Өсімдіктер мен жануарлардағы гамета түзілуінің ерекшеліктерін түсіндіру. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Тақырып: Жасушалық цикл. | Мектеп: ХББ НЗМ Кызылорда | ||||||||||
Күн: | Мұғалім аты-жөні: Қайнарбаев Е.Е | ||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Тақырып: | Өсімдіктер мен жануарлардағы гамета түзілуінің ерекшеліктерін түсіндіру | ||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары |
| ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы біледі:
Оқушы түсінеді:
Оқушы қолдана алады:
| ||||||||||
Бағалау критерийі: |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Адамдағы гаметогенез үдерісін демонстрациялайтын анимацияны көру арқылы тыңдау дағдысын дамыту және гаметогенез сатыларын ауызша айту. Арнайы пәндік лексика мен терминология: мейоз, фазалар, хромосомалар, мейоз І, ІІ фазалары, сперматогенез, овогенез, гаметалар, тозаң, аналық, микроспорогенез, микрогаметогенез. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Гамета бұл ………………………...........……… Мейоз І, ІІ фазалары ............................................. Коньюгация............................................................ Кроссинговер.......................................................... Сперматогенез және овогенез фазалары ………………………… Өсімдітердегі жыныс гаметаларының түзілу ерекшеліктері ……………………….............................................................................. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Коммуникативтік қарым қатынас.Топпен жұмыс жасай білу, достық қарым-қатынастарды қамтамасыз ету жәна бірлескен ортада жұмыс істеу үшін коммуникативтік қасиеттерді дамыту : колоборативті ортада басқа оқушылармны әлеуметтік, мәдени, этикалық қарым-қатынаста болатын дағдыларын дамыту. «Мәңгілік ел» идеясы . Оқушылардың академиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқуға ынталандыру, сабақтың элементтері өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, оқушыларда сыни ойлауын дамытуға жәна білім берудегі үш тілдік саясатты іск асыру . Сабақтың моральдық аспектісі: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарауға үйрету, жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарымен жұмыс, презентация жасау | ||||||||||
Алғашқы білім | Жыныстық көбею, оқыту жылдары – 8,9 : Жасуша циклы, оқыту жылдары – 9 Митоз және мейоз, оқыту жылдары – 9 | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған өткізу уақыты | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||
0-7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі Білім өзектілігі – Проблемалық сұрақ: - Жыныстық көбеюдің эволюция үшін маңыздылығы қандай? - Мейоз дегеніміз не? - Оның маңызы қандай? Оқушылар жыныстық көбеюдің маңызын талқылайды, мейозІ, ІІ фазалары,генетикалық ақпараттың алуантүрлілігі Миға шабуыл: (G) (f) Топпен жазбаларды пайдалана отырып, сызба құрастырыңыз. I аталықтың құрылысы II аналықтың құрылысы III жұмыртқа жасушасының құрылысы IV сперматозоидтың құрылысы. -Аталық пен аналықтың құрылыс ерекшеліктерін салыстырыңыз. - сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының құрылыс ерекшелігімен ұқсастығы. Терминге анықтама беріңіз : - Гамета- -Сперматогенез- -Овогенез-
|
Өсімдік жыныс жасушасының сызбасы туралы ақпарат: http://www.mhhe.com/biosci/genbio/tlw3/eBridge/Chp18/18_2.pdf Ноутбук, маркер, Түрлі – түсті қағаздар | |||||||||
8-46 мин. | Мұғалім түсіндірмесі: Жыныс жасушалары немесе гаметалар жыныс бездерінде дамып-жетіледі. Аналық жыныс безінде жұмыртқа жасушалары, аталық жыныс бездерінде сперматозоид жасушалары түзіледі. Организмнің жыныс бездері пісіп-жетілген кезде алғашқы ұрық жасушалары белсенді жағдайда көшіп бөліне бастайды. Жалпы жыныс бездерінде аналық және аталық гаметалардың дамып жетілуін гаметогенез деп атайды. Сперматогенез - аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму үдерісі. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезеңдерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Жұппен жұмыс, кейін топпен бірігеді. (G) (f) Тапсырма: Мәтінмен жұмыс: «Өсімдік пен жануарлар жыныс жасушаларының дамуы» Топтық талқылау жүргізу: Топтың бір мүшесі орындығында қалады, басқа топ мүшелеріне өз сызбасын түсіндіру үшін. Қалған оқушылар басқа топтарға барып, қалған 3 (үш) жыныс жасушасы туралы ақпарат жинап, топта қалған оқушыны ақпараттандырып талқылау жасайды. (I) (f) сұрақ қоюға және ақпаратты меңгеруге уақыт беріледі, Кейін аталық және аналық гаметаларды салыстыру бойынша тест тапсырмасын орындайды. | Ресурс 1 Ақпараттық таратпалар, словарь (http://www.probirka.org/biblio/polezno/5099-sravnitelnaya-charakteristika-ovogeneza-i-spermatogeneza.html) http://biology-konspect.org/?content=10153 https://studopedia.org/1-13631.html https://sites.google.com/site/biologiaege/gametogenez | |||||||||
47-57 мин | Топтық презентациялау, бағалау | ||||||||||
58-68 мин | бекіту үшін өсімдік және жануар гаметаларын салыстыру бойынша қысқа тест тапсырмаларын орйындайды. | Жауап парағы | |||||||||
72-75 мин. | Рефлексия: Табыс баспалдағы Оқушылар нені білгенін, түсінгенін және нені үйренгенін белгілейді. |
| |||||||||
75-76 мин. | Үй тапсырмасы: Өсімдік пен жануар гаметогенезін сипаттауға арналған академиялық сөздік құрастыру. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – сіз қосымша қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау - сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз Жұптық, топтық бағалау түрлері қолданылады | Оқуаралық байланыстар Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау Байланыс АКТ Пәндер байланысы | |||||||||
Барлық оқушылар: Гаметалардың түрлерін сипаттайды. Көпшілік оқушылар: Жануар мен өсімдіктегі гаметогенез сызбасын зерттейді. Кейбір оқушылар: Жануарлар мен өсімдіктердегі гаметогенез үдерісін түсіндіреді. | жұптағы жұмыс кезіндегі іс-әрекеттерін бақылау, жұмысты меңгеру деңгейін қадағалау, тапсырманы орындау кезіндегі білімдерін бағалау. (1)Тапсырманы жұптық, топтық жұмыста орындау. (2)бірін -бірі бағалау. (3)Нәтижені бағалау – жетістік критерийіне сай қалыптастырушы бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік: сымбаттылықты сақтау. | |||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты шынайы болып табылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы неге ұқсады? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Мерзімге сидыра білдім бе? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге? |
| ||||||||||
Общая оценка Қысқаша бағалау Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1: 2: Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)? 1 2: Менің келесі сабағымды түсіндіретін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта менің өзім не игердім? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру