Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Синаптикалық берілудің механизмі.

 Бұл мысалды біз холинергиякалық синапс негізінде қарастырамыз. Синапстың ұшына (соңына) жүйке импульстердің келуі пресинаптикалық мембрананы деполяризациялайды, оның ішіндегі кальций каналдардың ашылуын мәжбүрлейді, кальций иондары үшін өткізгіштігін жоғарылайды. Кальций иондары жасушаның ішіне енеді, соның салдарынан синаптикалық көпіршіктер пресинаптикалық мембранасымен қосылады және олардың құрамдарды ацетилхолин нейромедиаторлары синаптикалық саңылауға босап шығады (экзоцитоз). Содан кейін көпіршіктер цитоплазмаға қайтып оралады, бұл жерде қайтадан нейромедиаторлармен толтырылады. Әрбір көпіршік өзінің құрамында 3000 жуық ацетилхолинді сақтайды.

Ацетилхолин синаптикалық саңылау арқылы диффузияланады, бұл жүйке импульстің 0,5 мс кідіріп қалуына әкеледі. Ацетилхолин постсинаптикалық мембранада орналасқан спецификалық рецептормен (нәруыз) байланысады, олар нейромедиатордың молекулярлық құрылымын «анықтап, таниды». Осы кезде рецепторлық облыс конфигурациясын өзгертеді, постсинаптикалық мембранадағы орналасқан иондық (натрий) каналдар ашылады.

Назар аударыңыз: аксон боймен жүйке импульсінің осы каналдар деполяризация барысында ашылған болатын, ал постсинаптикалық саңылауда олар нәруызды рецептордың нейромедиатормен байланысуы барысында ашылады.

Дендриттерге постсинаптикалық саңылаудан натрий иондары енеді, постсинаптикалық мембрананың деполяризациясын туғызады. Егер осы уақытта қозу өзінің табалдырығына жететін болса, нейронда әркет потенциалы генерацияланады, ал жүйке импульсі әрі қарай таралады. Постсинаптикалық мембрананың өткізгіштігін өзгертіп, ацетилхолин лезде синапстық саңылаудан ацетилхолинэстераза ферментімен көмегінмен алынады. Бұл фермент потсинаптиалық мембранада локализденген және ацетилхолинді холинге және сірке қышқылының қалдығына дейін гидролиздейді. Нәтижесінде ионды каналдар жабылады, синапс бастапқы қалпына оралады. Холин синапстың ұшымен (соңы) реабсорбциаланады және қайтадан синаптикалық көпіршіктерде ацетилхолинге айналады. Кейбір жүйкелік-паралитикалық газдар, инсектицидтер және басқа да улы заттар АцХ ингибирлейді, соның салдарынан жүйкелік өткізгіштік бұзылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу