Лейкоциттер. Иммунитет түрлері (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Нейтрофилдер - сүйек кемігінде түзілгеннен соң 12 сағат ішінде тамыр сырты ұлпаларға барады. Фагацитоз арқылы бактерияны қоршайды, содан соң фермент (лизоцим) бөліп бактерияны жояды. Жойылудан соң зиянды өнімдерді бейтараптандырып, ірің түзеді. Инфекция кезінде саны 5-10 есе артады.

Эозинофилдер - сүйек кемігінен түзіліп, қан арқылы тамыр аралық ұлпаларға барады. Онда олар бірнеше апта тіршілік етеді. Бұлар микробтады ыдырататын ферменттерді бөледі. Бөгде нәруыздар, антиген-антидене жиынтықтарын бұзады, паразит құрттарды жояды, химиялық аллергия кезінде қабынуды бәсеңдетеді. Эозинофилдер аллергиялық реакцияларды бәсеңдетеді. Эозин бояуымен жақсы боялады.

Базофилдер- фагоцитозға қатысатын қозғалмалы жасушалар. Жараның жазылуына көмектеседі, ол үшін олар қан тамырларын кеңейтетін гистамин мен гепарин заттарын бөледі. Тромбоциттердің жұмысына көмектеседі. Базофилдер қанды ұйытпайтын гепарин затын түзеді. Қабынған жерлерде гепарин қанның ұюына кедергі жасайды. Базофилдер гистамин бөледі, ол жарақаттанған ұлпа маңындағы қан тамырларын кеңейтіп, жарақатқа қан арқылы көп лейкоциттің келуі арқылы тез жазылуға ықпал етеді.

Моноциттер - қандағы түйіршіксіз лейкоциттердің бір түрі. Моноцит ядросының пішіні бұршақ, таға тәрізді, кейде сегментті. Олар қанға түскен бетте макрофагқа айналады. Микроағзаларды фагоцитозбен жұтып, ыдыратады. Ферменттер бөлу арқылы жасушаны бөгде қалдықтардан тазартады.

Лимфоциттер - қанның ақ жасушаларының кішірек, дөңгелек түрі. Лимфа түйіндері мен сүйек кемігінде түзіледі. Ірі ядролы. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, жіңішке жиек тәрізді, жедел қозғалады. Олар ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтайды, «бөтен» заттарды ажыратады. Ағзадағы мутант жасушаларды жояды. Бөгде денелер мен бактерияларға қарсы антиденелер түзеді. Лимфоциттер микроағзалармен тез байланысып, Т-жасушаларының оларды жоюына жағдай туғызады. Лимфоциттердің екі түрі болады: В лимфоциттер: антидене деп аталатын арнайы нәруызды түзеді. Олар патогеннен бөлінетін антигенмен қосылып, патогенді жояды.  Т-лимфоциттер: бөтен жасушалар мен денелерді танып, жояды.

2- қосымша

 Сүтқоректілерде иммунитеттің екі жүйесі қалыптасқан: жасушалық және гуморалдық. Бұл Т- және В-жасушалар деп аталатын екі түрлі лимфоциттердің қызметіне байланысты. Екі жасуша да сүйектің милы (кемік) затындағы бағаналы жасушалардан түзіледі. Т-жасушалар әрі қарай даму үшін, тимусқа бағытталады, В-жасушалары сүйектің ми затында дамып, жетіледі.

 

 Жасушалық иммундық жауап:

 Т-лимфоциттер:

  •  микроағзалар, вирустармен инфекцияланған жасушалар;
  •  трансплантталған ұлпалар мен мүшелер;
  •  ісік жасушалары.

 Шабуылға иммундық жасушаның өзі қатысады, антиденелер бөлінбейді, сондықтан жасушалық иммунитет деп аталады. Микроб жасушаға түскен кезде Т-лимфоциттер улы зат цитокинді бөледі. Содан кейін Т-лимфоциттер белсенді түрге ауысады. Микробты қоршап алып жұтып, ыдыратып жояды.

 

 Гуморалдық иммундық жауап:

 В-жасушалар антиденелер түзеді. Оны қан плазмасы, ұлпа сұйықтығы мен лимфаға бөліп шығарады. Антиденелер сұйық ортаға бөлініп бөгде микроағзаларды жою сұйық ортада жүретіндіктен гуморалдық деп аталады. Микроб жасушаға түскен кезде В-лимфоциттер улы зат цитокинді бөледі. Содан кейін В-лимфоциттер белсенді түрге ауысады. Олар антидене түзуге қабілетті. Түзілген антиденелер микробтың антиген нәруызымен байланысып микроб-антидене кешені түзіледі. Осы кешенді макрофаг фагоцитоздап жояды. Белсендірілген В-жасушалардың бірі адам қанында өмір бойы сақталып қалады. Оларды жады жасушасы деп атайды. Олар осы аурудың микробы ағзаға екінші рет кіргенде дереу антидене түзуге қабілетті болғандықтан адам ол аурумен екінші рет ауырмайды.

3-қосымша

1- тапсырма. Жасушаларды анықтаңыз: эритроцит, лимфоцитмоноцит, эозинофилл, нейтрофилл. 

Жасушалардың атауы

А)__________________

В)__________________

С)__________________

D)__________________

E)__________________

2- тапсырма. жоғарыда аталған лейкоциттерден 3 түрінің қызметін сипаттаңыз.

.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Критерий:

  • Лейкоциттердің түрлерін ажыратады
  • Лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттайды

Дескрипторлар:

  • Лейкоцит түрлеріне атайды
  • лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттайды


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу