Металдардың тұз ерітінділерімен реакциясы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«МЕТАЛДАРДЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып: 8, 1-тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1С Металдардың белсенділігін салыстыру

 Бұл тараудың барлық тақырыптары оқушылардың әртүрлі реакцияларды жүзеге асырып, зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі металдардың тұздардың ерітінділерімен реакцияларын зерттейді, реакция нәтижелері негізінде өздері металдардың белсенділік қатарын құрады. Мұғалім белсенділік қатарын бұл сабақта да бермегені абзал, себебі келесі сабақта да осыған ұқсас тәжірибелерді тұздардың ерітінділерімен жүргізіледі. Тараудың қортынды сабағында оқушылар жалпы белсенділік қатарын қорытып шығарады. Осы тәжірибелерді орындау арқылы практикадан теорияға принципі жүзеге асырылады.

 Оқушылар зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан соң, келесі критерийлерге сай бағаланатындығын білуі тиіс:

- Зертханалық жұмыстың мақсатын және алгоритмін белгілеу;

- Зертханалық жұмыстың нәтижесін сәйкесінше ресімдеу;

- Зерттеу нәтижелерін анализдеу және салыстыру.

Оқушылардың жұмысын тексеру барысында үлгі ретінде қолдануға болатын кесте

Алюминий

Мыс

Темір

Қорғасын

Магний

Мырыш

Алюминий хлориді

Реакция жүрмейді (бірдей металл)

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Магнийдің айналасында өзгерістер пайда болады

Өзгеріссіз

Мыс сульфаты

Қызыл қоңыр түсті тұнба

Реакция жүрмейді (бірдей металл)

Көк түс жоғала бастайды, қызыл қоңыр тұнба

Көк түс жоғала бастайды, қызыл қоңыр тұнба

Көк түс жоғала бастайды, қызыл қоңыр тұнба

Көк түс жоғала бастайды, қызыл қоңыр тұнба

Темір(II) сульфаты

Теориялық тұрғыда мүмкін, бірақ көзге көрінбейді

Өзгеріссіз

Реакция жүрмейді (бірдей металл)

Өзгеріссіз

Магнийдің айналасында темірдің күңгірт тұнбасы жиналады

Мырыштың айналасында темірдің күңгірт тұнбасы жиналады

Қорғасын(II) нитраты

Теориялық тұрғыда мүмкін, бірақ көзге көрінбейді

Өзгеріссіз

Теориялық тұрғыда мүмкін, бірақ көзге көрінбейді

Реакция жүрмейді (бірдей металл)

Магнийдің айналасында қорғасынның күңгірт кристалдары жиналады

Мырыштың айналасында қорғасынның күңгірт криталдары жиналады

Магний сульфаты

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Реакция жүрмейді (бірдей металл)

Өзгеріссіз

Мырыш сульфаты

Теориялық тұрғыда мүмкін, бірақ көзге көрінбейді

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Өзгеріссіз

Магнийдің айналасында мырыштың күңгірт кристалдары жиналады

Реакция жүрмейді (бірдей металл)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру