Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. №6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу". Химия, 9 сынып, қосымша материал 3.
Aммиак (NН3) – суда жақсы еритін (1V Н2О : 700V NН3) өткір иісті, ауадан жеңіл, (D (ауа)═ 0,59; D (н2)═ 8,5) түссіз газ. -33,4температурада сұйыққа айналады
Алынуы: Аммиак өндірісте жай заттардан синтездеу арқылы алынады:
N2 + 3Н2 ═ 2NН3
Зертханада: 2 NН4ССI + Са(ОН)2 ═ 2NН3↑ + 2Н2О +СаСI2
Аммиактың химиялық қасиеттері:
Аммиак жанады.
1. а) 4NН3 + 3О2 ═ 2N2 + 6Н2О оттегі жетіспегенде
ә) 4NН3 + 5О2 ═ 4NО+ 6Н2О оттегі жеткілікті мөлшерде
2. NН3+НСІ — NН4СІ
- NН3+НОН — NН4ОН
Аммиак молекуласындағы коваленттік байланыс донорлы – акцепторлы механизм бойынша түзіледі. N – донор, НСІ молекуласындағы Н+ - акцептор деп аталады.
Аммоний гидроксиді NН4ОН – аммиактың судағы ерітіндісі. 40% - ы мүсәтір спирті, әлсіз, тұрақсыз негіз, фенолфталеинді қызартады.
Химиялық қасиеттері\: негіздерге тән барлық реакцияларға түседі:
1) Диссоциацияланады|: NН4ОН ═ NН4+ + ОН-
2) қышқылдармен әрекеттеседі: 2NН4ОН + Н2SО4═ ( NН4)2SО4 + 2Н2О
3) қыздырғанда айырылады: NН4ОН ═ NН3↑ + Н2О
Аммоний тұздары – бұл құрамына қышқыл қалдығымен қосылған аммоний ионы NН4+ кіретін күрделі заттар, мысалы: NН4СІ, ( NН4)2SО4
Алынуы:
2NН3+ Н2SО4 ═ (NН4)2SО4 аммоний сульфаты
NН3+НСІ ═ NН4СІ
3NН3+Н3РО4 ═ (NН4)3 РО4
Аммоний тұздары суда ерімтал, еріген кезде иондарға ыдырайды:
(NН4)2SО4═ 2 NН4+ + SО42-
Химиялық қасиеттері:
1) қышқылмен: (NН4)2СО3 + 2НСІ ═ 2NН4СІ +СО2↑ + Н2О
2) тұзбен: (NН4)2СО3+ВаСІ2 ═ ВаСО3↓ + 2NН4СІ
3) сілтімен: (NН4)2СО3+2ΝаОН ═ Νа2СО3+2Н2О+ NН3↑
4) Аммоний тұздары қыздырғанда айрылады:
(NН4)2SО4 ═ NН3↑ + NН4 НSО4
(NН4)3 РО4 ═ 3NН3↑ + Н 3РО4
NН4NО3 ═ N2О + 2Н2О
NН4NО2 ═ N2 + 2Н2О
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?