Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.1B Жасушалық биология

Алматы қаласының ХББ Зияткерлік мектебі

күн:

Мұғалімнің аты-жөні : Абилкаиров С.И.

сынып: 10

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері.

Сабақ мақсаттары

  • электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтарының құрылысы мен қызметтерін біледі .
  • Ядро оның құрам бөліктерін, олардың қызметтерін түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Жасуша органоидтарының аталуын академиялық тілді пайдаланып, түсіндіреді, сұрақ қояды және сұрақтарға жауап береді

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ядро, цитоплазма, вакуоль, митохондриялар, хлоропластар, Гольджи аппараты, лизосома, рибосома.

жарғақша- мембрана - membrane

Тегіс эндоплазмалық тор -гладкий эндоплзматический ретикулум - smooth endoplasmic reticulum

Бұдырлы эндоплазмалық тор-шероховатая эндоплзматическая сеть- rough endoplasmic reticulum

Жасуша қабықшасы-клеточная стенка- cell wall

ядро қабықшасы-ядерная оболочка - nuclear envelope

ядрошық-ядрышко- nucleolus

клетка орталығы –клеточный центр- cell center

микротүтік-микротрубочки- microtubules

пластид-пластид- plastids

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Кез келген жасушаның құрамына............................ кіреді

Ядро келесідей компоненттерден.....................тұрады

Құндылықтарды дамыту

 

Жаратылыстың тылсым құпияларын тануға қызығушылық, өмір бойы білімге құштарлық, жеке және топтық жұмыстарда тапсырма орындау арқылы ашықтық және төзімділік қабілеттері дамиды

Пәнаралық байланыстар

Биохимия, биофизика және молекулалық биология

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқу презентациясы көрсетіледі, оқушылар ақпарат көздерін пайдаланады.

Бастапқы білім

Жасуша құрылысы – 6, 8, 9 сыныптар

Молекулалық биология және биохимия – 10 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8 минут

9-10 минут

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Ой қозғау: Оқушыларға видео көрсетіледі: https://www.youtube.com/watch?v=URUJD5NEXC8

І. Жаңа тақырыпқа шығу.

Мұғалім: Балалар мұғалім ретінде мен әр сабақты дайындағанда әр сабақ мақсатын анықтаймын, алдыма әр түрлі міндеттер қоямын, ол міндеттер маған сендерге жаңа материал тақырыбын түсіндіруге көмектеседі, ал сендер әр күні сабаққа келгенде жаңа білім, дағды мен қабілеттер қалыптастыруға үміттенесіңдер. Қанеки бір-біріміздің мақсаттарымызды біріктіруге тырысайық, жаңа көрген видеодан сабақтың тақырыбы не жөнінде болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: :

  • Жасушаның органоидтары дегеннің не екенін білу,
  • Ол органоидтардың көпшілігімен танысып, олардың алуан түрлілілгімен құрылысымен жәнек атқаратын қызметтерімен танысу

https://www.youtube.com/watch?v=URUJD5NEXC8

Сабақтың ортасы

12-17 минут

18-27 минут

28-37 минут

38-50 минут

51-64 минут

65-73 минут

Жаңағы көрген видеодағы кездесетін ағылшын тіліндегі терминдермен, түсініктерді үш тілде атап, мағыналарын ашайық!

Түсініктермен жұмыс:

Прокариот-прокариот- prokaryote

Эукариот-эукариот - eukaryote

жарғақша- мембрана - membrane

Тегіс эндоплазмалық тор -гладкий эндоплзматический ретикулум - smooth endoplasmic reticulum

Бұдырлы эндоплазмалық тор-шероховатая эндоплазматическая сеть- rough endoplasmic reticulum

Жасуша қабықшасы-клеточная стенка- cell wall

ядро қабықшасы-ядерная оболочка - nuclear envelope

ядрошық-ядрышко- nucleolus

клетка орталығы –клеточный центр- cell center

микротүтік-микротрубочки- microtubules

пластид-пластид- plastids

ІІ. Биологиялық тапсырмаларды шешу.

Тапсырмалар бойынша топтардағы жұмыс :

Оқушылар 3 топқа бөлінеді: әр топқа биологиялық есептер беріледі

Биологиялық есептерді шешіңдер, топтарды шешімін талқылаңдар және сынып алдында жауаптарыңды қорғаңдар.

1 топ:

Барлық тіршілік иелері жасушалардан тұра ма? Әлде жасушасыз да тіршілік құрылымдары бар ма? Болса ол қандай ағзалар? Олардың тіршілік ету ерекшеліктері қандай?

2 топ:

Оқулықтарда «Жасушаларға өсу және көбею тән» деген тұжырым бар. Осы тұжырым барлық жасушаларға тән ба? Адам денесіндегі қандай жасушалар өспейді және көбеймейді?

3 топ:

Жасуша ядросыз өмір сүре ала ма? Жауаптарыңдыы негіздеңдер.

III. Жаңа материалды оқып білу

А). Жасуша органоидтары.

 Жасуша органоидтары- жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

Әрбір органоидтың өзінің арнаулы құрылымы болады және белгілі бір қызмет атқарады.

Оларға ядро, митохондриялар, рибосомалар, эндоплазмалық тор, лизосомалар, палзмалыық жарғақша, цитоплазма, жасуша орталығы, Гольджи комплексі жатады.

Б). Жасушаның мембраналық және мембранасыз органоидтары.

Тапсырма бойынша жұптардағы жұмыс:

Қосымшадағы материалды пайдалана отырып, «органоидтардың жіктелуі» схемасын құрыңыз.

Жасушадағы органоидтар мембраналы және мембранасыз органоидтерден тұрады. Мембраналы органоидтер бір мембраналы және қос мембраналы органоидтарға жіктеледі Бір мембраналы органоидтерге ЭПТ, Гольджи комплекс, вакуольдер, лизосомалар, ал қос мембраналы органоидтерге ядро, митохондриялар мен пластидтер жатады. Мембранасыз органоидтердің мембранасы болмайды. Оларға

рибосомалар, хромосомалар, жасуша орталығы, центриолдер, кірпікшелер мен талшықтар, микротүтікшелер мен микрофиламенттер жатады).

В). Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі.

Жұптардағы жұмыс:

Тейлор Д., Грин Н., Стаут «Биология» оқулығындағы 192-200 беттердегі материалдарды пайдалана отырып бірнеше тапсырма орындаңдар:

1). Жасушаның әрбір органоиды туралы материалды табыңдар, оны оқып шығыңдар және жұпта талқылаңдар.

2). Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі туралы ақпараттарды кестеге түсіріңдер

«Жасуша органоидтарының құрылысы мен қызметі»:

Органоидтың атауы

Құрылысының ерекшеліктері

қызметтері

Г). Жануар және өсімдік жасушасының айырмашылығы

Жұптардағы жұмыс:

Проблемалық мәселе: Жануар жасушасының өсімдік жасушасынан айырмашылығы неде?

(Жануар жасушасында өсімдік жасушасымен салыстырғанда жасуша орталығы болады, бірақ қалың жасуша қабықшасы, пластидтер және жасуша шырынына толтырылған вакуоль болмайды.

IV. БЕКІТУ.

А). тапсырмалар бойынша топтардағы жұмыс:

1 топ:

Органоидтарды құрылысы бойынша және атқаратын қызметтері бойынша салыстырыңдар және төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

Олардың айырмашылықтары бар ма? Қандай?

Органоидтар жасушаның тіршілік әрекетін қамтамасыз ете ала ма?

2 топ:

Митохондриялар мен рибосомалардың қызметтерін салыстырыңдар. Жасушаның осы органоидтарының қызметтерінің арасындағы қарама-қарсылық неде деп ойлайсыңдар? Ойларыңды дәлелдеңдер.

3 топ:

Не себепті митохондрияларды жасушаның «күш-қуат» немесе «энергетикалық» станциялары деп атайды?

Б). нұсқалар бойынша жазбаша жұмыс:

I нұсқа:

Қалып кеткен сөздерді қоя отырып мәтінді қайта жазып шығыңыздар:

  Кез келген жасушаның негізгі бөлімдері - ... және .... жасуша ядросында жіп тәрізді түзілімдер - .... кездеседі. Жасуша .... қапталған. Цитоплазмада майда құрылымдар орналасқан ....   ... оларды жасушаның «энергетикалық» станциялары деп атайды . Нәруыздар ....-ларда түзіледі. Эндоплазмалық тордың екі түрі ... және .... болады. Сонымен қатар жасуша органоидтарына тағы да ..., ... ..., ... .... жатады.

Жауап :

Цитоплазма, ядро, хромосомалар, мембрана, органоидтар, митохондриялар, рибосомалар, тегіс және бұдырлы, лизосомалар, Гольджи комплексі, жасуша орталығы.

II нұсқа:

В. Дұрыс жауаптарын тауып сәйкестендіріңдер:

А. Су                                                  Ж. ЦитоплазмаВ. Минералды тұздар                         З. МитохондрияС. Мембрана                                         И. МайларД. көмірсулар                                       К. нәруыздарЕ. Ядро                                                 Л. Рибосомалар

1. нәруыздар қай органоидта синтезделеді?2. Қандай қосылыстар аминқышқылдарынан тұрады?3. Жасушаның сұйық бөлігі қалай аталады?4. Қандай органоид универсал энергия көзі болып табылады?5. Жасушада хромосомалар қайда орналасқан?6. Қандай зат әсіресе энергияға бай?7. Жасушада жақсы еріткіш болып не қызмет етеді?8. Жасушаның беткейлі қабаты қалай аталады?9. Глюкоза қандай қосылыстар класына жатады?10. Қандай заттар сүйекке беріктік қасиет береді?

 Жауап кодтары:

1 – Л;  2 – К;  3 – Ж;  4 – З;  5 – Е;  6 – И;  7 – А;  8 – С;  9 – Д;  10 –В

презентация

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 1,2

«Биология. В 3 т.  Тейлор Д., Грин Н., Стаут У 3-е изд. - М.: 2004. Том 1 - 454с.,

Қосымша 2

Сабақтың аяғы

74-77 минут

78-80 минут

V. Қорытындылау.

Оқушылар топтар бойынша өз беттерінше сабақ қорытындысын жасайды.

VI. үй тапсырмасы:

Биология. В 3 т.  Тейлор Д., Грин Н., Стаут У 3-е изд. - М.: 2004. Том 1 - 454с., 192-200 бет

Таңдау түрінде творчестволық тапсырма:

«Жасуша еліне саяхат» ертегісін құрастыру, жасуша және оның органоидтары туралы өлең шығару, жұмбақ құрастыру, «жасушаның құрылысы» аппликацясын жасау.

VII. Рефлексия.

Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта лаынған білімдер сендерге келешекте қажет бол ма?

Сендерге сабақта не нәрсе аса ұнады?

Қандай тапсырма сендерге аса қиын көрінді?

Қандай тапсырманы сендер оңай орындадыңдар?

Қалай ойлайсыңдар сендердің сабатағы іс-әрекеттерің объективті бағаланды ма?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулықты сақтау техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Жасуша және оның органоидтарының құрылыс мен қызметін түсіндіреді;

Оқушылардың көпшілігі

Жануар мен өсімдік жасушаларының айырмашылығын анықтайды

Кейбір оқушылар

Жасушаның жеке органоидтарының ультрақұрылыс мен қызметтерін түсіндіреді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу