Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Тарау: 10.4D Биотехнология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдері.

Оқу мақсаттары

10.4.3.3 Гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру.

 Сабақтың мақсаттары

  • Гендік-инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерін түсіндіру.
  • Рекомбинантты ДНҚ алу кезеңдерімен таныстыру: векторды құру, трансформация, скрининг.

 Бағалау критерийлері

Гендік инженерия түрлері мен әдістерін біледі.

Гендік инженерия кезеңдерін сызбанұсқа бойынша (диаграмма) талдайды.

Гендік-инженерия кезеңдерңн түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: генетикалық модификация, қатер факторы, ГМА, трансгенді ағзалар, плазмид, вектор. Ген,гендер сплайсингі, қожайын-жасуша, рестрикция, трансформация, скрининг, лигирлеу.

Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:

ГМО жасау технологиясы келесі сатыларды … қамтиды. ГМО пайдаланудың оң аспектілері … . ГМО пайдаланудағы қатер факторы … байланысты.

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» құндылықтары. Білім беру құндылықтары: «Ынтымақтастық»

Пәнаралық байланыс

Гендік-инженериялық манипуляциялау әдісіндегі процестер химия пәнімен; гендік инженерияның ашылу тарихы тарих пәнімен байланысты.

АКТ-ны қолдану дағдысы

Ғаламтор ресурстарымен, бейнематериалдармен жұмыс жасайды.

Алдыңғы білімдер

Микробиология және биотехнология 6, 7, 9 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Мұғалім іс-әрекеті

Ресурстар

3 мин

5 мин

12 мин

12 мин

5 мин

3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

І. Жаңа материалды меңгеру.

Оқушылармен инсулин алу жайында талқылау жүргізу.

Инсулин дегеніміз не? Инсулиннің атқаратын қызметі қандай?

ХХ ғасыр басында қант диабетімен ауыратын балалар мен жасөспірімдер аралығындағы өлім-жітім көбейді, түрлі асқынулардан ауру басталғаннан 5-7 жыл кейін өмір сүру мүмкін болмады. Жаңа туылған бұзаулардан инсулин алу неге тиімді болды? Неге қазір уақытта қант диабеті ауыратындар арасында өлім-жітім пайызы қысқарды?

Бағалау: Сұрақтарға жауапты оқушылармен бірге талқылау; мұғалімнің кері байланысы және топта талқылау жүргізіледі.

ІІ. Мәтінмен жұмыс: «Гендік инженерия кезеңдері».

Жұмыс барысы: Топтық жұмыс.

  • Топқа бірдей мәтін беріледі, бірақ әр түрлі іс-әрекеттер орындау тапсырылады.

Дифференциация: топтастыру оқушылардың қабілеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  • Визуалдар мен аудиалдар: берілген мәтінді түсініп оқып, кілт сөздерді табады. Тұрақты сөз тірсектер құрастырып, бір-біріне айтады.
  • Дигиталдар: мәтіннің құрылымдық мәніне көңіл бөледі. Мәтінмен бірге суретпен жұмыс жасалады, суретті аяқтап жалғастырады жазбасын қағазға түсіреді.
  • Кинестетиктер: мәтінмен толық танысып болғаннан кейін тест сұрақтарын құрастырады.

Бағалау критерийлері: 1. Нақтылық 2. Кілт сөздерді қолдану 3. Топ мүшелерінің толық қатысуы 4. Уақытты тиімді пайдалану.

Әр топқа 3-4 минут беріледі.

Топтың таныстырылымы:

1-топ: кілт сөздерді пайдаланып, гендік инженерия кезеңдерінің сызбанұсқасын құрастырады.

2-топ: суретпен жұмыс жасайды.

3-топ: тест тапсырмаларымен жұмыс жасайды.

Бағалау: бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау.

Сабақты бекіту:Сабақты бекіту оқушылардан ауызша сұрақ-жауап алу арқылы жүзеге асырылады- Біз қарастырған гендік инженерия әдісінің атауы қандай?- Бұл әдіс қандай кезеңдерден тұрады?- Вектор дегеніміз не?- Вектор құрау кезеңі қанша кезеңді қамтиды?- Бұл кезеңдерді сипаттаңыз.- Трансформация дегеніміз не?- Скрининг дегеніміз не?Бағалау: Мұғалімнің комментарийлері бойынша

ІІІ. Рефлексия

Мен енді білемін ................

Менің түсінбей қалғаным ............................

Мен жақсы түсіндім ...............................................

Мен келесі сабақта.........................білгім келеді.

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Кесте толтыру Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Басқа оқушыларға көмек көрсету

Сұрақтарға жауап қалыптастырушы бағалауды қамтамасыз етеді.

Өзара бағалау

Бөлменің желдетілуі

Сабақ барысында жылдамдыққа көңіл бөлу

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сыныпта қандай атмосфера болды?

Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу