Көрсеткіштік теңдеулер және теңсіздіктер. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Мектеп: Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Бекітілді:

Математика ӘБ жетекшісі :

Сабақ № Көрсеткіштік теңдеулер және теңсіздіктер

Мұғалім:

Күні:

Сынып:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.2.2.5 квадраттық теңдеуге келтірілетін немесе көбейткіштерге жіктеу арқылы шешілетін көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешеді;

КДМ

Логикалық тапсырмалар арқылы 11 – сынып оқушыларының білім сапасын арттыру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- көрсеткіштік, логарифмдік, рационал, иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің негізгі түрлерін және олардың жүйелерін шеше алады.

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

Дағдылар: Білу және түсіну

  • иррационалды теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді сипаттау үшін математикалық терминдерді пайдаланады және түсінеді

Білімін қолдану:

- көрсеткіштік, логарифмдік, рационал, иррационал теңдеулер мен теңсіздіктердің негізгі түрлерін және олардың жүйелерін шеше алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Бөлім бойынша лексика мен терминология

- теңдеу, теңсіздік, рационалды, шешу, шешімі, бөгде шешім. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Көрсеткішті/логарифмді теңдеуді шештім
  • Көрсеткішті/логарифмді теңсіздікті шештім

Құндылықтарды дамыту

Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, өз білгенін басқалармен бөлісу

Пәнаралық байланыс

Информатика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, интернет ресурстары ( есептер), таратпа материалдар

Бастапқы білім

Көрсеткіштік теңдеу, рационал теңдеу, теңсіздік, көбейткішке жіктеу, жаңа айнымалы.

 Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

7 минут

Ұйымдастыру сәті

Миға шабуыл

3 минут

Жауап:

https://logiclike.com/math-logic/matematicheskie-rebusy

Жаңа тақырып

15 минут

Оқушылармен қарапайым көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді қайталаймыз.

Оқушыларға төмендегі өрнектердің мәндерін салыстыруды ұсынамын:

Оқушыларға х айнымалысының мәнін тауып және көрсеткіштік функцияның монотондылығы негізінде түсіндірулерін ұсынамын:

Қорытынды жасаймыз, көрсеткіштік теңдеулерді және теңсіздіктерді шешу әдісінің бірі бірдей негізге келтіру әдісі екенін айтып өтемін. Оқушыларға дәптерлеріне қысқаша жазып алуларын ұсынамын.

Бірдей негізге келтіру.

, ,

Әрі қарай сыныпты топтарға біріктіремін, топтарда тапсырмалары бар карточкаларды орындауын ұсынамын.

Топтардың жұмыстарын тексеремін.

Енді логарифм көмегімен b саны а негізіне келтірілетін қарапайым теңдеулер мен теңсіздіктерді қайталаймын.

Оқушыларға келесі тапсырманы ұсынамын. Берілген сандарды 2 негізіне келтіріңіз:

8 =

3 =

Логарифм саны кез келген санды түріндегі дәрежеге келтіретініне наза аурдартамыз.

Логарифмдеу әдісі.

, мұндағы және а негізіне келтірілмейді

Тапсырма 1.

Логарифм көмегімен мәнін табыңыздар. Жауабын үш мәнді сан дәлдікпен жазыңыз.

Жауабы. 0,693

Тапсырма 2.

Х және у айнымалылары теңдеуін қанағаттандырады.

  • Логарифмдеуді қолданып у-тің х-қа тәуелділігі мына түрде болатындығын, яғни осы тәуелділіктің графигі түзу сызық болатындығын көрсет.
  • Осы түзудің градиентін үтірден кейін үш мәнді сан дәлдікпен табыңыз.
  • Осы түзудің Оу осімен қиылысу нүктесін табыңыз.

Теңдеулер мен теңсіздіктерді логарифмдеу арқылы шешу барысында, екі жағын да кез келген бірдей негізде логарифмдеуге болады. Бірақ көп жағдайларда 10 және е негізінде логарифмдейді, себебі осы логрифмдердің мәнін инженерлік калкуляторда есептеу оңай.

Оқушылар назарын негізі 0 мен 1 аралығындағы сандар арқылы логарифмделсе, теңсіздік белгісі қарама-қарсыға ауысады.

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Егер х айнымалысының алдындағы коэффициент әртүрлі болса, жаңа айнымалы енгізу әдісі қолданылуы мүмкін.

Теңдеуді шешіңдер жауабын үш мәнді санмен жазыңыз.

;

  • Теңсіздікті шешіңдер
  • Теңсіздікті шешіңдер.

Оқушылармен жаңа айнымалы енгізіліп шығарылатын біртекті теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді қарастырыңыз. , -ке немес bx-ке бөлемі.

http://www.geometry2006.narod.ru/Lecture/ParProekt/ParProekt.htm

Жұптық жұмыс

10 минут

http://www.geometry2006.narod.ru/Lecture/ParProekt/ParProekt.htm

Кері байланыс

5 минут

Тапсырма барысында жіберілген қателерін дұрыс бағытқа нұсқау (Қате болған есептер талданады)

2 – сабақ. Мақсатты қайталап естеріне түсіремін

Жеке жұмыс

25 минут

http://www.geometry2006.narod.ru/Lecture/ParProekt/ParProekt.htm

Кері байланыс

5 минут

Тапсырма барысында жіберілген қателерін дұрыс бағытқа нұсқау (Қате болған есептер талданады)

Сабақты бекіту

3 минут

Көрсеткіш теңдеу дегеніміз не?

Логарифмдік теңдеу дегеніміз не?

Оқушыларға өтілген материал бойынша ауызша сұрақ қоямын.

ауызша

Рефлексия

3 минут

Ауызша сұрайм.

Соңы

4 минут

Бағалау Оқушылардың сабаққа белсенді қатысу біліміне қарай бағаланады.

Бағалау шкаласы:

Үйге тапсырма: №11-12

http://www.geometry2006.narod.ru/Lecture/ParProekt/ParProekt.htm

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу