Холинергиялық синапстың құрылысы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Синапс
Синапс – екі қозғыш жасушалар арасындағы маманданған қызметтік контакт, қозуды беру қызметін атқарады. Нейрондарда синапс негізінен бірінші жасушаның аксонының немесе дендриттің ұшындағы тармақтар мен екінші жасушаның дендритінің арасында орналасады. Бұл жағдайда жасушалар арасында физикалық контакт болмайды, олардың арасында шағын бос кеңістік қалып қояды. Бұл кеңістік синапстық саңылау деп аталады. Синапстердің саны көбінесе өте көп болып келеді, олар ақпараттың берілуі үшін үлкен беттік ауданды құрайды. Мысалы, жұлынның моторлы бір денесінде және дендриттерінде олардың саны 1000 жетуі мүмкін, ал бас миының кейбір нейрондарында 10000 жетуі мүмкін.
Қызметі бойынша ұқсас, бірақ құрылысы бойынша мотонейрондардың ұштарын бұлшық ет талшықтарымен байланыстыратын ерекше типті синапстар: оларды жүйкелік – бұлшық етті қосылыстар деп атайды.
Синапстың құрылысы.
Аксон ұшындағы ісінген пиязшық түріндегі синапстық аяқталуынан құралады, дендрит мембранасының қасында, өте жақын орналасады. Осы ісіктің цитоплазмасында көпдеген митохондриялар орналасады және ұсақ синапстық көпіршіктер, диаметрі 50 нм, орналасады. Көпіршіктердің құрамында нейромедиатор деген зат бар, осы нейромедиаторлар импульсті синапстың саңылау, диаметрі 20 нм, арқылы берілуін қамтамасыз етеді. Синапсқа қарайтын жасушалық мембраналар қалыңдаған және асконда пресинапстикалық деп аталады, денриттерде постсинаптикалық деп аталады. Пресинаптикалық мембаранасы модификацияланған, жылдам синаптикалық көпіршіктерді қосып алады және олардың құрамын синапстық саңылауға тез босата алады (экзоцитоз). Постсинаптикалық мембрананың құрамында ірі нәруыз молекулалары бар және осы нәруыздардың құрамында саңылаулар бар, осы молекулалар нейромедиаторлар үшін рецепторлардың қызметін атқарады. Нәруыз молекуасындағы саңылаулар тыныштық кезінде жабық тұрады, бірақ белгілі иондарды жасушаға енгізу үшін ашыла алады.
Нейромедиаторлар не перикарионда синтезеделеді, бұл жерден олар нейронның пресинаптикалық соңына транспортталады, немесе нейронның соңында синтезделеді. Екі жағдайда ферменттер қажет, нейрон денесідегі рибосомаларда жиналады. Синаптикалық аяқталуында нейромедиаторлар көпіршіктерге «қапталада» және осы жерде босап шығуына дейін сақталады. Омыртқалылардың жүйке жүйесінде осы типтің екі заты бар: ацетилхолин (АцХ) және норадреналин. Ацетилхолин холиннің сіркеқышқылдық эфирі болып келеді. Бұл ғалымдармен бірінші бөлініп алынған нейромедиатор. Нейрондар арасындағы байланыс ацетилхолинмен анықталатын болса, оларды холинергетикалық деп атайды, ал синапстық берілу үшін норадреналинді пайдаланатындары – адренергиялық деп атайды. Ацетилхолин барлық жүйкелермен бөлінеді (бас миындағы кейбіреулерінен басқасы).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру