Электртерістік. Коваленттік полюссіз байланыс. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
| Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||
Күні | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып : 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | отсутствующих: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Электртерістік. Коваленттік полюссіз байланыс | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | 8.1.4.1 электртерістік негізінде атомдар арасындағы коваленттік байланыстың түзілуін түсіндіру | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Электртерістк және коваленттік байланыс туралы түсіндіру/сұрақ қою Пән лексикасы мен и терминологиясы: атомның тұрақтылығы, соңғы энергетикалық деңгейдің аяқталуы, коваленттік байланыс, ортақ электрон жұбы, бейметалл, металл, диаграмма «айқыш-нүктелер диаграммасы» | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық Бір бірін сыйлау | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика математика | ||||||||||||
Бастапқы білім | 8.1А электрондардың атомдағы қозғалысы | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 8 минут | Амандасу Коллаборативті орта түзу «Ватный ком» учащиеся оқушылар қағазға жақсы тілектер жазады, қағазды ұқалап тастап, бір біріне лақтырады Миға шабуыл (G) (W) «Мен кіммін ?» атты ойын Оқушыларға элементтердің электрондық конфигурациясы жазылған карточкалар таратылады. Жұптарда бұл қандай элемент екенін анықтайды (литий, азот, фтор, неон, хлор) «Змейка» әдісі бойынша жұмыс тексеріледі (бірінші жұп екінші жұпқа жауап береді, екінші жұп бағалайды, үшінші жұпқа жауаптарын береді, ол бағалайды ...) (слайд 1) (Т) мұғалім оқушыларға бір аяқтарында тұрып көруді ұсынады, содан соң сұрақ қояды «бір аяқта тұру ыңғайлы ма?» (табиғатта барлығы тұрақты қалыпта болуға тырысады: адамда екі аяқ, жануарлардың көпшілігінде төрт аяқ, орындық тұрақты егер оның төрт аяғы болса т.б.). Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, осы элементтердің қайсысында атом тұрақты қалыпта? (оқушылар неон деп жауап беруі мүмкін). Атомдар тұрақты қалыпқа келуі мүмкін бе? Қалай? Сабақ мақсаты қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары айтылады. «Электртерістік. Ковалентті полюссіз байланыс» (3-5 слайдтар) | Power Point презентациясы | |||||||||||
Сабақ ортасы 8 минут 5 минут 7 минут 5 минут 5 минут | (Т) мұғалімнің түсіндіруі Электерістік (ЭТ) – бір элемент атомының өзіне басқа элемент атомдарынан электрондарды тарту қабілеті Соңғы энергетикалық деңгейде электрон саны артқан сайын, элементтің электртерістігі артады. Болжау жасап, түсіндіріңіз: Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде период және негізгі топша бойынша ЭТ қалай өзгереді? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін назарларын 7 слайдқа аударады. периодта ЭТ артады негізгі топшада ЭТ кемиді Тексеру жұмысы : элементтердің ЭТ«артық, кем, тең» белгілерін қою арқылы салыстырыңыз, О N H H Cl F F F Na S Li O О О Дайын жауаптар бойынша өз өзін тексеру: (слайд 7) Таңдаулы оқушылар әр бір элементтер жұптары бойынша жауаптарын элементтің ХЭПЖ-дегі орны немесе атом құрылысы бойынша түсіндіреді. (Т) оқушылардың назарын оқулықтағы элементтердің ЭТ мәні кестесіне аударады. Бірінші үш жұп элементтерінің ЭТ салыстыруды сұрайды. Қаншалықты олардың айрмашылығы бар? Егер элементтердің ЭТ бірдей болса, атомдармен не болады? Содан соң, сутек молекуласында коваленттік полюссіз байланыстың түзілу механизмін және «айқыш-нүктелер диаграммасын» түсіндіреді. (слайд 8) 1Н 1е 1s1
+
Немесе құрылымдық формуласы H-H (Р) байланыстың түзілу механизімді түсіндіріп болғаннан кейін «Айқыш-нүктелер диаграммасын» салу үшін нені білу керек деген сұрақты қояды. Оның алгоритмін құрастыруды сұрайды. Оқушылар жұпта алгоритмді құрастырады, дайын алгоритммен салыстырады. (ауызша) Ковалеттік полюссіз байланыстың «айқыш-нүктелер диаграммасын » құрастыру алгоритмі: 1 коваленттік полюссіз байланысты түзетін атомдардың электрондық конфигурациясын ХЭПЖ-дегі орны бойынша жазу 2 графиктік формуласын салу (жұптаспаған электрон санын анықтау үшін) 3 жұптасқан және жұптаспаған электрондарды символдың маңында айқыш және нүктелер арқылы орналастыру 4 элемент атомдарының арасындағы ортақ электрон жұптарының айқыш-нүктемен салу 5 әр бір атомнан байланысқа қатыспаған электрон жұптарын салу (І) келесі заттардың арасынан коваленттік полюссіз байланысы бар заттарды анықтап, «айқыш-нүктелер диаграммасын» салыңыз F2 HF O2 H2O Жұптық тексеру дескрипторлар арқылы Дескрипторлар: - элементтердің ЭТ салыстыру арқылы коваленттік полюссіз байланысы бар заттарды анықтады - коваленттік полюссіз байланысты түзетін атомдардың электрондық конфигурациясы мен графиктік формуласын жазды - жұптасқан және жұптаспаған электрондарды символдың маңында дұрыс орналастырды - элемент атомдарының арасындағы ортақ электрон жұптарының санын дұрыс көрсетті - байланысқа қатыспаған электрон жұптарын көрсетті | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Сабақтың басында қойылған мақсатқа ЖЕТТІМ, себебі ........ білдім, .................. түсіндім, ............... үйрендім. Сабақтың басында қойылған мақсат бойынша ТАЛПЫНАМЫН, себебі ..................... Үй жұмысы: ЭТ анықтамасы, ХЭПЖ өзгеру заңдылығы, ковалентті байланысының « айқыш-нүктелер диаграммасын» салу: хлор молекуласы. Оқушылардың қалауы бойынша азот * молекуласы | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Үй тапсырмасын оқушылардың қабілеттігі және қызушылығы бойынша дифференциациялау | Өз өзін бағалу Жұптық бағалау Мұғалімнің кері байланысы | Интербелсенді тақтаның жұмыс уақытын 10-15 минуттан аспайтынын қадағалау | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру