Қышқылдар. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ҚЫШҚЫЛДАР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 4-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.

 Қышқылдар тақырыбын өткен кезде оқушылардың жеке басының тәжірибесіне сүйене отырып ойқозғау өткізуге болады. Себебі тақырыпты ашуға 7-сыныпта оқыған «7.3.4.1 «қышқылды» және «сабынды» заттардың табиғи қышқылдар мен сілтілер бола алатындығын білу», «7.3.4.2 әмбебап индикатор көмегімен сілтілер мен қышқылдарды анықтау»; «7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау», «7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу», «7.2.2.4 сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттеу» оқу мақсаттары негіз бола алады.

 Бұл сабақта оқушылар қышқылдардың жіктелуі, аталуы, алынуы және қасиеттерін қарастыруға негізіледі. Ал келесі сабақта сабақ қайталауға және есеп шығаруға негізделеді. Сабақта проблемалық оқытудың әдістерін пайдалану ұсынылады. Сондықтан оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналғаг тапсырмалар беріледі. Оқушылар сондай тапсырмаларды орындай отырып оқу мақсатына жетеді. Мысалы:

Екі газ А және В берілген. А газы Б газында жанғанда бу пайда болады, оны суытқанда түссіз сұйыққа айналады, осындай жағдай А газы қыздырылған мыс (ІІ) оксиді арқылы өткізгенде сынауықта су тамшылары болды. А және Б газдарын тап. Жоғарыда құбылыстарды түсіндір, реакция тендеулерін жаз.

 Оқушылардың ізденістік сипатты өзіндік əрекеті егер ғылыми тұжырымдар жəне болжамдар құрастырып ұсынуға жеткілікті білімдері болғанда ғана жүзеге асады жəне өзіндік əрекеттің жоғарғы формасы болып есептеледі. Проблеманы оқытуды ұйымдастырудың осы əдісін жүзеге асырудың бір жолы болып зерттеушілік тапсырмалар тапсырмалар беру болып табылады. Зерттеушілік тапсырмалардың ерекшелігі - əуелі əдеттегідей фактілер жинауға арналған практикалық жұмыс орындалады (тəжірибелер, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, материал жинау). Содан кейін барып теориялық талдау жəне қорытынды жасалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды