Қайтымды реакциялар. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Бөлім: 9.1D Қайтымды реакциялар | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқан оқушылар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қайтымды реакциялар | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.3.1 – қайтымды және қайтымсыз реакцияларды білу 9.3.3.2 – тепе-теңдікті динамикалық үрдіс ретінде сипаттау және Ле Шателье-Браун принципіне сәйкес химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1. Қайтымды және қайтымсыз реакциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсінеді; 2. Ле Шателье-Браун принципіне сәйкес химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжайды. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика және терминология: тепе-теңдік, ығысу, қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Сөз тіркестері: Реакция қайтымды, егер … Реакция қайтымсыз, егер … Тепе-теңдік өнім бағытына ығысады, егер … Тепе-теңдік реагенттер бағытына ығысады, егер … | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Аталған сабақ академиялық адалдық және топта жұмыс істеу құндылықтарын дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық және жеке жұмыстарды орындау арқылы іске асады. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушыларда қайтымды және қайтымсыз реакциялар туралы, тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары туралы білімдері қалыптасады. Қайтымдылықты оқыту барысында физика пәнімен пәнаралық байланыс болады. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8.3.4.1 заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктеу 8.3.4.3 температураның заттардың ерігіштігіне әсерін түсіндіру | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут 3-5 минут | 1. Сабақты видео көрсетуден бастауға болады. https://www.youtube.com/watch?v=tfXIq2OM_7A
Видео көрсетіп болған соң, оқушылардың келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз: - Маятниктің қозғалысы туралы не айта аласыз? - Неге бастапқы орнына қайтып келеді? - H2 +I2=2HI Берілген жазбаның қандай ерекшелігі бар?
2. Мақсаттардыру. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары анықталады:
| http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/bd0d808e-db78-f3d2-e3b2-5388709d7222/1011619A.htm
| |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-16 минут №1 ресурспен жұмыс Мұғалімнің түсіндірмесі Бағалау мұғалімнің пікірін оқушының түсіну дағдасының дамуы арқылы жүзеге асады 17-25 минут Теориялық ресурспен жұмыс (Түсіну дағдыларын дамыту) (Бағалау мұғалімнің пікірі арқылы жүзеге асады) 26-33 минут Бекіту (Өзара бағалау, Дифференциацияланған тапсырмаларды орындау, қолдану дағдыларын дамыту)
| 3. Жеке жұмыс №1 ресурспен жұмыс («аяғына дейін жүреді» сөз тіркесіне дейін) Түсіну дағдыларын дамыту Қайтымсыздықтың үш жағдайын талқылау (↓,↑, H2O, +Q) Келесі реакцияларды қайтымсыз реакцияларға жатқызады: 1) газ немесе тұнба болатын қосылыс түзілсе, мысалы ВаСl2 + Н2SО 4 = ВаSО4↓ + 2НСl Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + CO2↑ + H2O 2) аз диссосацияланатын қосылыс түзілсе, мысалы су: НСl + NаОН = Н2О + NаСl 3) көп энергия бөле жүретін реакциялар, мысалы магнийдің жануы Mg +1/2О2= МgО, ∆H = -602,5 кДж / моль Теориялық ресурс (Түсіну дағдысы) Оқушылармен тапсырмаларды орындау (Білімдерін қолдану) Қайтымды және қайтымсыз үрдістерге арналған тапсырмалар
1 деңгей NaOH + HCl —> NaCl + H2ON2 + 3H2 —> 2NH3 AgNO3 + NaCl —> AgCl + NaNO3 SO3 + H2O —> H2SO4CH4 + 2O2 —> CO2 + 2H2OHCOOH + CH3OH —> HCOOCH3 + H2O 2 деңгей BaO + H2SO4 = HCl + Na2CO3 = SO2 + O2 = C2H6 + O2 = 3 деңгей Берілген заттардың ішінен өзара әрекеттесетін заттарды анықтап, теңестірілген төрт реакция теңдеуін жазыңыз: NaOH, AgNO3, SO2, O2, C2H6, HCl, H2O. |
| |||||||||||||||
Сабақтың соңы 34-40 минут | 4. Рефлексия және кері байланыс - Қайтымды химиялық үрдістерге анықтама беріңіз. - Қайтымсыз реакциялардан айырмашылығы не? - Қоршаған ортадағы қайтымды үрдістерден мысал келтіріңіз. Мұғалім оқушылардың жетістіктерін талқылай отырып, сабақ мақсаттарына қайта оралады. Оқушылар жазбаша келесі сөйлемдерді қолданып рефлексия жасайды: - Мен білемін ... - Мен жасай аламын ... Үй тапсырмасы: Теориялық материалды аяқтап талдау | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Қайталау кезеңінде оқушы өзіне ыңғайлы оқу материалын айту деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (талдау және суреттерді салыстыру). Ақпаратты қабылдау түрлеріне байланысты әр түрлі оқу материалдары қолданылады. Бекіту кезеңінде деңгейі төмен оқушыларға әр түрлі қолдау көрсетіледі. | Жаңа білімді меңгеру және бекіту кезеңдері формативті бағаланады. | Топтық жұмыс барысында оқушылардың сыныпта қозғалуында техника қауіпсіздігі сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?