Адамның зәр шығару жүйесі. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Зәр шығару жүйесіне екі бүйрек, екі несепағар, қуық және зәр шығару түтігі жатады.Бұл бөліпшығаруға қатысатын, соның ішінде несепнәр, зәр қышқылы сияқты зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп шығаратын, ағзадағы су мен тұздардың балансын сақтайтын мүше.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың сабақ барысындағы және кабинеттегі жеке бс қауіпсіздіктерін сақтай білулері қадағаланады.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар бөліп шығару мен зәр шығаруды ажырата білулері тиіс. Бөліп шығару ағзадан бөлінетін барлық заттарға қатысты болса, зәр шығару жүйесінің жұмысы зәрді түзіп, оны бөліпшығару болып табылады.
Бүйректің құрылысы мен нефронға терең тоқталып, оның әр бөлігінің қызметіне тоқталудың қажеті жоқ, себебі ол туралы 9-сыныпта қарастырады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың зәрдің құрамындағы зат алмасудың соңғы өнім дері ағзадағы гомеостазды бұзып, яғни ағзаның ішкі ортасыныңдағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетіндіктен және ағзаны уландыратындықтан зәр шығару жүйесінің қалыпты жұмысы маңызды дегенді түсінулері, зәр шығару жүйесін құрайтын мүшелер, бүйрек, қуық, несепағар, зәр шығару түтігінің жалпы құрылысы мен атқаратын қызметтерін түсіндіре алуына назар аударылады.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосымшада берілді
- Қосымша онлайн ақпараттар мен тапсырмаларға сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zar-shyharu/lesson/zar-shyharu-zhujesining-qurylysy
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1. 1-бүйрек, 2-несепағар, 3- қуық, 4- зәр шығару өзегі.
2. А-бүйрек тостағаншасы, В- қыртысты қабат, С-бүйрек астаушасы, D-бүйрек артериясы, Е-бүйрек венасы, F – капиллярлар.
3. 1-е, 2- с, 3-b, 4-g, 5- d, 6- а, 7- f.
4.
Компонент | Бүйрек артериясындағы қан | Бүйрек венасындағы қан |
Несепнәр | + | |
Оттегі | + | |
Көмірқышқыл газы | + | |
Су | + | + |
Аминқышқыл | + | |
Жылу | + | + |
Бағалау критерийлері |
| |||
|
| |||
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Бүйректің құрылысы https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zar-shyharu/lesson/zar-shyharu-zhujesining-qurylysy
Қуық
Несеп жолы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру