Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы. Химия, 9 сынып, қосымша материал 1.


Улы металдар

 Металдар көне заманнан белгілі токсиндер болып табылады. Олар тау жыныстарда және кендерде кездеседі. Жаңбыр сулары оларды ерітіп, қоршаған ортаға таратады. Біз оларды түрлі мақсаттарда қолданамыз. Сондықтан біздің ағзамыз олардың әсеріне шалдығады. Металдардың деңсаулыққа әсері тері зақымданудан бастап қатерлі ісік пайда болуына дейін болу мүмкін.

 Денсаулыққа әсері бойынша металдарды төрт топқа бөлуге болады.

Негізгі улы металдар

Металдар

Қайнар көзі

Денсаулыққа әсер ету салдары

Хром

Көмір және мұнай, цемент, былғары өнеркәсібі, ксерокс

Жедел әсерлері - ентікпе, жөтел және сырылдар, тері күйіктері, жүрек айнуы, құсу, диарея.

Адам үшін канцерогенді, бронхит, пневмония, бронх демікпесі, мұрын қышуы.

Мышьяк

Жанартаудың атқылауы, ластанған ауыз су (топырақ шаймалау), инсектицид және гербицид ретінде пайдаланылды.

Жедел әсерлері - жүрек айнуы, диарея, іштің ауыруы, бас ауруы.

Созылмалы әсерлер - тері тітіркенуі, дерматит, тері зақымдануы - гиперпигментация, және некроз , гангрена , қуық және бауыр , өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады.

Қорғасын

Этилденген бензин, азық-түлік және топырақ өнімдері, ойыншықтар, батарея өндірістік өсімдіктер

Жедел әсерлері - бас ауруы, бас айналуы, асқазан-ішек белгілері, сондай-ақ жоғары деңгейде өлім.

Созылмалы әсерлері - балалардың анемия, мінез-құлық және оқыту мүмкіндігі шектеулі, жүкті әйелдер түсік, туған салмағы төмен, гиперактивтілігі, қатерлі ісік тудыратын агент.

Сынап

Ластанған судан ауланған тұщы су балығы, тұрқы (пломба), люминесценттік жарықтар және термометрлер

Жүру қабілетсіздігі, құрысулар (конвульсии) , жоғары дозада тіпті өлім, эмоционалдық өзгерістер, балалардың жүру мен сөйлеулерінің кешігіп дамуы

Никель

Зергерлік бұйымдар, тот баспайтын болаттан жасалған ас ыдыстары , сондай-ақ киім бекіту, білтелер, батареялар

Жедел әсерлері - бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, ұйқысыздық,

Созылмалы әсерлері - өкпе аурулары және онкологиялық аурулары

Улылық потенциалы бар металдар

Бұл металдар біздің ағзамыздың өсуіне және дамуына қажет, бірақ артық мөлшерде улы болу мүмкін.

Металдар

Қайнар көзі

Денсаулыққа әсер ету салдары

Темір

Болат және шойын өндіру жері, медициналық мақсатта қолданған жағдайда.

Өткір әсерлері - құсу, асқазан- ас қорыту жүйесі жолдарының жаралануы, бауырдың жаралануы мен бүйрек жетіспеушілігі.

Созылмалы әсері - қант диабеті пайда болады, бауыр мен жүрек-қан тамырларының қызметтеріне әсер етеді.

Мырыш

Тағам өнімдері, су, ауа, мырышпен қапталған банктер, ыдыс-аяқ, пластик құбырлары, орташа саны теңізөнімдері, ет, сүт өнімдері және жаңғақ.

Ас қорытуы бұзылады, іш өту (диарея) пайда болады, дем алған кезде қызбаны (лихорадка) тудырады

Селен

Азық-түлік, ауыз су, металлургия, пластмассалар, бояулар, эмальдар, сия, резеңке, қайызғаққа қарсы сусабындар.

Өткір әсерлері – сілеймелі қабықтардың (слизистая оболочка) тітіркенуі, өкпе, ісінуі, бронхит және бронх пневмониясы. Мұрын және ауыз қуысының сілеймелі қабықтардың тітіркенуі, жөтел, мұрыннан қан кету, жүректің айнуы, бастың ауруы, бастың айналуы, көздің тітіркенуі, лоқсу, құсу, диарея, метеоризм, ашуланшақтық, қалтырау (озноб) және дірілдеу.

Созылмалы әсерлері - терінің түсінің өзгеруі, тырнақтың деформациясы мен түсуі, шаштың түсуі, шамадан тыс кариестің пайда болуы және тістің түсінің өзгеруі және ақыл-ой белсенділігінің төмендеуі.

Медициналық терапияда қолданылатын улы металдар

Бұл адам сырқаттары бірқатар емдеу үшін пайдаланыланy металдар, бірақ олар организмде жинақталу кезде олар улы әсерлер етуі мүмкін.

металл

Қайнар көзі

Денсаулыққа әсері

алюминий

Ыдыс аяқ, диализ сұйықтықтарын сақтайтын контейнерлер

Көзді, өкпе ұлпаларын және теріні тітіркендіреді, өкпе фибриозы.

алтын

Теңіз және өнеркәсіптік сулары

Дерматит, стоматит

Шағын улы әсері бар металл

Металдар

Қайнар көзі

Денсаулыққа әсер ету салдары

Барий

Бояулар, сабын, қағаз, резеңке, су,

х-сәулелер

Гастроэнтерит, бұлшық еттердің сал (паралич) ауруларын, өкпе ауруларын тудырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?