Анықталмаған интеграл қасиеттері. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А бөлім: Алғашқы функция және интеграл

Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанов А.Д.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Кәсіби даму мақсаты:

Мәселелік –диалогтік оқыту арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру

Сабақ тақырыбы

Анықталмаған интеграл қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.1.3 - негізгі анықталмаған интегралдарды білу және оларды есептер шығаруда қолдану:

1.

2.

3.

4. ;

5. ;

6.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар анықталмаған интегралдың қасиетін қолданып есептейді.

Бағалау критерийлері

  • интеграл астындағы функцияның алғашқы функциясын дұрыс табады;
  • анықталмаған интегралдардың қасиеттерін дұрыс қолданады;
  • анықталған интегралды дұрыс есептейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар анықталмаған интегралдарды табу қадамдарын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

алғашқы функция;

анықталмаған интеграл;

тікелей интегралдау;

интеграл астындағы өрнек;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

анықталмаған интегралды табу үшін ...;

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығы бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығы жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығы өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс(презентация)

Бастапқы білім

Туынды, алғашқы функция.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Амандасу

Психологиялық ахуал тудыру. Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін бір-біріне тілек білдіреді.

Сыныпты 3 топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру

Кері байланыс

1. Үй тапсырмасын шешуде қандай қиындықтар болды?

2. Қандай тапсырмалар ең қиын болды?

Өткен білімді актуализациялау

3 мин

Сын тұрғысынан ойлау техникасы «Сәйкестендіру»

Тапсырма. Интегралдау туындыға кері амал ретінде негізгі анықталмаған интегралдарды жауаптарымен қосыңыз.

Сабақтың тақырыбына шығу

Сабақтың мақсатын анықтау

Қосымша 1

Тақырыпты ашу

5 мин

Интеграл астындағы функцияны теңбе-тең түрлендірулер арқылы және интегралдау қасиеттерін қолдану арқылы бір немесе бірнеше кестелік интегралға әкелетін интегралдау әдісі тікелей интегралдау деп аталады.

Алгоритмі:

  • интеграл астындағы функцияны теңбе-тең түрлендіру;
  • анықталмаған интеграл қасиеттерін қолдану: тұрақты көбейткішті интеграл таңбасы алдына шығаруға болады, қосындының интегралы интегралдардың қосындысына тең;
  • интегралдар кестесін қолдану.

Тікелей интегралдауды қолдану үшін интеграл астындағы функцияы қосылғыштарға жіктеп, тұрақтыны интеграл белгісінің алдына шығару жеткілікті. Интегралдау тәжірибесінде бұл амалдарды ауызша орындап, интегралдау нәтижесін ғана жазады.

1.

2.

3.

4. ;

5. ;

6.

Жұппен жұмыс

10 мин

Интегралды табыңыз:

1)

2)

3)

4)

5)

6) ;

7) ;

8)

9) .

Жауабы:

1)

2)

3)

4)

5)

6)

7)

8)

9)

Тақтадағы жауаптары бойынша бірін-бірі тексереді.

Қосымша 2

Топпен жұмыс

7мин

Тапсырма. Тарсия

Интегралды есептеп, жауаппен сәйкестендіріп, пазлдарды құрастырыңыз.

Топтар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша тексереді.

Бағалау критерийлері:

  • интеграл астындағы функцияның алғашқы функциясын дұрыс табады;
  • анықталмаған интегралдардың қасиеттерін дұрыс қолданады;
  • анықталмаған интегралды дұрыс есептейді;
  • жауаптарымен дұрыс сәйкестендіреді.

Қосымша 3

Жеке жұмыс.

10 мин

Жасырын дифференциация техникасы арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Әр оқушы тапсырманы таңдап, оны орындайды. 3х3 өлшемді шаршының әрбір ұяшығына тапсырма жазылады. Тапсырманы таңдау шарты: әр оқушы үш есеп таңдайды, есептер диагональ, не вертикаль, не горизонталь бойымен орналасқан болу керек. Ал шаршының ортасындағы тапсырма міндетті түрде орындайтын тапсырма болып табылады. Сонда оқушыларға жасырын түрде төменгі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылған:

Екі диагональ – жоғары деңгей тапсырмалары ;

Вертикаль – орта деңгей тапсырмалары;

Горизонталь – төмен деңгей тапсырмалары.

Дайын жауаптар бойынша бірін-бірі тексереді.

Қосымша 4

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар сөйлемдерді аяқтап, өз ойын білдіреді:

“бүгінгі сабақтан білгендерім...”;

“бүгінгі сабақтан үйренгенім...”

“бүгінгі сабақта танысқаным...”

“бүгінгі сабақта келесі анықтамалар мен тақырыптарды түсіндім...

Үй жұмысы. Интегралды есептеңіз:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Жұппен жұмыста оқушылар жұбын тексеріп, берілген бағалау критерийлері бойынша өзара бағалайды.

Жеке жұмысты орындағаннан кейін оқушылар дайын жауаптар бойынша өздерін тексеріп, берілген дескрипторлар бойынша өзін-өзі бағалайды.

Бөлмедегі жарықтың көзге әсерін қадағалау, интерактивті тақтаны белгілі уақытпен пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу