Қышқылдар. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«Қышқылдар» тақырыбына әдістемелік кеңестер

Қышқылдар несімен ерекшеленеді? Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе?

 Біздің қоршаған қышқылдар өте көп. Бізге қышқылтым дәмі бар қымыз, шұбат, лимон, алма бұрыннан таныс. Бұлардан басқа май, сүт, сірке, қымыздық, бор қышқылы да кездеседі. Қышқылдар тағамдарда, жемістерде, көкөністерде, соустарда, дәмдеуіштерде және дәрігерлердің құрамында кездеседі. Табиғатта сірке және күкірт қышқылдарын шашатын құмырсқа, жұлдыз құрттар да бар. Табиғатта кейбір өсімдіктер соның ішінде қыналардың рөлі өте зор. Олар өзінен қышқыл бөледі. Қышқылдардың адам өміріндегі маңызы зор. Қышқылдар дәрумендер, құрылыс материалы болатын фосфор қышқылының тұздары түрінде, ал адам сқазанында тұз қышқылы түрінде кездеседі.

 Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, жаңбырдың суы ол таза көрінгенімен, оның құрамында еріген көптеген заттар бар. Жаңағы айтқан ауадағы кездейсоқ газдар суда еріп қышқылдар түзеді де, қышқылдық жаңбыр ретінде жерге түседі, ал ол табиғатқа және адамдарға өте зиян. Біздің ағзамызда да қышқылдар бар (асқазанда – тұз қышқылы, аминқышқылдары ақуызды түзеді, ал олар біздің бұлшық еттерімізді түзеді).  Егер орманда құмырсқаның илеуінің жанында көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан жерлері көпке дейін ашиды. Себебі, құмырсқа тек шағып қана қоймай, жараға құмырсқа қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда, консервілегенде сірке қышқылы, лимон қышқылы қолданылады. Сонымен, қышқылдар біздің айналамызда жиі кездеседі.

 Қышқылдарды  қандай  қасиетіне  сүйеніп  жіктейміз? 

 Оқушылар өздерінің   тұжырымдарын айтады:  екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды  екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық  жағы, құрамында  оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы  сутегінің саны.

 

 Әртүрлі деңгейдегі оқушыларды түгел қамту үшін «жеңілден күрделіге қарай» бағытталған топтық тапсырмалар арқылы жұмыс жасай отырып, қолдау көрсету. Сабақтың алғашқы кезеңінде оқушылардың алғашқы білімі «миға шабуыл» әдісі арқылы тексеріледі. Мұнда саралау диалог,қолдау көрсету арқылы жүреді. «Денотатты граф» стратегиясы арқылы саралау қорытынды арқылы жүреді.Оқушылардың оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін сараланған қалыптастырушы тапсырмалар беріледі. Мұнда қолдауды көп қажет ететін оқушыларға диалогтік қолдау көрсету арқылы сараланады. 

 

 

 

 Тапсырмалар

 

  • Молекула құрамын ескере отырып, оттекті және оттексіз қышқылдар үшін венн диаграммасын толтырыңдар.

2. Тұз қышқылының металдармен, негіздік оксидтермен, негіздермен өзара әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.

3. 6,7 г алюминий күкірт қышқылымен өзара әрекеттескенде, неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есептеңдер.

4. Ортофосфор қышқылын алудың қандай әдістерін білесіңдер?

  • Мөлшері 0,5 моль күміс нитраты қанша моль тұз қышқылымен әрекеттеседі. 
  • Қышқыл жаңбыр дегенді қалай түсінесіңдер? Одан сақтану жолдарын айтып беріңдер?
  • Мөлшері 0,1 моль барий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттеседі?
  • 27,5 г кальций карбонатын қышқылмен әрекеттестіргенде түзілген газды калий гидроксиді ерітіндісі арқылы өткізгенде түзілген тұздың массасын есептеңдер.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?