Зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу". Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Нұсқаулық карта
Оқушының аты – жөні: ____________________________ Сынып: ____ «___»
Зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу".
Мақсаты:өсімдіктердегі әртүрлі пигменттердің болуын зерттеу
Болжам: (мақсатқа байланысты жасаңдар) _______________________________________________
____________________________________________________________________________________
Құрал-жабдықтар (берілген құрал-жабдықтарға қарап өз бетімен жазылады): ____________________________________________________________________________________
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері:
Қатер көзі | Мүмкіндігі | Алдын алу жолы |
1. 2. 3. |
Әдебиетке шолу:
Хроматография — газ, бу, сұйық немесе еріген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография күрделі қоспаларды бірі жылжымалы, екіншісі жылжымайтын екі өзара араласпайтын фазалар арасында бөлуде (үлестіруде) негізделеді.Хроматографиялық процестің елеулі қасиеті болып оның динамикалық мінезі (сипаты) табылады. Процесс барысында зерттелетін сынамаға енгізілген жылжымалы фаза жылжымайтын фазадан өтуі орын алады. «Сорбция-десорбция» арасындағы әрекеттестік көп мәрте қайталанып отырады және бұл хроматографиялық бөлудің тиімділігін жоғарылатады.Қағазда үлестіру хроматографиясы жылжымайтын сұйық және жылжитын сұйық фазалар арасында үлестіру есебінде жүргізіледі.Үлестіру хроматографиясы арнайы колонкалар (газ-сұйықтық және колонкалық хроматография) немесе арнайы хроматографиялық қағаз (қағазда үлестіру хроматографиясы) қолдану арқылы жүргізіледі.
Хроматография жолақ талшықтары арасында суды ұстап қалу қасиетіне пайда болады. Бұл суды ерітушілердің бірі (жылжымайтын фаза) деп қарастырылады.
Жұмыс барысы:
- Бөлме өсімдіктерінің жасыл жапырақтарының 0,5 г және күлгін түсі бар жапырақтардың 0,5 г өлшеп алу.
- Хроматографиялық жолақтарды белгілу: 1 (жасыл жапырақтар) және 2 (күлгін түсі бар жапырақтар).
- Хроматографиялық жолақтың төменгі жағынан 1,5 см шегініс жасап, қарындашпен сызықты сызу.
- Жапырақтарды ұсақтап, фарфор ыдысқа салып, түйгішпен езу.
- Ұсақталған жапырақтың үстіне 1 мл этанол қосыңыз және араластырыңыз.
- Шыны таяқшаны пайдалана отырып, даяр болған қоспадан алып хроматографиялық қағаздың сызық сызылған жеріне тамызыңыз. Пайда болған дақтың 2-3 мм болатындығына көз жеткізу.
- Фарфор ыдыс пен түйгішті жуып күлгін түсті бар жапырақтарымен тәжірибе жасауды қайталаңыз.
- Стаканды10 мл этанолмен толтырыңыз.
- Екі хроматографиялық жолағын спирті бар стаканға орналастыру.
- Хроматографиялық жолақты 20 минутқа қалдыру.
Хроматографиялық жолақтарды этанолдан алу және пайда болған нәтижелерді бір – бірімен салыстыру.
Талқылау:
- Зерттелетін өсімдіктердің қайсысында хлорофил көбірек?
- Неліктен жапырақтың түсі бірнеше пигменттерге бөлінді?
- Хлорофил құрамына зерттелетін өсімдік жапырағының түсі қалай әсер етеді?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Шектеу мен кемшіліктер:
1._________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________
3._________________________________________________________________________
- Нәтижеге теріс әсер ететін,әдісте қателіктер бар ма?
- Бақылау мен есептеу нәтижелері сенімді ме?
Жақсарту тәсілдері.
- Зерттеу жұмысын жақсарту үшін қандай ұсыныс айта аласыз?
- Бақылау мен есептеу барысында сенімді нәтиже алу үшін,әдісті жақсартудың қандай тәсілін ұсына аласыз?
1.__________________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________________
Қорытынды:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру