Қышқылдар. Химия, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
ҚЫШҚЫЛДАР
Оқу мақсаты
8.3.4.8 -қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақтың мақсаты
- қышқылдардың құрамын анықтау;
- қышқылдардың жіктелуін білу;
- химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу.
Бағалау критерийлері:
-Оқушылар мақсатқа жетеді,егер
- қышқылдарды сандық және сапалық құрамы бойынша жіктей алса,
- қышқылдық ортада әр түрлі индикаторлардың түстерін ажырата білсе;
- қандай заттардың қышқылға жататынын анықтай білсе;
- қышқылдардың күшті және әлсіз болатынын білсе.
Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
тұз қышқылы - HCI,
бромсутек қышқылы - HBrкүкіртсутек қышқылы - H2Sкүкіртті қышқыл - H2SO3азот қышқылы - HNO3 кремний қышқылы - H2SiO3фосфор қышқылы - H3PO4.Қышқылдарды алу
1. Оттекті қышқылдарды алу.
4P+O2═2P2O5
P2O5 +3H2O═2H3PO4
(Демон.тәжірибе арқылы фосфор қышқылын алу)
2) SO2+H2O═H2SO3
3) SO3+H2O═H2SO4 (Электронды оқулық арқылы тәжірибе көрсетіледі)
2. Оттексіз қышқылдарды алу үшін (S, CI, Br )сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді.
H2+CI2═2HCI –хлорсутек. Оларды суда ертіп қышқылдар алады.
Химиялық қасиеттері
1.Металдардың кернеу қатарында сутекке дейінгі орналасқан металдар
қышқылдармен әрекеттесіп сутек газын бөліп шығарады.
Li , K, Ca, Na, Mg, AI, Zn, Fe (H) Cu, Hg, Ag , Au.
Са + 2НСl → СаСl2 + Н2
2.Негіздік оксидтер мен әрекеттеседі.
ҒеО+2НСl → ҒеСl2 + Н2О
3. Қышқылдар негіздермен әрекеттеседі.
NaОН + НNO3 → NaNO3 + Н2О
4. Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі.
Na2СO3 + 2НСL→ 2NaСL+ Н2О + СO2 ↑
Рефлексия
Оқушылар жұпта орындайды. Сыныптасының бір саусағын таңдап, бір-біріңіздің сұрақтарынңызға жауап беріңіз.
«M» (бас бармақ) - ойлар, білім, ақпарат.
- Бүгін қандай жаңа не білдім?
«Б» (сұқ саусақ) - мақсатқа жақындығы.
- Бүгін мен не істедім?
«С» (ортаңғы) - бұл ақыл жағдайы.
- Менің көңіл-күйім қандай болды?
- Позитивті эмоциялармен байланысты?
«У» (аты жоқ саусақ - сервис, көмек, ынтымақтастық.
- Бүгінгі күні басқаларға қалай көмектестім?
- Менің қарым-қатынасым басқалармен жақсартылды ма?
«В» (шынашақ) - физиологиялық жағдай.
- Бүгінгі денсаулығым үшін не істедім?
Үй тапсырмасы
Массалық үлесі 2,4% H, 39,1% S, 58,5% О- тен тұратын заттың молекулалық формуласын есептеңдер.
Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі?
6,7 г алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есептеңдер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?