Аса қорғалатын аймақтар. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1В: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні :

Мұғалімнің аты- жөні: Бейсенбаева А.С.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Аса қорғалатын аймақтар

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты қарастыру

Осы сабақ арқылы жететін оқыту мақсаттары:

7.3.2.3 Қазақстан жерінде аса қорғалатын аймақтардың флорасы мен фаунасын сипаттау

7.3.2.4 Жергілікті өңірдегі аса қорғалатын аймақтын жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру

 Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар Қазақстан жеріндегі аса қорғалатын аймақтарды біледі;

Оқушылардың көбі жергілікті өңірдің аса қорғалатын аймағына, және оның жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіреді;

Кейбір оқушылар аса қорғалатын аймақтардың қоршаған ортаға әсері туралы қорытынды жасай ала, биологиялық алуан түрлілікті сақтап қалу үшін ұсыныстар айтады;

Жетістік критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Қазақстан жерінде аса қорғалатын аймақтардың флорасы мен фаунасын сипаттайды
  • Қазақстандағы әртүрлі қорықтарды өзара салыстырады және бір қорыққа толықтай сипаттама береді

 Тілдік мақсаты :

Тақырыпқа қатысты лексика мен терминология:қорық, жергілікті аймақ, флора, фауна, биологиялық алуан түрлілік,

адамның іс-әрекеті, экожүйе, қоршаған орта, орман, қалдық, климаттық өзгерістер, қазба отын, жойылу, жою, сыртқы ортаны ластау, құрту , өзгерту, құру

Құндылықтарды дамыту

 

Оқушыларды экологияның таза болуына үлес қосуы қажет. Сондықтан тақырыптың мазмұны оқушыларға патриоттық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Жануарлар мен өсімдіктерді аялап қорғауға тәрбиелейді.

Аз уақыттың ішінде қажетті ақпаратты жинап үйренеді. Топта жұмыс жасай алады және топтық жұмыста белгілі бір тапсырмаға жауапты бола алады.

Пән аралық байланыстар

География: тірі ағзалардың таралуы;

Экология: ағзалардың өзара байланысы;

Физика; температура, қысым, ылғалдылық және тағы басқа туралы ұғым .

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны, презетацияны қолдану.

Интернете қажетті ақпаратты табу

Бастапқы білім

Экология, экожүйе, ерекше қорғалатын аймақтар (6-7сыныптар). Қорық сөзін біледі, Казахстандағы қорықтарды атай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ретінде Қазақстан жеріндегі аса қорғалатын аймақтар туралы видео көрсетіледі және видеоматериалдан кейін сұрақтар қойылады: Қорық дегеніміз не? Біздің Қазақстанда қанша қорық саны бар?

  •  Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

Видео

http://www.bilimland.kz/ru/content/

lesson/13884-zapovedniki

Презентация

Сабақтың ортасы

7-10

 

10-30

30- 40

 40-45

 

 

 

 45-50

50-60

 60-70

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

І. (G, F) Оқушыларды жұптарға бөлу

Оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру үшін әрбір оқушыға бір парақ қағазда ағылшын немесе орыс тілдеріндегі сөйлемдер беріледі. Тапсырма: әр оқушы парақтағы сөйлемнің аудармасын екінші оқушыдан табады, екі оқушы осы сөйлемнің мағынасын түсіндіреді.

(Өзара бағалау)

ІІ . Жұппен жұмыс жасау

Әр жұп Қазақстан жеріндегі қорғауға алынған аймақтардың өсімдіктері мен жануарларын зерттейді және бір қорық туралы постер/презентацию PowerPoint дайындайды.

Презентацияда төмендегіге сәйкес мәліметтер болуы тиіс.

-қорықтың орналасқан жері;

-қорықтағы эндемик түрлер;

-қорықта тіршілік ететін басқа екі ағза туралы мысал келтіру.

Бағалау парағы:

  • Өсімдіктер мен жануарларды сипатайды.
  • 5 түрге мысал келтіреді
  • Неге бұл аймақта белгілі-бір іс-әрекеттер (мысалы аң аулау, құрылыс жұмыстарын жүргізу) тиым салынғанын түсіндіреді.
  • Осы қорықтағы жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға бағытталған жұмыстарға өз бағасын береді.

Жұмыстарын қорғау. (Топтық бағалау)

(T) Мұғалім берілген ақпараттардың барлыған қорытындылайды, неге әрбәр аймақта биологиялық алуан түрлілікті сақтау керек екендігін талқылайды.

ІІІ Тапсырмаларды орындау

1) Әр оқушы электронды сілтеме арқылы сайтқа кіріп тапсырма орындайды: Қорықтың атын суретке сәкес келтіру (Өзін-өзі бағалау)

2) жануарлар мен өсімдіктердік суреттері таратылады, өз өлкесіндегі (қорғалжын қорығындағы) жануарлар мен өсімдіктердің қайсысы Қызыл кітапқа еңгізілген, қайсысы еңгізілмеген екендігін анықтайды. (өзара бағалау)

3) Әр оқушы Қызыл кітапқа енген өз өлкесіндегі бір жануарды және өсімдікті таңдап алады, сол туралы презентация құрайды.

Бағалау парағы:

  • Мекен ету аймағын көрсету;
  • Қызыл кітапқа енген себебін көрсету;
  • Олардың санын қалпына келтіру үшін кез-келген іске асатын ойды ұсыну;

Презентация PowerPoint

Жапсырма қағаздар, мәтін, бағдарлар формат А3 қағазы, ноутбук, суреттер –қорықтардың әр түпкірлері

Интернет ресурстары

 

 

Картинки животных и растений

Сабақтың соңы

70-75

75-80

Рефлексия

Бағалау ағашы (әрбір оқушы осы сабақтан алған әсерін және келесі сабаққа ұсыныстарын жазып ағашқа жапсырады)

Үй тапсырмасы: терминдерді үш тілде жаттау;

Тақырыпқа байланысты 5 сұрақтан құрастыру.

Жапсырма қағаздар

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық сақтау және қауіпсіздік ережелері

Барлық оқушылар - Қазақстан жеріндегі аса қорғалатын аймақтарды біледі;

Оқушылардың көбі -ҚР Қызыл кітабына енгізілген жергілікті өңірдің жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіреді;

Кейбір оқушылар - аса қорғалатын аймақтардың қоршаған ортаға әсері туралы қорытынды жасай ала, биологиялық алуан түрлілікті сақтап қалу үшін ұсыныстар айтады;

(G) Тілдік дағдысын қалыптастыру (өзара бағалау);

(G) Қорықтар туралы презентация құру (топтық бағалау)

(G) Қандай жануарлар мен өсімдіктер Қызыл кітапқа енгізілген (өзара бағалау)

(І) Әр оқушы электронды сілтеме арқылы сайтқа кіріп тапсырма орындайды (өзін-өзі бағалау)

Ноутбуктармен жұмыс кезінде техкикалық қауіпсіздікті сақтау.

Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуын алдын алу шаралары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу