Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Генетиканың қолданылуы
БИОЛОГИЯ • ЖАСУШАЛАР ЖӘНЕ ДНҚ • ГЕНЕТИКАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
1
Клон дегеніміз не?
Клон дегеніміз – генетикалық тұрғыда басқа бір ағзамен бірдей болатын ағза. Ол жыныссыз көбею арқылы табиғи жолмен түзіледі. Мысалы, бактериялар екіге бөліну арқылы өздерін клондай алады және біршама өсімдіктер столон сияқты құрылымдарды өсіру арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Адам эмбрионы кездейсоқ екіге бөлінсе, одан генетикалық тұрғыдан бірдей бір жұмыртқалы егіздер дүниеге келуі мүмкін.
Деректер: Егіздер
Біржұмыртқалы егіздердің ДНҚ-сы
бірдей болғандықтан, олар
бір-бірінің клоны болады
Клондау дегеніміз не?
Клондау деген термин әдетте ағзаларды жасанды клондауға қатысты айтылады. Себебі, әрбір жасуша бүкіл ағзаны кодтауға қажетті болатын барлық генетикалық ақпараттан тұрады. Сондықтан теориялық тұрғыда бір жасушаны алып, оны өсімдік немесе жануар сынды көпжасушалы ағзаны түзу үшін өсіруге болады. Тәжірибе жүзінде бұл оңай шаруа емес. Бірақ, қазіргі заманауи әдістердің көмегімен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды клондауға болады.
Қосымша сұрақ
С1. Барлық клондар бірдей ме?
Жоқ. Клондар генетикалық тұрғыдан бірдей болып табылады. Бірақ, қоршаған орта ағзалардың өсуіне, дамуына және мінезіне әсер ететіндіктен, олар әртүрлі көрініп, әралуан мінез-құлыққа ие бола алады.
• Клондау дегеніміз не?
Клондау деген термин әдетте ағзаларды жасанды клондауға қатысты айтылады. Себебі, әрбір жасуша бүкіл ағзаны кодтауға қажетті болатын барлық генетикалық ақпараттан тұрады. Сондықтан теориялық тұрғыда бір жасушаны алып, оны өсімдік немесе жануар сынды көпжасушалы ағзаны түзу үшін өсіруге болады. Тәжірибе жүзінде бұл оңай шаруа емес. Бірақ, қазіргі заманауи әдістердің көмегімен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды клондауға болады.
Қосымша сұрақ
С2. Клондаудың артықшылықтары неде?
Клондау – ағзаларды жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол ағзаларға ұқсас ұрпақтар алу. Ол жануарлар тұқымдары мен өсімдіктер сорттарын алушыларға, генетикалық тұрғыдан, бірдей ұрпақ жасауға және өздері қалаған қасиеттерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мысалы, қызанақ сортын өсірушінің көрнекті өсіру алқабы болса, ол өз өнімдерін клондау арқылы көбейте алады. Жынысты көбею ұрпақтар өзгерісін тудыратындықтан, ол өз өнімдерінің генетикалық құрылым көшірмесін алу арқылы көбейте алады.
БИОЛОГИЯ • ЖАСУШАЛАР ЖӘНЕ ДНҚ • ГЕНЕТИКАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2
• Өсімдіктер мен жануарларды клондау үшін қандай әдістер қолданылады?
Фермерлер мен бағбандар өсімдіктерді клондауды жүз жыл бұрын қолдана бастаған. Олар өсімдік бұтағын алып, аналығынан алшақ жерге, топыраққа отырғызу арқылы көбейткен. Қазіргі уақытта, микрокөбейту кең таралған әдіс болып табылады. Бастапқыда өсімдіктердің өте кішкентай ұлпа бөлігін таза нәрлі ортада өсіріп алып, кейін топыраққа отырғызады. Жануарларды клондау қиынға түседі. Себебі, бір жануар жасушасын бөліп алып, оны толық ағзаға өсіру оңай емес. Ұзақ жылдар бойы жануарларды клондауда қолданылып келе жатқан әдіс – эмбрионды бөлу. Эмбрион аналық жатырдан бөлініп алынады және оны құраушы жасушаларға сорттайды. Кейін оларды сурогат аналар жатырына салып, ұрықты дамытады. Басқа бір тәсіл – жасушалардың қосылуы немесе ядроны бөліп алу деген атпен белгілі әдіс арқылы клондау. Аналықтан жұмыртқа алынып, оның ядросы бір түрге жататын басқа бір дараның ядросымен алмастырылады. Бұл өзгерген жұмыртқажасуша сурогат ананың жатырына салынып, өсіріледі.
Қосымша сұрақ
С3. Медициналық немесе терапиялық клондау дегеніміз не?
Теориялық тұрғыда науқастың жасушасын алып, генетикалық тұрғыдан бірдей ұлпаларға клондауға болады. Оны науқастың зақымданған ұлпаларын иммундық жүйенің кері қайтаруынан қорықпай-ақ алмастыруға пайдаланады.
Долли қойы – ең алғашқы клондалған жануар
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/cells-and-dna-using-genetics/48
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру