Көлденең- жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Қозғалыс | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көлденең- жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: көлденең жолақты бұлшықет, бұлшық ет талшықтары, ультрақұрылым, көп ядролы, митохондрия, миофибрилла құрылымы: актин/жіңішке жіпшелер/, миозин /жуан жіпшелер/, /зоналар, дискі /, саркомер, сарколемма саркоплазма, саркоплазматикалық ретикулум, көлденең (T) канал. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: X бұлшықетті талшық түзеді. У ........миофибрилла құрамына кіреді. Ашық/күңгірт филамент аталады........... . Кальций иондары жинақталады........ . Тропомиозиннің конформациясының өзгерісі белсенді орталықтарды ашады........ . | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Денсаулық сақтау әр адамның азаматтық жауапкершілігі. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында тірек-қимыл жүйесіне байланысты ауытқулар мен түрлі ауруларды сипаттауда айтылып өтіледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қаңқа бұлшықеттерінің денені қозғалысқа келтіруіне байланысты физикамен байланыс бар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация дайындау арқылы өз бетінше ақпарат іздеу дағдылары қалыптастырады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | «Тірек – қимыл жүйесінің қызметтері» 8 сынып | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 минут 8 – 15 минут Сабақтың ортасы 16-26 минут 27-36 минут | Сабақ басында: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Оқушылар назарын сабаққа аудару. - оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлінеді. (Ұ) Оқушылар бұлшықет ұлпалары мен олардың адам ағзасында орналасуындағы сәйкестікті орнатады. Тапсырма 1. Кестені толтырыңыз. (Қосымша 1)
Жаңа сабақты игеру. (М) Тапсырма орныдалған соң мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Тапсырма 2. (Ж/Т) Оқушылардан бұлшықеттің құрылымын белгілеу/бөліп көрсету/бояу арқылы ұсынылған ресурстарды пайдаланып, әрбір құрылымның қызметін анықтау ұсынылады. (Қосымша 2)
| Бұлшықет ұлпалары туралы мәлімет: https://fitness-gid.ru/stroenie-i-vidy-mishts/ Қаңқа бұлшықеттің ультрақұрылымы (ағыл): http://www.histology.leeds.ac.uk/tissue_types/muscle/muscle_sarcomere.php Power Point презентация Бұлшықет жүйесі сипатталған пайдалы ақпарат көзі: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37 – 40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім. - нені толық түсінбедім. - немен жұмысты жалғастыру қажет. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут 6 – 26 минут 27-36 минут | Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Тақырыпты арықарай жалғастыру және оқу мақсаттарына толық жету мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: - Бұлшықет ұлпасының негізгі бөлімдерінің қызметі неде? Жаңа сабақты игеру Бағалау дескрипторлары
(Жж) (Қ) Оқушылардан қаңқа бұлшықетінің құрылысы мен атаулары сипатталған кәртішкелер құрастыру сұралады. Бірыңғай салалы, көлденең –жолақты және жүрек бұлшықеттері қарастырылады. (Қорғауға әр топқа 3-4 миунт уақыт беріледі) (Қосымша 3.) Қаңқа бұлшықетінің ультрақұрылымы. Жүрек бұлшықетінің ультрақұрылымы. Бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпасының ультрақұрылымы. Оқушыларға өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Алынған білімді тексеру үшін оқушылар кәртішкелерімен алмасады. | Бұлшықет жиырылу механизмі (орыс): http://www.bio.bsu.by/phha/06/06_text.html Көлденеңжолақты бұлшықет туралы: http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000012/st019.shtml Жүрек бұлшықетіің ультрақұрылымына сілтеме: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың барлығы: Көлденең -жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттей алады; Бірыңғай салалы, көлденең – жолақты және жүрек бұлшықеттерінің адам ағзасында орналасуы ерекшілігін сипаттай алады; Оқушылардың басым көпшілігі:Қаңқа бұлшықетінің микрофотографиялары арқылы оның ультрақұрылымының ерекшелігін сипаттай алады; Оқушылардың кейбірі: Қаңқа бұлшықеті ультрақұрылымының негізгі аймақтарын сызбаларда белгілей алады. |
2)Суреттік тапсырмаларды бөліктерді дұрыс белгілей алуын дескриптор арқылы бағалау; 3) Бұлшықеттің микрофотографияларындағы аймақтардың дұрыс ажырата алуы. | Топтық жұмыс жасау, тақтаға шығып постер қорғауда қауіпсіздік ережелерін сақтау; Интернетпен жұмыс жасауда көзге зиян келмейтіндей етіп арақашықтықты сақтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру