Адамның қан тобының тұқымқуалауы және қан топтарын анықтау механизмі. Биология, 9 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Қан топтарының тұқым қуалауы
Алматы қаласы ФМБ НЗМ
Биология пәні мұғалімі Момаханова У.Н.
Сабақтың мақсаты:
адамның қан тобының тұқымқуалауының және қан топтарын анықтау механизмінің маңызы
Бағалау критерийлері:
адамның қан тобы жайлы білімнің маңыздылығын түсіндіреді
қан құю сызбасын дұрыс көрсетеді
қан топтарының тұқым қуалауы қағидаларын сипаттайды
қан топтарының тұқым қуалауына есептер шығарады
Ассоциация
Қан – бұл ...
Отбасы мүшелерінің қан топтары
Біздің сыныпта 25 оқушы бар. Олардың...
Қан тобын білу қаншалықты маңызды?
егер адамның ойлау қабілеті қан және ұлпалар қасиеттерінің генетикалық құпиясына терең бойламаған жағдайда, мыңдаған адамдар қан құю реакциясының нәтижесінде қазаға ұшырар еді
ауруханалар мен соғыста қан құю мүмкіндігі болмағандықтан адамдар қаза табар еді
Қан тобын білу қаншалықты маңызды?
қан топтары жайлы білім көпшілікке мәлім медициналық-тергеу саласында маңызды :
а) қылмыс орнындағы және заттардағы қан дақтарынан қан топтарын анықтау
ә) әкелікті,аналықты анықтау
б) жүктілік кезіндегі Rh – тың маңыздылығын анықтау (резус конфликт)
Қан құю сызбасы
Қан топтарының тұқымқуалауы
Қан топтарының тұқым қуалауы Мендель заңы бойынша жүзеге асады.
Адамда 4 қан тобы бар. Қан топтарының тұқым қуалауы көптік аллель сипаты ретінде жүредіКөптік аллелизм (генетикалық полиморфизм) – бір белгінің дамуына бірнеше аллельді гендердің жауап беру құбылысы.
Қан топтарының тұқымқуалауы
Қан топтарының тұқым қуалауы, А. В. О. деп белгіленетін үш аллельді гендердің әрекеттерімен анықталады.Үш ген 6 түрлі генотиптер бере алады (ОО,АО,АА,ВО,ВВ,АВ).
Екіден үйлесіп, бұл гендер алты генотиптер береді : АА,ОО,АВ,АО,ВВ,ВО.
Ген О – рецессивті. Гендер А және В ген О ға қарағанда домининантты, бірақ та бір-бірін баса алмайды .
Қорытынды
қан топтары 3- аллельді гендер әрекетіне тәуелді болады
доминантты гендер (А, В)
рецессивті ген (0)
А және В гендері бірін-бірі баса аламайды
үш аллельдер 6 генотиптерді қалыптастырады - 00; АА; АО; ВВ; ВО; АВ
гомозиготалы генотиптер (00; АА; ВВ)
гетерозиготалы генотиптер (АО; ВО; АВ)
Осы қағидаларды білу, қан топтарына генеткалық есептер шығаруда аса қажет екендігін есте сақтаңыздар!
Қан топтарының генотиптері
Қан топтарына арналған генетикалық есептеулер
Бағалау критерийлері:
талаптарға сәйкес тапсырманың шешімін рәсімдейді;
генетикалық таңбаларды пайдаланады;
гаметаларды анықтайды;
Пеннет торын пайдаланады;
генотип пен фенотип бойынша ажырауды көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру