Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы.  №6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары 

Мектеп:

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс:

Оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы.  №6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". 

Бастапқы білім

7.4А Атом құрылысы

7.2В Қарапайым химиялық реакциялар

9.1С Химиялық реакциялардың жүру заңдыдықтары

Оқыту мақсаттары

9.2.1.16 аммиакты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру; 9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу; 

 Сабақтың мақсаттары

- аммиак қолданысын сипаттау

- газтәрізді және ерітінді түріндегі аммиактың қасиеттері мен алынуын білу;

Бағалау критерийлері

  • Аммиактың және оның қосылыстарының қолданылу аймағын түсіндіру; 
  • Аммиакты алудың лабораториялық жолын дұрыс құрады;
  • Аммиакты сапалық анықтау жолдарын жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Аммиак-аммиак- Ammonia

Мүсәтір спирті-нашатырный спирт- Liquid ammonia

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аммиактың тыныс алу жүейесіне ...............әсер етеді

 Құндылықтарды

 дарыту

Құндылықтарды дарыту қоршаған ортаны қорғауға оқушының көзқарасы арқылы/көмегімен жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Биология

Кезең

Аммиактың тыныс алу жолдарына әсері

 Дифференциация

Аммиак алынуын түсіндіу. Сурет бойынша.

Бекіту тапсырмалары.

А) атомдардың шарстерженьді модельдері көмегімен аммиак молекуласын модельдеңіз.

В) Берілген қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежесін табыңыз. NH4ОН, NH4CI, NН4NO3, (NH4)2SO4.

С) Берілген қосылыстардың ішінен реакцияға түсетін қосылыстарды тауып, молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыздар. NH4CI , AgСІ , NaOH , AgNO3 , (NH4)2SO4 , Fe (OH)2.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнетаспалар, суреттер, сызбакестелер көрсетіледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарымен танысады және қаіпсіздік журналына қол қояды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

Ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Миға шабуыл

Сабақ тақырыбын болжаңыздар

Қалыпты жағдайда түссіз, тұншықтырғыш иісі бар, ауадан екі есе жеңіл, өте улы, судағы ерігіштігі жоғары қандай газ.

-сабақтың тақырыбы хабарланған соң оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- жетістік критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сұрақтарға жауап беру:

-азоттың, сутектің периодтық таблицадағы орнына сипаттама бер

-сыртқы қабатында неше электрон бар

-неше жұптасқан, нешеуі жұптаспаған, неге?

Сабақтың ортасы

3-10

10-15

15-35

35-38

"Cуреттер сөйлейді". Жұптық жұмыс. Әр жұпқа суреттер таратыңыз. Бұл суреттерді оқушылар деңгейіне қарай дифференсациялық түрде үйлестіруге де болады. Кейін әр жұп суреттерде аммиак не үшін, қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіреді.

Аммиак қолданылуын видео ақпарат арқылы бекіту. Сабақ мақсатына оралу. Оқушыларға кері байланыс беру. Аммиактың қолданылуы:

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/ammiak-ammonij-tuzdary

Қауіпсіздік ережесінің тармақтарын еске түсіру.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы№2

1 Практикалық жұмыс « Аммиак: алынуы және қасиеттері»

Жұмыс тәртібі:

Кәрлен келіде кристалл NH4Cl аммоний хлоридінің және Ca(OH)2 ұнтағының бірдей көлемдерін үгіту керек. Дайындалған қоспаны оның көлемінен 1/3 сынауыққа салу керек. Құралды келтірілген схема бойынша жинау, қоспаны ащы иіс пайда болғанға дейін қыздыру (байқап иіскеу!) керек. Содан кейін сынауық-жинақтағышты аударыстырмай ақырын тығынмен жабу, суы бар ыдысқа батыру және тығынды ашу керек. Суы бар жинақты толтырғаннан кейін оны қайтадан тығынмен жабу, судан алып шығу, ішіндегісін қызыл лакмус қағазбен тексеру, сосын бірнеше тамшы фенолфталеинмен тексеру керек.

 

(D) «Су бұрқақ тәжірибесін» көрсетіңіз.

Субұрқақ тәжірибесі : https://www.youtube.com/watch?v=T5mIcDa6lEI

Бекіту тапсрмалары.

А) атомдардың шарстерженьді модельдері көмегімен аммиак молекуласын модельдеңіз.

В) Берілген қосылыстардағы азоттың тотығу дәрежесін табыңыз. NH4ОН, NH4CI, NН4NO3, (NH4)2SO4.

С) Берілген қосылыстардың ішінен реакцияға түсетін қосылыстарды тауып, молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыздар. NH4CI , AgСІ , NaOH , AgNO3 , (NH4)2SO4 , Fe (OH)2.

Реактивтер NH4Cl(тв),Са(ОН)2, жанарғы, дөңгелек түпті 2 құты, қысқышпен газ бұратын түтікпен тығын, стакан, фенолфталеин, су, кристаллизатор

Видео «Получение аммиака в лабораторных условиях»:

http://kivvi.kz/watch/7ex3amdjpbja/

Субұрқақ тәжірибесі : https://www.youtube.com/watch?v=T5mIcDa6lEI

Реактивтер мен құрал- жабдықтар: жалпақ түпті колба, дөңес колба

Сабақтың соңы

35-38

Рефлексия:

«Плюс- Минус- Қызықты»

Үй тапсырмасы:1. Келесі қосылыстардың айырылу теңдеуін жазыңыздар. NH4ОН , NH4CI , NН4NO3, NH4НСO3.

Рефлексия

38-40

«Тізбек»: оқушылар тізбектеле отырып жаңа сабақ бойынша білгенін айтады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?