Адамның қан тобының тұқымқуалауы және қан топтарын анықтау механизмі. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Адамның қан тобының тұқымқуалауы және қан топтарын анықтау механизмі | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.4.8 адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | адамның қан тобының тұқымқуалау механизмін сипаттау қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру генетикалық есептер шығару | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Қан топтары, тұқымқуалаушылық,қан құю, резус-конфликт, қан құю сызбасы, Мендель заңы, көптік аллель, кодоминанттылық, генетикалық полиморфизм, рецессивті, доминантты, гомозиготалы генотип, гетерозиготалы генотип Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қан топтарының тұқымқуалауы ... сипатында жүреді Көптік аллелизм дегеніміз .... Қан топтарының тұқым қуалауы ... әрекетімен жүзеге асады Бұл гендер ... генотип береді Гомозиготалы генотиптер ... Гетерозиготалы генотиптер ... | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жұптық бағалауда академиялық шындықты, әділетті тексеруді дарыту Қан топтарын білудің өмірдегі маңызы Ұжымдық жұмыстағы толеранттылық | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану (отбасы мүшелерінің қан топтарын анықтау) Химия (гендердің әрекеті) Математика (қан топтарының тұқым қуалауына арналған есептер шығару/ гистограмма тұрғызу) | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация Қосымша1,.2,.3 Жалпы биология есептері мен тапсырмалары.А.Сартаев.Жаратылыстану-математикалық бағыт.Алматы. «Мектеп».2014 Генетика есептерінің жинағы. Мұхамбетжанов Алматы «Рауан».1993 | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8 сыныпта: Қанның құрамы мен қызметін сипаттау; Даяр микропрепараттар арқылы түрлі организмдердің формалық элементтерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу; Қан құю. Агглютинация және резус-конфликт механизмін түсіндіру | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ой шақыру – оқушылардың белсенділігін арттыру, алдыңғы білімді іске қосу, талқыланатын сұраққа қызығушылығын ояту. Бұл білім алушының өз білімін талдауға және сабақтың тақырыбы жайлы ой қозғауға түрткі болады. Бүгін біз адамның қан топтарының тұқым куалауы жайлы әңгіме қозғамақпыз. Сіздердің әрқайсыларыңызға жеке «Оқушының жеке парағы» ұсынылды. (Жж) Жаңа тақырыпты өту кезінде сіздер осы парақты толтырасыздар. (Жж) Тапсырма 1 Ассосциация Қан- бұл…(біраз ойланған соң,балалар өз ассоциацияларын дауыстап оқиды).
(Жж) Тапсырма 2 « Сөйлемді аяқтаңыз»: «Менің қан тобым ….(?)….. Менің анамда …..( ?), қан тобы. Әкемде …(?)…қан тобы».
(Ұ) Екі тапсырма бойынша талдау (нәтижесі бірден шығарылады, тақтаға жазып қоюға болады/ интерактивті тақта болмаған жағдайда) Барлығы- 25 адам, оның:
«Қан тобы» термині барлықтарыңызға мәлім. Балалар, қан топтары жайлы Сіздер не білесіздер және нені білгілеріңіз келеді? (Жж) Ендігі кезек 3 тапсырманы орындауға жетті, онда кесе толтырасыздар
Бүгінгі сабақта біз қойылған мәселелердің шешімін табамыз . (Ұ)Миға шабуыл «Қан тобын біз не үшін білуіміз керек?»: Оқушыларға анағұрлым көбірек дәйектемелер келтіру сұралады. (Оқушылардан күтілетін жауаптар: - егер адамның ойлау қабілеті қан және ұлпалар қасиеттерінің генетикалық құпиясына терең бойламаған жағдайда, мыңдаған адамдар қан құю реакциясының нәтижесінде қазаға ұшырар еді; - ауруханалар мен соғыста қан құю мүмкіндігі болмағандықтан қаза табар еді; - қан топтары жайлы білім көпшілікке мәлім медициналық-тергеу саласында маңызды : а) қылмыс орнындағы және заттардағы қан дақтарынан қан топтарын анықтау ә) әкелікті,аналықты анықтау б) жүктілік кезіндегі Rh – тың маңыздылығын анықтау (резус конфликт))
| Қосымша1 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| (Жж) Тапсырма4 Оқушылар тілшелермен адам қан тобының дұрыс құйылу нұсқасын сызба арқылы көрсетеді. Мұғалім тақтаға дұрыс жауабын шығарады. (Ж) Оқушылар жұптарымен алмасып, тексереді, бағалайды (Ж)Тапсырма 5 Оқушылар жұпта жауаптарын талдайды (Оқушының жеке жұмыс парағын қараңыз) Қан топтарының тұқым қуалауы. (М)Қан топтарының тұқым қуалауы Мендель заңы бойынша жүзеге асады. Адамда 4 қан тобы бар. Қан топтарының тұқым қуалауы көптік аллель сипаты ретінде жүреді Көптік аллелизм (генетикалық полиморфизм) – бір белгінің дамуына бірнеше аллельді гендердің жауап беру құбылысы. Қан топтарының тұқым қуалауы, А. В. О. деп белгіленетін үш аллельді гендердің әрекеттерімен анықталады.Үш ген 6 түрлі генотиптер бере алады (ОО,АО,АА,ВО,ВВ,АВ). Екіден үйлесіп, бұл гендер алты генотиптер береді : АА,ОО,АВ,АО,ВВ,ВО. Ген О – рецессивті. Гендер А және В ген О ға қарағанда домининантты, бірақ та бір-бірін баса алмайды . (Жж) Оқушылар Тапсырма 6 орындайды (Ж) Тапсырма 6 жұпта өзара тексеріледі (Ұ)Мұғалім презентация бойынша оқушылармен бірлесіп, теориялық материалды қорытындылайды, оқушылар дәптерге қорытындыны жазып алады. Осы қағидаларды есте сақтаудың, қан топтарына есептер шығаруда аса қажет екендігін мұғалім ескертеді. (Т)Оқушылар (3 немесе4) топқа бөлініп, қан топтарына есептер шығарады (Тапсырма7) Есептерді шығарудың бағалау критерийлері тақтаға алдын ала шығарылып қойылады. Әр топ басшысы бірлесіп шығарылған есептің шешімін мұғалімге және есепті жақсы шығаратын алғыр оқушыға тексертеді. (Уақыттың мөлшеріне қарай, 1-2 есеп шығаруға болады, алғыр оқушыларға күрделілігі жоғары бірнеше нұсқа есеп даярлап қойыңыз)
| Презентация Қосымша1. Презентация Қосымша1. Презентация Презентация Қосымша 2 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы | (Қ/Жж) Оқушылар қалыптастырушы бағалауды орындайды Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үй тапсырмасы: 1. Орыс тіліндегі бейне көрсетілімді зерделеу https://www.youtube.com/watch?v=UlWIxbku8rQ (4 мин 34 сек) , сұрақтар құрастыру 2.Творчестволық/ерікті тапсырма. Тақырыптық терминология бойынша сөзжұмбақ құрастыру | Қосымша3 | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Алғыр оқушыларға қан топтарына арналған күрделі деңгейдег есептер ұсынылады; олар өзге оқушылардың есептерін тексеріп, бағалай алады | (Т) қан топтарына есептер шығарады (Қ/Жж) Оқушылар қалыптастырушы бағалауды орындайды | Сыныптағы оқушылардың қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтауы | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||
Ұ = ұжымдық жұмыс Т = топтық жұмысЖ = жұппен жұмыс
Жж = жеке жұмысЭ = экспериментК/Д =көрсетілім/Демонстрация
М = мұғалімнің түсіндіруі Қ = қалыптастырушы бағалауды қолдау@= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңес
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру