Аммиактың құрылысы. Химия, 9 сынып, қосымша материал.


Символ

Элемент

Атомдық массасы

Атомдар саны

Массасының проценті

N

Азот

14.007

1

82,2%

H

Сутегі

1.008

3

17,8%

Молекулалық массасы: 17,031

Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ.

Аммиак ауадан шамамен алғанда екі есе жеңіл.

Аммиактың суда ерігіштігі жоғары - 1000 көлем суда 1200 көлем (0 °C кезінде) немесе 700 көлем (20 °C кезінде) NH3 ериді. Тоңазытқыш техникада R717 деген атауға ие, мұндағы R — Refrigerant (хладагент), 7 — хладагент типі (бейорганикалық қосылыс), 17 — молекулалық массасы

Физикалық қасиеттері

Аммиак — түссіз, өткір иісті, ауадан екі еседей жеңіл, тұншықтырғыш газ. Балқу температурасы -77,8°С, қайнау температурасы -33,4°С.

Аммиак суда өте ерімтал, 1 көлем суда 700 көлем аммиак ериді. Аммиак суда ерігенде аммиак гидратын NH3·H2O түзеді. Аммиактың судағы ерітіндісі аммиак суы немесе мусәтір спирті деген атпен дәріханада сатылады.

Молекуласының құрылысы

Аммиак молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстар ковалентті болып табылады. АВ3 молекуласының жалпы көрінісі, сондықтан, гибридтеудің түрін және молекуланың құрылымын анықтау үшін, валентті байланыстар әдісін және Гиллеспи әдісін пайдалануға болады:

7 N 1s22s22p3

1H 1s1

Азот атомының барлық валенттік орбитальдары гибридтенуге қатысады, сондықтан аммиак молекуласының гибридтену түрі sp3 болып табылады. Молекуланың құрылымын анықтау үшін біз жалғыз электрондық жұптардың санын есептеп шығарамыз:

ЖЭС = (5-3)/2 = 1

Сәйкесінше, бір бөлінбеген электрон жұбы бар. Аммиак AB3E – тригональды пирамида құрылымына ие.

[attachment=36835:ammiakty-rylysy.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?