Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1В. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Мектеп: ФМБ НЗМ

Күні:__ __ 2020

Мұғалім: Бейсенбаева А.С.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық мәселелерінің шешу жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды біледі;
  • Қазақстандағы экологиялық проблемалардың себептерін және салдарын түсінеді;
  • Экологиялық проблемалардың әлемдік деңгейде қалай шешіліп жатқандығына мысал келтіре алады;
  • Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсынады ;
  • Тақырыпты талқылау барысында биологиялық терминдерді және дидактикалық материалдарды қолдана отырып ақпаратты ұсына алады.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар біледі

  • Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды;
  • Қазақстандағы экологиялық проблемалардың себептерін және салдарын;

Көп оқушылар

  • Экологиялық проблемалардың әлемдік деңгейде қалай шешіліп жатқандығына мысал келтіре алады;
  • Тақырыпты талқылау барысында биологиялық терминдерді және дидактикалық материалдарды қолдана отырып ақпаратты ұсына алады;

Кейбір оқушылар

  • Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсынады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

өнеркәсіптік орталықтар, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, тұрмыстық және өндірістік қалдықтар, гептил, шөлейттену, ауа райының бұзылуы, ағаштарды кесу, эрозия.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

X-нің даму ықтималдығы ...

Қол жетімді опциялар ...

Қазақстанның экологиялық проблемалары ...

Экологиялық проблемаларды шешу ... қажет тәсіл

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы «ынтымақтастық» және «өмір бойы оқу» құндылықтарын дарыту.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды іздеп табу дағдыларын дамыту

Экологияны сақтаудағы жаңа мобильді қосымшалармен танысу

Пәнаралық байланыс

География, экология

Бастапқы білім

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері 7-10 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұжымдық ортаны қалыптастыру. Мотивация. (2 минута)

1) Оқушылармен амандасу

2) Сабаққа қатысуларын түгендеу

3) Сабақта жағымды атмосфераны қалыптастыру

Ой толғау

Оқушыларға видеороликтен үзінді көрсету «Digital Кazakhstan .Қазақстанда экологиялық проблемаларды қалау шешуге болады?»

(W) Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы талқылау үшін оқушыларға презентациядағы сұрақтарды көрсету. Оқушылар Қазастандағы ең басты экологиялық проблемаларды атауға тиіс.(Оқушылар жоғарғы деңгейдегі сұрақтарға жауап береді). Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын анықтау. Тақырыпты дәптерге жазу

Бейнебаяннан үзінді

https://www.youtube.com/watch?v=ckLY3-dEg6Q

немесе

https://www.youtube.com/watch?v=X7LbAQjLbvs

және https://www.youtube.com/watch?v=iAiTHXXnxlM

Сабақтың ортасы

ІІ. Топтық жұмыс.

Экологиялық проблемалардың салдарынан болған жағдайлар туралы суреттерді оқушыларға көрсету, оқушылармен бірге талқылау

«Суретті құрастыр» стратегиясы бойынша оқушыларды топтарға бөлу

( Балхаш көлі, Арал теңізі, Каспий теңізі, өндірістік қала). Оқушылар постер жасайды.

Оқушылардың топта жұмыс жасауын бағалау критерийлері:

  • Топта жұмыс жасай алады: жұмыс барысын талқылайды, міндеттерді топ ішінде өзара анықтайды, жұмысты аяғына дейін уақытымен орындай алады.
  • Ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін, топтағы белсенділігін, жауапкершілігін көрсете алады
  • Жұмысты орындау қадамдарын дұрыс анықтайды, оқу мақсатына сәйкес тақырыпты аша алады (жұмысты берілген уақытта орындай алады).
  • Өз жұмысын қадағалай және бағалай алады (рефлексия).

(Г) Оқушылар постерлерді қорғайды және басқа топтардың жұмысына баға береді. Бағалау критерийлерін оқушылармен талқылау барысында толықтыруға болады. Жұмысты қорғау уақыты 2 минута

 

 Топтарды өзара бағалау критерицлері

Қазақстандағы бір экологиялық проблеманың себептерін жіне салдарына сипаттама береді;

1 балл

Осы экологиялық проблеманын әлемдік деңгейде қалай шешіліп жатқандығын зерттеп, мысал келтіреді;

1 балл

Осы экологиялық мәселені Қазақстанда қалай шешуге болатынына мысал келтіреді;

1 балл

Ақпарат көздерін дұрыс қолдана алады;

1 балл

Жұмысты креативті орындау;

1 балл

Уақытты үнемдей алады

1 балл

Топтық жұмыс барысында мұғалім оқушылардың назарын Терминологияға аудартып, кейбір сөздерді үш тілде қолданып көрулерін сұрайды.

Русский язык

Қазақ тілі

English

загрязнять воздух

ауаны ластау

pollute the air

загрязнять атмосферу

атомсфераны ластау

pollute the atmosphere

разрушать

құрту

destruct

сбрасывать промышленные отходы в реки и моря

өндіріс қалдықтарын өзен-көлдерге тастау

to dump industrial waste into rivers and seas

загрязнять воду

суды ластау

pollute water

сливать отходы в…

қалдықтарды …… ағызу

dump wastes into…

угрожать человеческой жизни

адам өміріне қауіп төндіру

threaten human life

иметь катастрофические последствия

апаттық жағдайларға әкелу

have disastrous consequences

контролировать загрязнение

ластануды қадағалау

control pollution

защищать редких животных и растений

сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау

protect rare animals and plants

устанавливать антизагрязняющее оборудование

ластауға қарсы құрылғаны қою

install antipollution equipment

становиться более образованными в сфере экологии

экология саласында әлдеқайда білімді бола түсу

become environment-educated

(К) (ҚБ) Оқушыларға шығарма жазуды ұсыну

Ұсынылған тақырып: ««Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешуге мен қандай үлес қоса аламын?».

Қажетті кілт сөздер: ядролық, тұрмыстық, химиялық қалдықтар, эрозия, өнеркәсіптік нысандар және т.б.

Шығарманы бағалау критерийлері:

  • шығарманың мазмұны оқу мақсатына сәйкес;
  • сауаттылықь;
  • ерекше жұмыс және оқушы өзі ойын жеткізе алады;
  • дәлелдемелер келтіру.

РРТ

Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары: https://www.nur.kz/1666860-ekologicheskie-problemy-kazakhstana.html

Қазақстандағы жасыл экономика:https://www.nur.kz/1661679-zelenaya-ekonomika-v-kazakhstane-probl.html

ватман, маркерлер, стикерлер, ақпараттық парақ, бағалау парағы.

Қосымша 1. Ақпараттық парақ. Топтық жұмысты орындау үшін

Қосымша 2. 3 тілде терминология

Қосымша 3. ҚБ

Эссе жазу кезінде кейбір оқушыларға сайттарды қолдануға рұқсат беруге болады:

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның экологиялық проблемалары: http://bankreferatov.kz/ecologiya/60-ekoproblemurk.html

Сабақтың соңы

Сабақтың оқу мақсаттарына қайта оралу. Оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігін оқушылармен бірге анықтау.

Сабақты рефлексия арқылы қорытындылау

  • Мен бүгін білдім……
  • Мені қызықтарған …..
  • Қиындық тудырған …….
  • Мен …….. тапсырманы орындай алдым

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемаларды, Қазақстандағы экологиялық проблемалардың себептерін және салдарынбілетін болады.

Көп оқушылар экологиялық проблемалардың әлемдік деңгейде қалай шешіліп жатқандығына мысал келтіре алатын болады, тақырыпты талқылау барысында биологиялық терминдерді және дидактикалық материалдарды қолдана отырып ақпаратты ұсына алатын болады;

Кейбір оқушылар Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешудің жаңа, тиімді жолдарын ұсына алатын болады.

Өзара бағалау: топтық жұмыс барысында, сұрақтарға жауап беру барысында.

Мұғалімнің бағалауы: ҚБ орындау арқылы оқу мақсатына жеткендігін анықтау.

Жұпқа, топқа бөлу кезінде оқушылар белсенді іс-әрекеттер, қимыл-қозғалыстар жасап сергіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу