калий перманганаты мен калий дихроматы ерітінділерінің қатысында қыздырғанда.
    • Сынауыққа 1-2 мл этил спиртін 5-6 тамшы хром қоспасын тамызыңыз, қыздырыңыз.
  • Альдегидтерді тотықтыру:

1-2 мл этанальға 1мл мыс гидроксидін қосып жалында қыздырыңыз.

Карбон қышқылдарының қасиеттері

Тәжірибе1. Қышқылдарды олардың тұздарынан басқа қышқылдармен ығыстыру.

А) Жеке сынауықтарға сірке қышқылының құрғақ тұзын, көмір қышқылының құрғақ тұзын салыңыз. Оларға күкірт қышқылын тамызыңыз.

Б) Көмір қышқылының тұзына лимон қышқылын және сірке қышқылын тамызыңыз, салыстыру үшін сұйытылған күкірт қышқылымен салыстырып көріңіз.

 Көмір қышқылының орынбасуы көмірқышқыл газының бөлінуі арқылы тексеріледі, ал сірке қышқының орынбасуы – қоспаны қайнатқанда иісі арқылы анықталады.

Тәжірибе 2. Органикалық қышқылдардың тотығуындағы ерекшеліктері

Органикалық қышқылдар ерітінділерін дайындаңыз: (құмырсқа, сірке, лимон), 0,05-0,1 г қышқылды және 1-2 см3 суды араластыру арқылы. Дайындалған ерітінділерге 1 см3 сұйытылған күкірт қышқылын және калий перманганатын тамшылатып тамызыңыз. Тотығу барысында ерекшеліктер ерітінділердің түсінің өзгеруі арқылы уақыт өткен сайын біліне бастайды.

Тәжірибе 3. Құмырсқа қышқылының тотығуы.

Газ түтікшесі бар сынауыққа 0,5-1 см3 құмырсқа қышқылын құйыңыз, 1 см3 сұйытылған күкірт қышқылы және 1-2 см3 калий перманганаты ерітіндісін тамызыңыз. Түтікшенің ұшын екінші сынауыққа батырыңыз(соңына шейін), екінші сынауықта1-2 см3 әк суы құйылған болу керек , бұл қоспаны ақырын қыздырыңыз.

Бірінші сынауықта KMnO4 ерітіндісі түссізденеді, екінші сынауықта ақ тұнба түзіледі. (кальций немесе барий карбонаты ).

 Құмырсқа қышқылының тотығуы әрі альдегид болып табылатындықтан оңай тотығады:

 H – COOH + O = HO – COOH = H2O + CO2.

  Тәжірибе 4. Құмырсқа қышқылынын және оның тұзын ерітіндіде «күміс-айна» реакциясы арқылы анықтауға болады.

 Күміс гидроксидінің аммиакты ерітіндісін дайындау үшін 2-3 см3 1 %-тік күміс нитраты ерітіндісіне 1-2 тамшы 10 %-тік натрий гидроксиді ерітіндісін құйыңыз. Түзілген күміс оксиді ерітіндісін ерітіңіз, ол үшін тамшылатып 5 %- аммиак ерітіндісін тамызыңыз. Түзілген мөлдір ерітіндіге 0,5 см3 натрий формиаты/ құмырсқа қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Реакциялық қоспасы бар сынауықты су моншасында (70…80 °С) қыздырыңыз. Біраз уақыттан соң күміс металының жылтыр айна сияқты болып бөлінегін немесе қара тұнба болып бөлінгенін байқайсыз. .

Тәжірибе 5, 6. Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу.

Сірке қышқылының магниймен және мыс (II) оксидімен әрекеттесуі.

Сынауыққа 2 см3 сірке қышқылын құйып, оған 0,1-0,2 г металл магний салыңыз. Сынауықты түтікшелі тығынмен бекітіңіз. Газды суды ығыстыру әдісі арқылы жинап, жағыңыз:

2CH3COOH + Mg = (CH3-COO)2Mg + H2.

магний ацетаты

Сынауыққа 0,1-0,2 г мыс (II) оксидін және 2 см3 сірке қышқылын құйыңыз, байқап жалында қыздырыңыз. Ерітіндінің түсінің өзгерісін бақылаңыз.:

2CH3-COOH + CuO = (CH3-COO)2Cu + H2O.

Мыс (II) ацетаты



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?