Аммиактың құрылысы. Химия, 9 сынып, презентация.
Аммиактың құрылысы
Оқу мақсаты
Аммиактың молекулалық, электронды және құрылымдық формуласын түсіндіру.
Бағалау критерийлері
Білім алушы мақсатқа жетеді, егер:
Аммиактың электрондық формуласын құрастырады
Аммиактың құрылымдық формуласын құрастырады
Аммиак молекуласының моделін құрастырады
Аммиактың физикалық қасиеттерін атайды
Аммиак молекуласының құрылысының ерекшеліктерін анықтайды
Аммиак сөзімен ассоциация құрайтын сөзді таңдаңыз:
Өткір иіс, мүсәтір спирті, иіссіз, газ, сұйық, қатты зат, түссіз, сұр түсті, суда ерімейді, суда ериді, медицинада қолданылады, улы.
Қай шар жоғарыға көтеріледі: ауамен толтырылған немесе аммиакпен толтырылған ?
Жауабыңызды түсіндіріңізАммиактың молекулалық формуласы – NH3
Аммиактың физикалық қасиеттері
Қалыпты жағдайда - өзіне тән өткір иісі бар, түссіз газ (мүсәтір спиртінің иісі), ауадан 2 еседей жеңіл, улы.
Суда жақсы ериді (1200 көлемі 00С-та немесе 700 көлемі 200С температурада).
Аммиак молекуласының құрылысы
Ковалентті полюсті байланыс
Жұптық жұмыс
Атомдардың электрондық формуласын құрастырыңыз:
А) азот
В) сутегі
Химиялық элементтердің атомдарының электрондарының деңгейде және деңгейшеде таралуын көрсетіңіз
Аммиак молекуласындағы химиялық байланыс
Аммиак молекуласындағы химиялық байланыстың түзілуін «нүкте мен айқыш» диаграммасы арқылы көрсетіңіз
Аммиак молекуласындағы азотпен сутегінің тотығу дәрежелерін анықтаңыз.
Құрылымдық формула
Аммиактың құрылымдық формуласын құрыңыз
Аммиак молекуласындағы электрондық тығыздықтың жылжуын бағыт арқылы көрсетіңіз және азотпен сутегі атомдары қабылдайтын зарядтарын көрсетіңіз.
Аммиак молекуласының электрондық құрылысы
Азот атомындағы төрт электрондық жұптың үшеуі жалпы, біреуі бөлінбеген.
NH3 молекуласының түзілуіне азот атомының электрондық орбитальдары өзара перпендикуляр 3 жұптаспаған р-электроны және 3 сутегі атомдарының 1s-электрондары қатысады.
Аммиак молекуласының электрондық құрылысы
Молекуланың формасы дұрыс пирамида: үшбұрыштың бұрыштарында сутегі атомдары, пирамиданың төбесінде – азот атомы орналасқан.
H-N-H байланыстарының арасындағы бұрыш 107,78 градусқа тең.
Аммиак молекуласының құрылысы
Модельдеу. Жұпта жұмыс жасау
Атом модельдерін қолданып аммиак молекуласының моделін құрастырыңыз.
«Сен маған, мен саған» ойыны
Жұп болып төмендегі тақырып бойынша бір-біріңізге 2 сұрақтан қойып, кейін оларға жауап беріңіз : «Аммиак молекуласының құрылысы»
Үй жұмысы.
1. Келесі тақырып бойынша 2 тест сұрағын құрастырыңыз: «Аммиак молекуласының құрылысы».
2. Тақырып бойынша 1 ребус құрастырыңыз.
Сабақта:
Мен сабақ тақырыбын өте жақсы түсіндім. Сұрақтарға жауап бергенде өзіме сенімді болдым.
Мен сабақ тақырыбын түсіндім, толық емес.
Сұрақтарға жауап бергенде дұрыс жауап бере алмай қаламынба деп қорықтым.
Менің сабақ оқуға зауқым болған жоқ. Бүгін менің күнім емес.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?