Авагадро заңы. Молярлық көлем. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Авагадро заңы. Молярлық көлем

Оқу мақсаты:

8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға химияның негізгі заңдарының бірі Авогадро заңы, сонымен қатар газдардың молярлық көлемі жайлы білім беру 

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Авогадро заңын ауызша түсіндіре алады және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдануды сипаттай алады. Есеп шығару жолдарын ретімен жазып сипаттайды.

Пән бойынша Лексика мен терминология:

моль, молярлық (= 'мольге), масса, темір, күкірт, реагенттер, атомдар

артығы(қалғаны) .. өлшеу ..

Диалог пен жазба үшін пайдалы фразалар жинағы:

Ештеңе артық қалмағанына қалай көз жеткізе аламыз?

Егер біз х қоссақ, онда тең массаны аламыз.

Коэффициент … тең.

Қанша х атомдар қажет?

Бізге Х-тің n атомдары қажет, себебі …

…сан тең бе?

Атомдар санын қалай анықтай аламыз/қалай анықтаймыз?

Бағалау критерийі

Қолдану. Жоғары деңгей дағдылары.

- заңды дұрыс тұжырымдайды.

- молярлық көлемді анықтайды.

- қалыпты және стандартты жағдайларды ажырата біледі.

Алғашқы білім:

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттың молярлық массасы.

Құндылықтармен байланыс

Өмір бойы оқу

Ынтымақтастық

Адалдық

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-8 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңілмен бастау үшін бір-бірімізге қарап өз аттарыңның бірінші әріпі бойынша жақсы сөздер айтыңдар.

1-тапсырма

Жеке-топ-сынып форматымен жұмыс:

№1-2 слайдтармен жұмыс.

Суреттер көрсетіледі де, сұрақтарға жауап ұйымдастырылады:

-Суретте қай ғалым бейнеленген?

-Қандай түсініктерді қарастырғанда А.Авогадро есімімен кездескен едіңіздер?

-Авогадро саны нешеге тең?

-Бұл шама қандай формулада қолданылады?

Ой қозғау Зертханада қатты заттардың мөлшері және сұйықтар мен газдар не бойынша есептеледі?

Зертханада қатты заттардың мөлшері таразы көмегімен анықталса, сұйықтар мен газдар әдетте көлем бойынша есептеледі.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай болады?

Сабақ мақсаты неде?

Оқушылардың жауаптарынан кейін сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары нақтыланады.

Слайд

1-4

Ортасы

9-13 мин

14-25 мин

26-35 мин

Білімді жаңғырту.

2-тапсырма

«Химиялық домино» ойыны

Шарты: берілген сөздерден сөйлем құрау

1-топ: өрнектеледі, мөлшері, зат, мольмен. Бірліктердің жүйесінде халықаралық, моль, бірлігіне, зат, өлшем, қабылданған, бірлігіне, мөлшерінің.

2-топ: заттың, бөлшек, кез келген, молінде бар 6,02∙1023 бір. Бұл А.Авогадро, аталған, деп, саны, құрметіне, NA , белгісі, сан, А. Авогадро.

3-топ: заттың, молінің, бір, әр, масса, молярлық, аталады, массасы, деп. Ол, бойынша, мәні, атомдық, сан, молекулалық, болады, бірдей, массамен, немесе.

Мұғалімнің түсіндірмесі

1811 жылы италия ғалымы А.Авагадро газдар жайлы заңды ұсынды.

Бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады. Кез келген газдың 1 моліндегі молекула саны тұрақты 6,023∙1023 тең. Ол сан NА деп белгіленеді.

Қалыпты жағдайда кез келген газдың 1 молі тұрақты көлем алады.Кез келген газдың 1 молі 22,4 литр көлем алады. Молярлық көлем – VМ Қалыпты жағдайда берілген газдың көлемі - V деп белгіленеді , өлшем бірлігі: литр

Молярлық көлем деп, берілген газ көлемінің зат мөлшеріне қатынасын айтамыз.

3-тапсырма

Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаты:

- Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану;

Дағдылар:

Дескрипторлар

Түсіну

Білу

Қолдану

-есептің шартын қысқаша жазады;

-көлемді табудың формуласын жазады;

- тиісті шамаларды формулаға қойып, берілген заттың қалыпты жағдайдағы көлемін табады.

1-жұп: Зат мөлшері 2 моль азот;

2-жұп: Зат мөлшері 0,12 метан;

3-жұп: Массасы 56 г көміртек (ІІ) оксиді;

4-жұп: Массасы 160 г күкірт (IV) оксиді

5-жұп: Молекулалар саны 1, 505∙1023 молекулалары болатын хлор

қалыпты жағдайда (қ.ж.) қандай көлем алады?

Жұп арасында өзара бағалау (дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі).

Слайд №5-6

Таратпа материал

Слайд №7-10

Слайд №11-12

Соңы

36-40 мин

Үйге тапсырма: есептер шығару

Рефлексия

Сабақтың негізгі түйіні не болды?

Сабақтағы жаңалық?

Сабақта ұнаған тәсіл?

Сабақтағы басты қиындық?

Слайд №13

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Барлық оқушылар: алған білімдерін сабақта қолдана отырып,химиялық есептер шығара алады.Оқушылардың басым бөлігі: Газдардың белгілі көлемі бойынша қалыпты зат мөлшерін есептей алады. Зат мөлшері бойынша газдың көлемін есептей алады,Кейбір оқушылар: Заттың біреуінің белгілі массасы бойынша басқа заттың массасын есептей алады.

- жұп және топ арасында өзара бағалау.

өмірмен байланыс

жұптағы жұмыс барысында бір-бірін құрметтеу, адалдық, жауапкершілік

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу