Қышқылдар. Химия, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Қышқылдар

Оқу мақсаты

8.3.4.8 қышқылдадың қасиеттерін, классификациясын білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын, реакция теңдеулерін жаза білу.

Сабақтың мақсаты

Қышқылдардың жіктелуін білу

Қышылдардың қасиеттерін білу

Химиялық реакция теңдеулерін жазу

Ынталандырушы сұрақтар

Қышқылдар несімен ерекшеленеді? Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе?

Қышқылдарды қандай қасиетіне сүйеніп жіктейміз?

Қышқылдар дегенімізқұрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

Қышқыл ортада индикаторлар түсінің өгеруі демонстрациясы

Тәжірибеге сай кестені толтырыңдар.

Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты қышқылдар оттекті және оттексіз деп бөлінеді:

1. Оттексіз қышқылдар HF, HCl, HBr, HI, H2S

2. Оттекті қышқылдар HNO3, H2SO4, H2CO3,H3PO4

Қышқылдарды алу тәсілдері

1. Бейметалл оксидтері сумен әрекеттескенде оттекті қышқылдар алынады.

А) P2O5+ 3H2O = 2H3PO4

Ә) SO3 + H2O = …

Б) SO2 + H2O = …

2. Кейбір бейметалдар сутекпен әрекеттескенде оттексіз қышқылдар алынады.

А) H2+ CI2 = 2HCI

Ә) H2 + S = …

Б) H2 + I2 = …

3. Қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп, кейбір (HCl, HNO3) қышқылдарды алады:

А) 2NaCI + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCI

Ә) КCI + H2SO4 = …

Б) NaNO3 + H2SO4 = …

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау керек

Күкірт қышқылын суда еріткенде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Қышқыл бетіне су тиісімен, ол дереу буға айналады. Сондықтан оны еріткенде суға қышқылды аздап тамшылатып және араластыра отырып құю керек, керісінше болса судың алғашқы тамшылары қайнап, күкірт қышқылының ерітіндісін жан-жаққа шашыратады, теріні, киімді күйдіруі мүмкін.

Қышқыл денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуу керек.

Қышқылдардың химиялық қасиеттері

Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

Mg + H2SO4→ MgSO4+ Н2

Zn+ H2SO4→ ZnSO4+ Н2

Сu+ H2SO4

Fe + H2SO4→ FeSO4+ Н2

Тәжірибеден көретініміз: қышқылмен шабытты әрекеттесетін магний Mg, одан соң мырыш Zn, баяу әрекеттесетіні темір Ғе, ал мүлде реакцияға түспейтіні мыс Сu. Соңғы сынауықтан сутек бөлінбейді. Демек, металдардың қышқылдарға қатысты белсенділігі әр түрлі. Соған байланысты металдардың кернеу қатары құрылған.

Li К Са Na Mg Al Zn Fe Ni Sn Pb (H) Сu Hg Ag Аu.

 

Бұл кернеу қатарын орыс ғалымы Н.Н. Бекетов жасаған және тәжірибе нәтижесінде дәлелденген. Кернеу катарында сутектің сол жағында орналаскан металдар сутекті сұйылтылған қышылдардан (НNО3 басқа) ығыстырып шығарады.

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі

CuO + H2SO4→ CuSO4 + H2О

Қара түсті мыс (ІІ) оксидінің ұнтағына аздап қышқыл ерітіндісін құйып, қыздырса, ол көгілдір түске айналады. Оны суалтқанда кристалл зат мыс (II) сульфаты бөлінеді.

Біліміңді тексер

1. HCl, H2SOберілген қышқылдарды атаңдар, салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

2. H2SO4 – тің құрамындағы элементтердің массалық үлесін табыңдар.

3. Массасы 4 г көміртек оксиді сумен әрекеттескенде неше грамм көмір қышқылы түзіледі?

4. 5 моль хлор сутекпен әрекеттескенде түзілген хлорсутек қышқылының мөлшерін есепте.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?