Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1В. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері | Мектеп: ФМБ НЗМ | |||||||||||
Күні:__ __ 2020 | Мұғалім: Бейсенбаева А.С. | |||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | Сынып: 11 | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық мәселелерінің шешу жолдарын ұсыну. Ауаның ластануы | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Барлық оқушылар біледі
Көп оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: Өндірістік орталықтар, пайдалы қазбаларды өндіру және қолдану, тұрмыстық және өнлірістік қалдықтар, гептил, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, хлоридтер, қалқыған заттар, желмен ұшу, ормансыздану Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Х даму мүмкіндігі... Мүмкін болатын нұсқасы... Ауаның құрамына кіретін газдар ….. Жанған кезде ………. түзіледі | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы «ынтымақтастық» және «өмір бойы оқу» құндылықтарын дарыту. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру: қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, табиғатты сақтау ережелерін ұстану, денсаулықты сақтау. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, экология, химия | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Шағын презентация, бейнебаян көрсету.Оқушыларға белсенді оқыту тақтасымен суреттік тапсырмалармен көрсету | |||||||||||
Бастапқы білім | Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері 7-10 сыныптар | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа деген жағымды көңіл-күйді қалыптастыру. Тақырыптың өзектілігін ашу «Зерделеп көр» – әңгімені тыңдап сабақ тақырыбын және оқу мақсатын анықтайды. Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік мұзды мұхиттарынан басқа жер бетінде тағы бір мұхит бар – барлығынан да ең үлкені. Және сіз әр күн сайын, әр сағат сайын, өзіңіз оны байқамасаңыз да, оның ішінде «шомылып» жүресіз. Және көшеде жүрген адамдар да, аң-құстар да, тіпті автобустар мен көліктер күндіз де, түнде де осы мұхитта «шомылып» жүреді. Бүл мұхит тұщы да емес, ащы да емес, оның суы жоқ, жиегі жоқ. Осы теңіз арқылы үлкен күміс балықтар сияқты ұшықтар да ұшып жүреді. - Қалай ойлайсыздар, қандай теңіз таралы айтылған бұл әңгімеде? (оқушылардан жауап алынады.) Мұғалім: Әрине ауаның маңыздылығы туралы айтылған бұл әңгімеде. Бүгінгі сабақта біз сіздермен өазіргі замандағы ең өзекті экологиялық міселе туралы айтатын боламыз, ол – ол Жердің ауа қабаты – атмосфераның ластануы. Сұрақтарға жауап беріңіз: 1.Атмосфера дегеніміз не? 2. Ауаның құрамына кіретін газдар ….. 3. Ауаны ластайтын заттардың көзі не? 4. Жану кезінде …. түзіледі. Атмосфералық ауаны ластайтын негізгі заттар: күкірттің еселенген тотығы, көміртегі диоксиді, азот диоксиді, хлоридтер, көмірсутек, шаң-тозаң. Осы заттардың әрқайсысы адам денсаулығына зиянын тигізеді (слайдтан көрсетту). | РРТ | ||||||||||
Сабақтың ортасы | ІІ. Жұппен жұмыс. Мұғалім «Табиғатқа тіл бітсе егер…..» тақырыбындағы суреттерді таңдап алып, әр суретті екі жартыға бөліп оқушыларға таратады. Оқушылар суреттеррінің екінші жартысын бір-бірінен тауап, жұп құрады. Суреттерді талқылайды. Суретте белгіленген географиялық аймақты атайды, ластану себебін түсіндіруге тырысады, алдынғы білімдерін қолданады. Жұптық жұмысты бағалау критерийлері:
Әр жұп дайндықтан кейін ортаға шығып басқа оқушыларға суреттерін көрсетеді, өз ойларын жеткізеді. Басқа оқушылар сұрақтар қоя алады. Әр жұпқа 2 минуттар уақыт беріледі. (G) Бір жұп басқа бір жүппен қосылып топтасады. Жіне интернет ресурстарды немесе мұғалім берген ақпараттық парақтарды қолданып постерде шығармащылық жұмыс жасайды. Жұмысты Фишбоун «балық сүйегі» әдәсә бойынша орындайды: «Суреттердегі мәселелерді қалай шешуге болады (сабақтық басында берілген суреттер, сонда әр топта 2 суреттен болады)?» Топтар өз жұмыстарын қорғайды: Фишбоун (балық сүйегі) сызбасы бойынша: Балықтың басы — анализ жасауды қажет ететін сұрақ, тапсырма, мәселе Жоғарғы жағындағы сүйектері— мәселенің туындау себептері, әдіс-тәсілдер, мәселені шешудің мүмкін жолдары жазылады Төменгі жақтағы мәселені шешетін адамдар, өткен уақыттан (тарихтан) мысалдар, қажетті құрал-жабдықтар жазылады Құйрығы — бастапқы сұраққа жауап жазылады Бағалау критерийлері: Сызбада жазылған барлық жазбалар нақты, анық, қысқа, әрі нұсқа болу керек. Ойды логикалық тұрғыда жақсы жеткізе алу керек. | РРТ Қосымша 1. Әр жұпқа арналған таратпа материалдар. «Табиғатқа тіл бітсе егер…..» тақырыбындағы суреттер Қосымша 2. Ақпараттық парақтар Қосымша 3. ФБ Маркерлер , А3 форматағы қағаздар | ||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың оқу мақсаттарына қайта оралу. Оқу мақсаттарына және сабақ мақсаттарына қаншалықты жеткендігін талқылау. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс құру | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Барлық оқушылар атмосфераның ластануымен байланысты Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелердің себебтері мен салдарын білетін болады. Көп оқушылар атмосферадағы ауаның улы заттармен ластану деңгейін Қазақстанның әртүрлі қалалары бойынша салыстырып көрсете алады Кейбір оқушылар атмосфераның ластануымен байланысты Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсына алады. | Өзара бағалау: топтық жұмыс барысында, сұрақтарға жауап беру барысында. Мұғалімнің бағалауы: ҚБ орындау арқылы оқу мақсатына жеткендігін анықтау. | Жұпқа, топқа бөлу кезінде оқушылар белсенді іс-әрекеттер, қимыл-қозғалыстар жасап сергіп отыру.
| ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру