Күкірт оксидтері. Химия, 9 сынып, презентация.


Бейне материалды мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air

1. Ауаның ластану себептері?

2. Танымал ауа ластаушылары?

3. Ластаушы газдар адам ағзасына қалай әсер етеді?

4. Ластаушы газдар қоршаған ортаға (өсімдіктерге, жануарларға, топыраққа, ғимараттарға) қалай әсер етеді?

5. Ауаны ластанудан сақтау үшін болашақта қандай шаралар жасау керек?

Жауаптары:

көлік, жанармай, өнеркәсіптер

Көмірқышқыл газы, көміртек монооксиді, күкірт диоксиді және азот оксидтерінің қоспасы

Астма, бронхит, созылмалы өкпе аурулары, тері аурулары

Газдар химиялық реакцияға түсіп тұмшалар мен қышқыл жаңбырларды түзеді. Қышқыл жаңбыр ретінде өзендерге түсіп балықтарды өтіреді, ағаштар мен жапырақтарды тесіп өтіп қызметінен айырады, топырақтағы құнарлы заттарды жойып зиянды заттарға алмастырады, ғимараттардағы әктаспен реакцияға түсіп тоздырады.

Экологиялық таза отын және баламалы энергия көздерін дамыту

Бағалау критерийі (бағдаршам әдісі): 

5 жауап дұрыс болса – жасыл стиккер, 

3 жауап дұрыс болсасары стиккер

2 немесе ешқандай жауап дұрыс болмаса – қызыл стиккер беріңіз. 

Көрсетілген бейнематериал мен өткен сабақтағы тақырыпты байланыстыра отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына гипотеза жасаңыздар

Сабақтың тақырыбы:

КҮКІРТ ОКСИДТЕРІ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

9.2.1.13 – күкірт (IV) и (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру, олардың адам ағзасына физиологиялық әсерін зерттеу.

9.4.2.1 – қышқыл жаңбырлардың пайда болу себептерін және қоршаған ортаға экологиялық әсерін түсіну

Бағалау критерийлері

- күкірт оксидтерінің химиялық қасиеттерін көрсететін реакцияларды жаза алады;

- қышқыл жаңбырдың түзілуі, қоршаған ортаға әсері туралы диаграмма құрастырады;

- күкірт оксидтерінің адам ағзасына физиологиялық әсері туралы диаграмма жасай алады.

Күкірт оксидтерінің физикалық қасиеттері, алынуы

Жұппен жұмыс:

Жауабы

Бағалау критерийі (бағдаршам әдісі): 

Барлық жауап дұрыс болса – «өте жақсы»

4 жауап дұрыс болса – «жақсы»

3 дұрыс жауапқа дейін болса – «қанағаттанарлық» деп дәптерлеріне жазып береді.

Әр топ «күкірт оксидтерінің адам ағзасына физиологиялық әсері мен қоршаған ортаға зиянды әсерлерін» А3 форматты қағазға диаграмма, кесте, суреттер сызу т.б. арқылы түсіріңіздер

Дескриптор:

1. Адам ағзасына қандай зиянды әсер әкелетінін нақты түрде көрсету қажет.

2. Қоршаған ортаға әсерін нақты көрсету керек.

3. Диаграмма информация беретіндей болуы қажет.

Бағалау: екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша іске асады (топтар өзара бағалайды)

Рефлексия

Бүгінгі сабақтың сіздер үшін маңыздылығын бағалаңыз!  

1. Сабақ сіздерге түсінікті болдыма а) иә; б) жоқ. 

2. Сабақтың қай кезеңі сізге қызықты өтті: а) бағалау кезеңі; б) тапсырмалардың деңгейі; в) сабақта алынған білім 

3. Бүгінгі сабақта мақсатқа қол жеткіздім деп ойлайсыз ба: а) иә; б) жоқ; в) жартылай 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?