Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Адам ағзасындағы химиялық элементтер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Қоршаған ортаның ластануы, ауыр металдар, улы металдар, қорғасын, сынап Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Ауыр металдардың негізгі көзі зауыттар, ...... болып табылады. Қорғасын элементі ..... қолданылады, дегенмен де............ Олар адам ағзасында шектеулі мөлшерден асса, ............ аурулар тудырады. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұптық жұмыстар және оны бағалауда академиялық шындықты сақтау; | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, география | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1- 4 мин | (W) Кіріспе. Оқушылар сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқушыларды оқу мақсатымен, бағалау критериилерімен таныстыру. | Презентация -1,2,3,4 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 мин 10-25 мин 25-36 мин
| (W) Сыныпқа мұғалім ауыр металдар туралы негізгі ақпарат береді. (I) Тапсырма 1. Сізге берілген қысқа және ұзын периодтық кестесін пайдалана отырып, ауыр металдардың орналасу аймағын анықтаңыз. Оқушылар кестеден ауыр металдарды анықтап, мұғалім тарапынан кері байланыс алады. (W) Мұғалім сыныпқа ауыр металдардың қоршаған ортаға түсу жолдарын көрсетеді. Сондай ақ статистикалық мәліметті оқушылармен талқылайды. (Р) Тапсырма 2. Cуретті пайдалана отырып, сынаптың табиғаттағы айналымы бойынша жұпта эссе құрастыр (5-6 сөйлем). 7-8 мин Эссе критериилері:
БАҒАЛАУ: Оқушылар жұптар бір-бірімен жұмыстарымен ауысып бағалап, кейін кез-келген 2 жұп бүкіл сыныпқа оқиды. Бағалауын түсіндіреді. (W) Мұғалім оқушыларға «қорғасынның адам ағзасына түскен кездегі өзгерісі және кейбір элементтердің адам ағзасына түскендегі кері әсерлері» туралы жалпы ақпаратты беріп, толықтырып түсіндіреді. (I)ТАПСЫРМА 3. https://www.twig-bilim.kz/ru/film/the-elements-lead сілтемесі бойынша бейнебаянда төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Бағалау: Оқушылардың белсенділігі мен талап ниеттері бойынша жауаптар беріледі. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. ТАПСЫРМА 4. Ауыр металдардың қоршаған орта мен адам өміріне тигізетін пайдасы да, зияны да бар. Дегенмен де, қоғамда адам денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болғандықтан ауыр металдардың адам ағзасына тигізетін зиянын төмендету үшін қандай әдістер ұсынар едіңіз Ауыр металдардың зиянын төмендетуге арналған іс-шаралар: 1. Жанармайға мүмкіндігінше қорғасын қосылыстарын қосуды азайту. 2. Жанармайдың балама түрлерін (биожанармай, этил, метил спирттері) қолдану.3. Негізгі автокөлік көп жүретін күре жолдарды елді мекендердің ішінен өткізбеу керек. 4. Автокөліктердің түтін шығатын жерлеріне қорғасынды ұстап қалатын сүзгі қондырғысын орналастыру. 5. Жанармай бекеттерін елді мекендердің ішіне салуға тыйым салу. 6. Қорғасын зауытының қалдығынан өлкемізді тазарту керек. 7. Ескі автокөліктердің жүруін шектеу керек, көп мөлшерде айыппұл төлету. 8. Жол жағалауларына ағаш отырғызу. 9. Электр үнемдеуші лампаларды қолдану туралы үгіт-насихат жұмыстарын көбірек жүргізу қажет. 10. Құрамында сынабы бар металдар мен аспаптарды қолдану аясын төмендету. 11. Сынап мен қорғасынды алмастыратын түрлерін жасап шығару. Ескерту: басқа да логикаға сыйымды әдіс-тәсілдер қабылданады. (W) Оқушылармен сыныпта жалпы талқылай отырып, мұғалім сабақтың идеясын қорытындылайды. | Презентация -5 Қалыптастырушы бағалау парағы Презентация -6 Презентация -7-8 Қалыптастырушы бағалау парағы Презентация -9-10 Презентация -11-12 Видеокөріністер: Ауыр металдар. Қоршаған ортадағы ауыр металдарды жою. Қорғасын. Презентация -13 Презентация -14 Презентация -15 | |||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия.
| Рефлексиялық тараппа | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдарымен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке алаотырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылаалады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?