Көрсеткіштік функцияның туындысы және интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Математика Тоқсан ІІ тоқсан Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10-11 сынып алгебра және анализ бастамалары бойынша қайталау | Атырау қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Көрсеткіштік функцияның туындысы және интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.1.20 - көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралын табады; 11.4.1.21 - логарифмдік функцияның туындысын табады; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы көрсеткіштік функцияның туындысын табады; көрсеткіштік функцияның интегралын табады; логарифмдік функцияның туындысын табады; көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралдау ережелерін есептер шығаруда қолданады; логарифмдік функцияның туындысын табу ережелерін есептер шығаруда қолданады. | |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы көрсеткіштік функцияның туындысын таба алады; көрсеткіштік функцияның интегралын таба алады; логарифмдік функцияның туындысын таба алады; көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралдау ережелерін есептер шығаруда қолдана алады; логарифмдік функцияның туындысын табу ережелерін есептер шығаруда қолдана алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаттары: Оқушылар: - туындыларды табу бойынша қадамдарды сипаттау үшін дұрыс математикалық терминдерді қолданады
Бөлім бойынша лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - Егер мен осы функцияны дифференциалдасам, ..... болады. - Егер мен оны қайтадан дифференциалдасам, ..... болады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қисап – бұл жоғары математиканың және физика, машина жасау және экономика сияқты басқада ғылыми салалардың маңызды құралы | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point презентациялары арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамыту. | |||||||
Бастапқы білім | Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар қасиеттері, графигі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ||||||||
Сабақтың басы 2 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. | Ресурстар | ||||||
3 минут | ІІ. «Ой қозғау» - Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды қайталау. С-1: Екі функцияның қосындысының , айырмасының туындысы С-2: Екі функцияның көбейтіндісін туындысы С-3: Екі функцияның бөліндісін туындысы С-4: Тұрақты санның туындысы С-5: Дәрежелік функцияның туындысы С-6: n-ші дәрежелі функцияның туындысы С-7: Косинус және синус функцияларының туындысы С-8: Тангенс және котангенс функцияларының туындысы С-9: Күрделі функцияның туындысы. | |||||||
3 минут | «Ой түрткі» 1. a > 0, a ≠ 1 болса негізі а –ға тең y = ax көрсеткіштік функциянысының туындысы: Мұнда ln a - натурал логарифм a, е2,718281828... 2. y = loga x логарифмдік функцияның туындысы: Ал натурал логарифм y = ln x үшін: 3. y = ax көрсеткіштік функциянысының интегралы: . 4. y = функциясының интегралы: . | |||||||
15 минут | Жұптық жұмыс Туындысын табыңыз: №1. . №2. №3. №4. №5. Интегралын есептеіңз: . №6. . №7. . Бағалау: Қатар отырған жұптар бір-бірін дайын жауап бойынша тексеріп бағалайды. | Қосымша 1 | ||||||
15 минут | Жеке жұмыс Дифференциалданған тапсырмалар беру: А1.Функцияның туындысын тап: : А2. Функцияның туындысын тап:
А3. Берілген функцияның х0 нүктесіндегі жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз: , . В1. Функцияның туындысын тап: . В2.Мына сызықтармен шектелген фигураның ауданын тап: , . C1. Функцияны экстремумдарға зертте: . Бағалау: Жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды. | Қосымша 2 | ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Үйге тапсырма: №1. Функция туындысын есепте: №2. Функция туындысын есепте: №3. функциясы үшін алғашқы функцияның жалпы түрін жаз: Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (2 минут) «Сөйлемді жалғастыр»
| А.П. Ершова «Алгебра и начала анализа» 10-11 кл | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру