Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Биология, 10 сынып, қосымша материал.


 Кез келген жасуша өсімдіктер мен жануарлардың барлық жасушаларына тән үш құрамбөліктен: қабықша, ядро және цитоплазмадан құралады

 Плазмалық жарғақша. Әрбір жасушаның өзге жасушалардан немесе сыртқы ортадан бөліп тұратын сыртқы плазмалық жарғақшасы болады. Жарғақшаның құрылымын тек электрондық микроскоппен ғана көре аламыз. Ол майлардың (липидтердің) екі қатары және нәруыз қабатынан түзіледі. Нәруыздар майлы қабатқа әр түрлі тереңдікте батады немесе жарғақшаның сыртқы және ішкі бетіне орналасады. Кейбір нәруыздардың сыртқы бетіне көмірсулардың молекул алары бекінген. Әр түрлі ұлпалар мен ағзалар жасушаларының жарғақша қабаты нәруыз және көмірсу құрамымен ерекшеленеді.

 Жарғақшаның нәруызды қабаты аминқышқылдардың, көмірслардың және жасушадағы өзге де заттардың сыртқа және ішке тасымалдануын қамтамасыз етеді. Жасуша жарғақшасында шұрықтар болады, солар арқылы ферменттердің жәрдемімен жасушаға су және тұздардың иондары (Na+, К+) кіреді.

 Егер де жасуша цитоплазмаға қарағанда едәуір концентрациялы ерітіндіде болып шықса, онда кері үдеріс жүруі ықтимал. Су жасшадан кетеді. Сол уақытта өсімдік жасушасы жасушалық қабырғадан бүріскен сияқтанып қақырайды. Бұл құбылыс плазмолиз деп аталады. Бұл жағдай өсімдіктерде суарылу жетіспегенде кездеседі. Жасуша сусызданады, жануар жасушасы құрысады. Плазмолиз үдерісі қайтымды құбылыс. Құбылыстың қалпына келуі деплазмолиз деп аталады.

 Цитоплазма әр түрлі органоидтары бар жасушаның негізгі бөлігі. Органоидтар арасындағы кеңістікті цитозоль тұз және ағзалық заттардың тұтқыр ерітіндісі толтырады. Цитоплазманы нәруызды жіпшелердің жиі торы жасуша қаңқасы тесіп өтеді. Цитоплазмада құрылысы мен әр түрлі қызмет атқаратын ерекшеліктері бар жасуша органоидтары (органеллалары) болады. Барлық жасушаларға тән органоидтар: митохондриялар, жасушалық орталық (центриоль), эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, рибосомалар, лизосомалар. Өзге органеллалар, мысалы, кірпікшелер, миожіпшелер жасушалардық белгілі типтеріне ғана тән. Жасушаның белгілі тіршілік кезеңінде ғана пайда болып, соңынан жойылып кететін қосындылар да болады. Қосындылар тығыз, түйіршік түрінде (пигменттер, нәруыз түзінділері, гликоген, май) және сұйық (тамшы) болады.

 Физиологиялық және химиялық үдерістердің көпшілігі цитоплазмада өтеді. Бұл жасушаның ішкі ортасы.

 Лизосомалар жануар және саңырауқұлақ ағзаларының жасушаларында кездесетін диаметрі 0,5 мкм сопақ денешіктер. Онда нәруыздарды, нуклеин қышқылдарын, липидтер мен көмірсуларды мономерлерге дейін ыдырататын, бактериялар мен вирустарды «қорытатын» немесе ездігінен қорытатын ферменттер болады.

 Лизосомалардың жарғақшасы өте берік, ол ферментті жасуша ішіне өткізбейді. Лизосомалардың жарғақшасы зақымданған кезде бүкіл жасуша немесе оның бөлігі бүлінеді.

 Эндоплазмалық тор (ЭПТ) бұл цитоплазмадағы өзекшелер және қуыстар жүйесі түріндегі жасуша органоиды. Эндоплазмалық тор жасуша заттарын тасымалдауға, нәруыз, май, көмірсу синтезіне қатысады.

 Рибосомалар РНҚ және нәруыздардан құрылған мөлшері 20 нм болатын жасушаның ұсақ органоидтары. Рибосомалар нәруыздарды синтездейді. Нәруыздардың синтезделген молекулалары эндоплазмалық тордың өзекшелеріне түседі де жасуша ішінде орнығады. Оны жарғақша қоршайды. Ол алмасу үдерісіне қатысып, заттарды дитоплазмаға тасымалдауын қамтамасыз етеді. Жасуша цитоплазмасында шағын топқа жинақталған еркін рибосомалар да болады. Бұл рибосомаларда да нәруыздар синтезделеді.

 Гольджи жиынтығы. Бұл органоидтың мөлшері 5-10 мкм, тегершік тәрізді нығыздалған қуыстар немесе вакуольдері және көпіршіктері бар сұйықтық орналасатын ыдыс түзетін қатпарлы жарғақша болып саналады. Эндоплазмалық тордың өзекшелері мен қуыстарының жүйесіне түскен нәруыздар, майлар және көмірсулар жиналып өзгеріске түседі және Гольджи жиынтығына тасымалданады. Бұдан соң ол заттар түзінді түрінде «буып-түйіледі» де жасушадан бөлініп шығады немесе жасушаның өзі пайдаланады. Гольджи жиынтығында лизосомалар қалыптасады (12-сурет).

 Нағыз вакуоль өсімдік пен саңырауқұлақта ғана болатын бір жарғақшалы органоид. Бұл да жарғақша көпіршігі, алайда әдетте ірі болып келеді. Вакуоль ескіріңкіреген өсімдік жасушасында ядро мен өзге органоидтардан бос, цитоплазма кеңістігінің барлығына дерлік аумағын алып жатуы мүмкін. Жас жасушалардың вакуольдері онша ірі болмайды, әдетте біреу ғана емес, бірнешеу болады. Вакуольді жасуша сөлі деп аталатын сұйықтық толтырады.

 Вакуольдің бір мезгілде «қойма» және «қоқыс шелегі» рвлін атқаруы мүмкін. Солай болғандықтан, жасушаның тұтынуына қарай вакуольге пайдалы заттардың (қор) да, қоқыстың (тастанды заттар) да жинақталуы ықтимал. Ерекшелігі бұл заттар көбінесе қоймалжың ерітінділер (тұз, қышқылдар және кристалдар) түрінде болады, алайда май немесе полисахаридтер еш уақытта кездеспейді. Бұдан басқа, вакуоль цитоплазма мен жасуша сөлі арасында судың жақадан бөліске түсуін қамтамасыз етеді. Яғни су алмасуды сақтайды. Әсіресе ыстық климат жағдайларында өсімдіктерге ылғал тапшылығына төзуге тура келеді. Сонда вакуоль тургорлық қысымды сақтау ролін атқарады.

 Митохондриялар бұл біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың барлық жасушаларында дерлік болатын органоид. Митохондриялардың пішіндері шар тәрізді, таяқша тәрізді, сопақ, жіпшелі дене тәрізді, диаметрі 1 мкм, ұзындығы 7 мкм болады. Олардың саны атқаратын қызметінің белсенділігіне байланысты, мысалы, бунақденелілер қанатының бұлшықеттерінде, жақсы ұшатын құстардың төс бұлшықеттерінде бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Митохондриялардың екі жарғақшадан сыртқы тегіс және ішкі қатпарлы жарғақшалардан тұратын қабырғасы бар. Ішкі қатпарлы жарғақшадан тарақшалар түзіледі. Митохондриялардың ішінде ДНҚ, РНҚ және цитоплазмалық рибосомалардан өзгеше рибосомалар кездеседі. Тарақша жарғақшаларында арнаулы ферменттер болады. Олар ағзалық заттар энергиясын жасуша және біртұтас ағза тіршілік әрекетіне қажетті АТФ энергиясына айналдыруға қатысады. Сондықтан митохондриялар жасушалардың энергетикалық стансасы деп аталады. Пластидтер тек өсімдіктердің ғана жасушасында кездесетін органоидтар. Пластидтердің үш түрі бар, олар: хлоропластар, лейкөпластар және хромопластар.

 Хлоропластар хлорофилл пигменті болатын жасыл пластидтер. Хлоропластарда фотосинтез жүреді Күн энергиясы АТФ және көмірсу молекулаларының химиялық энергиясына айналады.

 Лейкопластар түссіз (ақ) пластидтер, онда глюкоза және дисахаридтерден крахмал синтезделеді. Картоп түйнегінің жасушаларында лейкопластарда крахмал қорға жиналады. Бұдан басқа, лейкопластарда нәруыздар және майлар қорға жинақталады.

 Хромопластардың қызыл және сары түсті пигменттері болақы. Пигменттер өсімдік бөліктеріне қызыл және сары реққ береді. Себіздің тамырында, қызанақ жемісінде каротин пигменті бар. Өсімдіктердегі хромосомалардың әр түрлі үйлесімінен гүлдер мен жемістер сан алуан реңді келеді.

 Пластидтердің барлығы протопластидтерден түзіледі. Олар белгілі төртіппен біріне-бірі ауысады. Мәселен, лейкопластар хлоропластарға оңай айналады (картоп түйнегінің жарықта жасыл түске енуі), хлоропластар ағарып кетеді (жарықсыз қалған үй гүлінің ағаруы немесе ақ алманың (белый налив) пісіп жетілуі. Хромопластар пластидтің дамуындағы соңғы кезең. Олар лейкопластарға да, хлоропластарға да ауыса алмайды.

 Жасушалық орталық центриолъ деп аталатын цилиндр пішінді екі кішкене денешіктен тұрады. Жасушалық орталық жасушаның бөлінуіне қатысады.

 Жасуша қаңқасы ұсақ түтікшелерден және жіп тәрізді нәруыз талшықтарынан құралады. Жасуша қаңқасы жасуша жарғақшасы және ядро қабықшасымен тығыз байланысты. Жануар жасушаларының талшықтары мен кірпікшелері ұсақ түтікшелерден тұрады. Ұсақ түтікшелер және жіп тәрізді нәруыз талшықтары жасушаларға белгілі пішін беріп, органеллалар мен цитоплазма қозғалысын қамтамасыз етеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу