Даражарнақты, қосжарнақты өсімдіктер. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Зертханалық жұмыстың басында бөлме өсімдіктерінің тірі үлгілерімен жұмыс кезінде иіскеуге болмайтынын ескерту қажет.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Сабақтың басында оқушыларға даражарнақты және қосжарнақты екі кластың өкілдерін салыстыруға беру қажет. Тірі үлгілері болмаған жағдайда суреттерін ұсынуға болады. Оқушылармен алдымен оларды қандай белгілері бойынша салыстыруға болатынын сұрап, кейін сол критерийлер бойынша салыстыру дұрыс.

Міндетті түрде олардың жапырақ, сабақ, гүлін салыстырады. Ал қосымша олардың тұқымдары қандай деп сұрауға болады.

Зертханалық жұмысты қауіпсіздік техникасының ережелерін таныстырудан бастаған жөн. Оқушыларға ұлғайтқыш әйнек, бөлме өсімдіктері (орхидея и пеларгония), дара және қосжарнақтылардың кеппешөптері, тұқымдардың топтамасы (бұршақ, үрмебұршақ, бидай т.б.), суреттері, осы өсімдіктер сабақтарының көлденең кесінділерінің, гүлдерінің үлгілері ұсынылады. Оқушыларға зертханалық жұмыстың кейбір бөліктерін өздері жоспарлайтынын ескертіп, бағалау критерийлерін алдын ала таныстыру қажет.

Жұмыс барысында оқушыларға даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің сабақтарының көлденең кесіндісінің үлгісінде ксилема мен флоэманың орналасу ерекшеліктерін ажыратуда көмектесу қажет.

Құндылықтарды дарыту: Оқушыларға сабақ барысында өзра сыйластықта болу, ынтымақтастықта жұмыстап үйрену, академиялық шыншылдықты ұстану қажет, өз өлкесінде кездесетін өсімдік түрлерін білу патриотизмнің көрінісі деген сияқты құндылықтарға сілтемелер жасалады.

Пәнаралық байланысты орнату:

Оқушылармен тақырып қай пәнмен байланысады, қай пәннен алған білім қажет болып жатыр, немесе тақырып алдыңғы өткен қай тараумен немесе тақырыппен байланысады деп талқылау жүргізуге болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Бағалау оқушылардың ауызша жауаптарымен қоса, практикалық дағдылары арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың сурет салу, кестені атау, толтыру, талдау жасау, қауіпсіздікті сақтауы, қорытынды жасауына кері байланыс беру қажет. Жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерді түзетуге көмектесу маңызды.

Зертханалық жұмысты орындап болғанынан соң, бағалау критерийлері бойынша өзара/жұптық бағалау жүргізуді сұрау қажет. Содан кейін оқушыларға өз жұмыстарын жақсартуға уақыт беріп, соңғы кері байланысты ұсыну жөн.

  • Саралау тапсырмалары

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639қосжарнақтылар

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639даражарнақтылар

сайттарындағы жаттығулар мен тест тапсырмаларын орындау қсынылады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Зертханалық жұмысты бағалау критерийлері

  • Жұмыстың мақсатын дұрыс құра алады
  • Қажетті құрал-жабдықтар тізімін құрады
  • Кестені атайды
  • Ғылыми терминологияны дұрыс қолданады
  • Суретті талапқа сай сала алады
  • Өсімдіктерді класстарына сай дұрыс анықтай алады
  • Қорытынды жасай алады

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өсімдіктерден даражарнақты және қосжарнақтылар класына тән негізгі ерекшеліктерін тауып, оларды анықтай алады.

- Жапырақтың жүйкеленуін анықтай алады;

- Сабақтың ішкі құрылысындағы ерекшелікті анықтай алады;

- Тамыр жүйесін анықтай алады;

- Гүл бөлімінің санын атай алады;

- Тұқымдағы жарнақ санын анықтай алады;

- Өмір сүру формасын санын анықтай алады;

- Қосжарнақты және даражарнақты класс өкілін анықтай алады;

- Қосжарнақты және даражарнақты класс өкілін анықтай алудың маңызын біледі;

  • Сілтемелер мен ресурстар

3. Суреттер ғаламтордан алынған:

жапырақ https://www.google.kz/search?tbm=isch&sa=1&ei=khwRWpiTI4Lda4OhmpAE&btnG

Сабақтың ішкі құрылысы https://www.google.kz/search?tbm=isch&sa=1&ei=khwRWpiTI4Lda4OhmpAE&q=

Тұқымның құрылысы:

https://www.google.kz/search?tbm=isch&sa=1&ei=NCsRWoT3GpLQsAe8rbbYBA&q=

және т.б суреттер

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639қосжарнақтылар

https://bilimland.kz/kk/home#lesson=12639даражарнақтылар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу